Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Мәдениет бен өнер қызметкерлері – бұл көрерменге көтеріңкі көңіл-күй, мереке, шаттық сыйлауға бүкіл өмірлерін арнайтын жандар. Осы жолда аянбай жан-тәнімен еңбек етіп, өзгенің өмірін мерекеге айналдыру – бұл мамандық иелерінің басты мақсаты. Осы орайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ тапсырысымен «Мукарама Ана» мемлекеттің емес ұйымының ұйымдастыруымен ауданымызда тұңғыш рет үздік мәдениет қызметкеріне «Жітіқара ауданының мәдениет мақтанышы» атағы табысталып, « Ең үздік мәдениет қызметкері» кітабына енді. Кеш барысында аудан әкімі Нұржан Қайыржанұлы Өтегенлв мәдениет және өнер қызметкерлерін мерекемен құттықтап, «Жітіқара ауданының мәдениет мақтанышы» атағын ұзақ жылдар бойы Жітіқара ауданы өнерінің дамуына аянбай еңбне етіп келе жатқан хореограф, "Танцевальная графика" халықтық эстадалық би ұжымының жетекшісі Яна Тарнаруцкая Виталевнаға табысталды.
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз: