altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
#REPOST @gazeta_mailin - Шілде айының алғашқы жексенбісінде елімізде Ұлттық Домбыра күні аталып өтеді
25.06.2026
238
0
Бұл мереке 2018 жылы Президент бастамасымен бекітілген және оның мақсаты - ұлттық мәдениетті, домбыра өнерін насихаттау, жастарды дәстүрге жақындату.

Бұл мереке – халқымыздың рухани мұрасын дәріптеп, ұлттық өнерге деген құрметті арттыратын ерекше күн. Домбыра – қазақтың ғасырлар бойы бірге жасап келе жатқан қастерлі аспабы, ұлттың тарихы мен мәдениетінің айнасы.
 
Новоильин ауылының тұрғындары Қабылхан Айбек пен жұбайы Қарлығаш ұлттық өнерді ұлықтап жүрген өнерлі жандардың қатарында. Екеуі де жоғары білімді ұстаздар. Мектеп қабырғасында шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, өнер арқылы жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп келеді.
 
Домбыра олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Бала кезден ұлттық музыкаға қызығушылық танытқан ерлі-зайыптылар бүгінде домбырамен ән айтып, күйлер орындап, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап жүр. Олар ауылдық мәдени іс-шаралардың белсенді қатысушылары ғана емес, аудан көлемінде ұйымдастырылатын концерттер мен мерекелік бағдарламаларда да өз өнерлерін көрсетіп келеді.
 
Қай концерт болмасын, Қабылхан Айбек пен Қарлығаштың өнеріне көрермендер ерекше ықылас танытады. Себебі олардың орындауындағы әр шығармада ұлттық рух, туған жерге деген сүйіспеншілік пен қазақ өнеріне деген құрмет сезіліп тұрады. Домбыраның қоңыр үні арқылы олар халқымыздың бай мұрасын насихаттап, ұлттық өнердің өркендеуіне үлес қосуда.
 
Ұстаздық қызмет пен өнерді қатар алып жүрген бұл отбасы жастарға үлгі боларлық жанұялардың бірі. Олар оқушыларды өнерге баулып, домбыраның қадір-қасиетін түсіндіруге ерекше көңіл бөледі. Өйткені ұлттық өнерді құрметтеген ұрпақ өз халқының тарихын, мәдениетін де құрметтейді.
Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес, ол – ұлттың үні, халықтың жүрек лүпілі. Осындай қасиетті өнерді дәріптеп жүрген Қабылхан Айбек пен Қарлығаш сияқты өнерлі жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Ұлттық Домбыра күні қарсаңында өнерлі отбасыға шығармашылық табыс, отбасылық бақыт және жаңа жетістіктер тілейміз. Домбыраның күмбірлеген үні әрдайым халқымыздың рухын асқақтатып, ұлттық өнеріміздің мәртебесін биіктете берсін! 
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру