altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ДК нұсқасы
Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы
02.12.2020
822
0
Айтыс туралы
Абай Құнабайұлының 175 жылдығын тойлау   аясында және   «Қостанай минералдары» АҚ 55 жылдық мерей тойы  құрметіне  «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» тақырыбында онлайн форматта ақындардың дәстүрлі аймақтық  айтысы ұйымдастырылып, 27 қарашада әлеуметтік желілерге жүктеліп, көпшілік назарына ұсынылды. Рухани қазынамыз болып табылатын төл өнеріміздің жауһары –айтыс арқылы халқымыздыңадами және әдеби мұрасында өзіндік үлесі мен өшпес ізі бар заңғар тұлға мен бүгінгі өскелең ұрпақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастырып, ұлт жадының тұғырнамасын жасауға үлес қосу үшін облысымыздың он ақыны өнер додасында бақ сынады.Халықтың көкейіндегі сөзді айта білген қазақтың айтыскер  ақындарының жақсы дәстүрін жалғастырып,  салиқалы сөз айтып жүрген  облысымызға белгілі  жұлдыздарымыздың бір шоғырымен  бірге  олардың ізбасарлары- қазіргі заманның жас ақындары – да  көрермен ілтипатына ие болды.
Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Ол ақыннан өзгеге ұқсамас ерекшелікті, өмірге деген өзіндік көзқарасты, саналы ой мен сезімталдықты, жан-жақты білімділікті, суырып салмалықты, тапқырлықты талап етеді. Ал айтыстың негізгі өзегі де, түйіні де өмір шындығы болуы міндетті. Онлайн форматтағы айтыс дайындық жасауға мүмкіндік беретінін ескерсек,  біздің ақындарымыз республикалық деңгейде суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иелері  болып танылып үлгермесе де, аталы сөзді орнымен қолданып, жүйелі оймен құлаққа жағымды әдемі орамдармен шындықты жырлап бақты. Десек те, ақындардың жырларында керемет бір көркем теңеулер қолдану, ел аңсап күтеткен сұлу да мәртебелі поэзия жолдары аздау болғаны рас. Жеңіл-желпі қалжыңға бой алдырып ұйқас қуып кету, өлең құраудағы  буын санының жыр форматынан асып кетуі, дөрекілеу айтылған әзілдер, ұлт менталиетіне жат ізеттіліктен тысқары айтылып кеткен жыр жолдарының болғаны ақындарымыздың әлі де үйренетіні, оқып білетіні көп екенін, қасиетті өнер жолындағы ізденістерін күшейту керектігін көрсетті.
«Қостанай минералдары» АҚ айтысқа демеушілік көрсетіп, қазылар алқасына АҚ басқарма істерінің бастығы Ақтаев Мырзабек Сұлтанғалиұлын өзінің өкілі  етіп қосып, халық өнеріне барынша ілтипат танытты. Екі күнге созылған жыр бәйгесінің облыс пен аудан мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасының шешімімен  алты ақын екінші кезеңге өтті. Абай шығармаларынан алынған «Әсемпаз болма әр неге», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Қалың елім қазағым, қайран жұртым»  тақырыптары бойынша ақындардың  үш жұбы  бар өнерлерін салып көркем ой, айшықты ұйқастармен өрнектеп жақсы айтыс жасап, көрермендерін бір сілкінтіп тастады. Барлығының өнерлері бағаланып, атаулыы жүлделерге ие болды Мендіғара ауданының жас тұлпарыДінмұхамед«Естай Есжанов атындағы», Жітіқараның ақыны Өтепбаев Тоба «Шаймағамбет Торышев атындағы»,Рудный қаласынан Кенжеғозин Ғалымгерей«Ақсұлу Орсбайқызы атындағы» жүлдеге ие болса, Қостанай қаласының жүйрігіӨтелбаева СалтанатЖітіқара ауданы әкімінің «Алтынның кені, асылдың елі» арнайы жүлдесін, ал  Бейімбет Майлин ауданың ақыныІзтілеу Мамай«Қостанай минерелдары» АҚ «Қазына» арнайы жүлдесін қанжығаларына байлады. Жітіқараның намысын қорғағанОспанов Марғұлан2020 жылғы айтыстың «Абай Құнанбайұлы атындағы» бас жүлдесінің  иегері атанды.Қонақжай Жітіқара елі қазақтың «Орамал тонға жарамайды, жолға жарайды» мақалын ескере отырып, айтысқа қатысқан жас ақын Данияр Нигматов, Әсем Қажиева,Балтасар ИзтелеуовАуезхан Ернұрды   сый-кәдесіз қалдырмай, «Көңілге түрлі ой салар», «Алыстан  сермеп,жүректен тербер», «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы», «Жүректен қозғайтын,әдептен озбайтын» ақындар номинацияларымен марапаттады.
Эстетикалық ләззат сыйлайтын қасиетті өнерімізді дәріптеу, шынайы өнер жарысы - айтыс бүгiн де Жітіқара жерінде  рухани өмiрiмiздiң алтын дiңгегi болып отыр. Халқымыздың айтыс өнерін болашақ ұрпаққа жеткізу, сапалық деңгейін жақсарту үшін өз үлесімізді қосып, барлық мүмкіндіктерді пайдалануды жөн көрдік.
Байнақатова Жәмила Қабдоллақызы,
«Шаңырақ» өнер орталығының жетекшісі
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
28.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Петрушка» балалар театры @petrushka_kst жетекшісі Хабибулина Н.Д.«Жанұя» @zhanyia.kst балалар үйіне барды
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Мұқаш – ел аманаты» атты тарихи қойылымының премьерасы өтті.
26.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Ізденіспен өткен 30 жыл: «Ақдариға» халық хорының жетекшісі Арыстанбай Өмірзақовпен сыр-сұхбат
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
28.09.2026
Байланыс ақпараттары:
«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің "Аудандық мәдениет Сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны


Заңды мекенжайы:
Жітіқара қаласы,
индекс: 110700
6 микрорайон, 66 үй.
 
Телефоны:
8 (71435) 2-44-54;
2-44-54;
2-64-60;
3-21-91
 
Электронды мекенжай:

rdk-1971god@yandex.kz

+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру