altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: ӘН ӘЛЕМІНІҢ САҢЛАҒЫ
10.01.2023
1918
0


Белгілі сазгер-композитор, әнші, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, Қостанай қаласының құрметті азаматы Қалибек Деріпсалдин мерейлі 70 жасқа толды. Мақтан тұтар жерлесіміз мерейтойы қарсаңында құрметке бөленіп, алғысқа кенелді.



Қалибек ағамыз – Тобыл-Торғай өңірінің сазгерлік өнерін өрге сүйреген өнерпаз, тұтас елге танымал тұлға, ерек дарынымен бедел биігіне көтерілген жан. Әйгілі Әсет Бейсеуовтерге шәкірт болып, Бақытжан Байқадамов, Әбілахат Еспаев сынды майталмандардың ізін жалғап, тұма өнердің тұнығынан сусындады. Алды жыр анасы Мәриям Хакімжановадан бастап, Ғафу, Тұманбай, Серік Тұрғынбекұлы, Серікбай Оспан сынды азулы ақындардың сөзіне ән жазды. Оның ән қоржынында 160-тан астам туынды бар. Болмысы бөлек, әуезі ерек шығармалары биік сахналардан шырқалып, бірнеше буын ұрпақты әлдилеп келеді. «Айлы түнде», «Ерке құсым», «Жан еркем», «Қостанай, достар-ай», «Көктем қыздар», «Сен мені түсінесің бе?», «Арман айым» секілді әндері өнерсүйер қауымға кеңінен танымал. Өзі талай республикалық байқауларда лауреат атанған. Сазгердің әндерін орындаушылар арасында «Көктем қыздар» атты республикалық байқау да жыл сайын өткізіліп келеді… Тізе берсек, композитордың мерейлі жетістіктері жетіп-артылады. Сұңғыла сазгерді ән әлемінің саңлағы деген жалғыз ауыз сөзбен әспеттесе болатындай.



Жетпістің жотасына шыққан ардақты ағамызға құттықтаулар легі елдің әр түкпірінен толассыз келіп түстіп жатыр. Қайраткерді меншікті мерекесімен Қостанай облысы мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ещанов пен облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов та құттықтай барды. Мерей иесіне облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Алғыс хатын табыстап, кеудесіне Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған медальді тағып, гүл шоқтарын ұсынып, иығына шапан жапты. Жүрекжарды жылы лебіздерін арнап, «Сосновый бор» демалыс орнына жолдама табыс етті. Сондай-ақ облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Кенжеш Аманова да сазгердің шаңырағына арнайы барып, қуанышымен бөлісіп, тілектестік білдірді. Қалалық «Мирас» ансамблі де Қалибек ағамызды ән-күймен құттықтап, көңілін жадыртып жіберді.


Айта кетейік, қазір мерейтой иесінің құрметіне облыстың аудан-қалаларындағы мәдениет үйлерінің ұжымдары арасында композитордың әндерін орындаудан челлендж жүріп жатыр. «Көктем-қыздар» республикалық ән байқауына қызу дайындық басталып кетті. Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл іс-шара биыл да жоғары деңгейде өтіп, әнсүйер қауымға ерекше әсер сыйлап, сазгер шабытына серпін бере түсер деген сенімдеміз.



 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
Ақпарат мына сайттан алынды: http://kostanaytany.kz
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
21.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Еңбек күні құтты болсын!
20.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық күн аясында “Мирас” этнографиялық қазақ халық аспаптар ансамблінің 35 жылдығына арналған концерттер өтуде
19.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
19 қыркүйек күні сағат 10:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында республикалық сенбілік өтті
18.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 25 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
17.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV қалалық командалық ашық байқау-фестивалінің ережесі
17.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: «Мирас» ансамблі — 35 жылдық шығармашылық жол
16.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
16 қыркүйек күні «Мирас» этнографиялық қазақ халық аспаптар ансамблі шығармашылық ұжымның 35 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан аймақтық телерадио хабарларын тарату компаниясының аймақтық филиалы QOSTANAI телеарнасына шақырылды
15.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
12.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйекте «Мирас» ҚМС концерттік залында «Отбасы – махаббат пен бірліктің ошағы» концерттік бағдарламасы өтті
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
10 қыркүйекте KPI бағдарламасы аясында көшпелі концерт өтті!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрмет пен алғыс — жоғары кәсіби шеберлікке берілген баға!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qajd_kostanay - 📌Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде сотталғандардың мәдени-демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Алексей Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылды
09.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақтың халық аспаптары этнографиялық «Мирас» ансамблі өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтуде! Сіздерді ансамбльдің 35 жылдығына арналған мерекелік концертке шақырамыз. Кеш барысында ұлттық өнердің әсем әуендері мен қазақтың халық аспаптарының сырлы сазына куә боласыздар.
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Комплаенс-офицер
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту"" ММ "Мәдени - демалыс орталығы" КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереже
08.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйек күні Қостанай Сити-орталығында Отбасы күніне арналған мерекелік концерт өтеді! Кеш барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, әсем әуендер мен жүрекке жылу сыйлайтын шығармашылық бағдарлама ұсынылады. Келіңіздер, Отбасы күнін бірге атап өтіп, махаббат пен бірлікке толы мерекелік көңіл күйді бірге бөлісейік! 
07.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
05.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Тіл – халық бірлігінің негізі» концерттік бағдарламасы өтті
03.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашақ кепілі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қыркүйек күні «Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Еңбек күні құтты болсын!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
21.09.2026
QOSTANAI TV: «Мирас» ансамблі — 35 жылдық шығармашылық жол
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
17.09.2026
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.09.2026
Комплаенс-офицер
Автор: Мәдениет үйі мәдениет үйі
08.09.2026
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
07.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру