altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
INFORM.KZ: Мәулен Әшімбаев: Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы ешқашан ұмытылмайды
02.10.2022
1422
0
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Ұлтына ғұмырын арнаған Ұлы тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Сенат спикері ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
 
«Ахмет Байтұрсынұлы – тарихымызда айрықша орны бар бірегей тұлға. Алаш жұртының асыл перзенті халқымыздың тағдыры сынға түскен күрделі кезеңде ерекше қайраткерлік танытты. Шын мәнінде, Ахаңның өмір жолы – ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісі. Арыстарымыздың есімін ардақтап, ұлағатты ісін жалғастыру – халқымыздың қастерлі парызы «, – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
 

 
Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев ұлт ұстазы, аса көрнекті ғалым, ағартушы, тарихи тұлға Ахмет Байтұрсынұлының саяси және рухани мұрасына кеңінен тоқталып өтті.
 
Сондай-ақ Сенат төрағасы мерейтойдың қазақ үшін қастерлі Торғай жерінде аталып өтуінің айрықша маңызына назар аударды.
 
Ол Мемлекет басшысы ел дамуының жаңа тарихи кезеңінде өңірлерді өркендету мәселесіне баса мән беріп отырғанын, осы бағытта тиісті органдарға нақты тапсырмалар бергенін және алдағы міндеттерді нәтижелі орындау үшін Парламент жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
 
«Мемлекет басшысы жаңа және Әділетті Қазақстан құру бағдарын айқындап берді. Қазіргі таңда осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Елімізде кешенді саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер іске асырылуда. Ең басты міндет – тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын жақсарту. Ол үшін тұтас елімізді, сондай-ақ әр өңірді өркендетудің маңызы зор. Президентіміздің жаңа бастамалары қазақ үшін қастерлі мекен саналатын Торғайдың дамуына тың серпін береді деп сенеміз», – деген Сенат төрағасы Әділетті Қазақстан құру және өскелең ұрпақты отаншылдық рухпен тәрбиелеу жолында Торғай топырағынан түлеген тұлғалардың рухани мұрасын дәріптеудің маңызды екенін тілге тиек етті.
 
Конференцияда белгілі зиялы қауым өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері де сөз сөйледі.
 
Олардың қатарында жазушы, ғалым Қойшығара Салғара, алаштанушы Әнес Ғарифолла, ахметтанушы Серікбай Оспанов және тағы басқа сарапшылар бар.
 
Іс-шара барысында Ахмет Байтұрсынұлы медалімен, «Тіл жанашыры» сыйлығымен және «Жангелді ауданының құрметті азаматы» атағымен марапаттау рәсімі өтті.
 
Мерейтой аясында Қостанай облысының Торғай ауылында Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына арналған ескерткіш ашылды.
 
Ашылу салтанатында Сенат спикері киелі Торғай өңірінен ұлт тарихындағы көптеген ұлы тұлғалар шыққанын, олардың қатарында Абылай ханның серігі болған шақшақ Жәнібектің, елінің ертеңі үшін атқа қонған Амангелді мен Кейкі батырлардың, халқын бірлікке, білімге, отаншылдыққа шақырған Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлының есімі ерекше аталатынын айтты.
 
Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев қазақ үшін бұл өлкенің қасиеті бөлек екеніне және бұл әрдайым халқымыз жадына сақталатынына назар аударды.
 
Сонымен қатар Сенат төрағасы жыл басынан бері А.Байтұрсынұлының өмірі мен өсиетін дәріптеу мақсатымен елімізде атқарылған жұмыстарға тоқталды.
 
« Мерейтой аясында Ұлт ұстазын ұлықтау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғанын көріп отырмыз. Бірқатар елдімекендерге, көшелерге және нысандарға Ахаңның есімі берілді. Қайраткердің 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Ахмет Байтұрсынұлы туған жерде кесенесі тұрғызылды. Сол жерде музей-үй бой көтерді. Ұлтымыздың рухани көсемінің еңбегін насихаттау және оны тану жұмыстары алдағы уақытта да қарқынды жалғаса береді» , – деді Мәулен Әшімбаев.
 
Осы күні Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музей-үйі көпшілікке таныстырылды.
 
Бұдан басқа Сенат төрағасы облыста болған өрттің салдарын жоюға қатысқан еріктілермен арнайы кездесті.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
28.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Петрушка» балалар театры @petrushka_kst жетекшісі Хабибулина Н.Д.«Жанұя» @zhanyia.kst балалар үйіне барды
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Мұқаш – ел аманаты» атты тарихи қойылымының премьерасы өтті.
26.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Ізденіспен өткен 30 жыл: «Ақдариға» халық хорының жетекшісі Арыстанбай Өмірзақовпен сыр-сұхбат
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
28.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру