25 мамыр - соңғы қоңырау! Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң - солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық. Құрметті ұстаздар! «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Құрметті жас түлек! Үлкен өмірге қанат қағып барасыздар. Қанаттарыңыз талмасын, биіктерге шырқаңыздар! Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітірулеріңізге тілектеспіз. Таңдаған мамандықтарыңыздың мықты маманы, кәсіпқойы болыңыздар! Мектеп өмірі артта қалды, алдарыңызда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте берулеріңізді тілейміз!
Aqparaty dostaryńyzben silteme arqyly bólisińiz:
Aqparaty dostaryńyzben silteme arqyly bólisińiz: