01.05.2025
Денисов дом культуры
2025 жылғы 1 мамырда Денисовка ауылында Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу күні іс-шаралар өтті. Мереке бағдарламасында келесі іс – шаралар өткізілді: Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай аудандық «Забег единства – 2025», Қазақстан жерінде достық пен келісімде өмір сүретін халықтың салт-дәстүрлерін, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарын көрсеткен Денисовка ауылының ұйымдары мен кәсіпорындары ұсынған этноқалашық конкурсы - 13 этнас ұсынылды, түрлі тілдегі «Бірлігіміз жарасқан» ән фестивалі, оған Жалтыркөл, Алшан, Аршалы, Комаровка, Архангельское ауылдарының вокалистері әр түрлі тілде ән шырқады. Фестивальмен байқаудың қатысушылары грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.