- ОҚИҒАЛАРДЫҢ КАЛЕЙДОСҚОПЫ
-
БАЙҚАУЛАР МЕН ФЕСТИВАЛЬДАР
-
ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ
-
ӘДІСТІМЕЛІК ЖИНАҚ
-
БАЙҚАУЛАР ЕРЕЖЕЛЕРІ
- ІС-ШАРАЛАР АНОНСТАРЫ
-
ТЕГТЕРDala FestKPIАбай — ұлт руханиятының темірқазығыАйтысАуыл тынысыАхмет Байтұрсынұлы – 150 жылБаспасөз ХабарламасыДеген екенДомбыра күніЕлге сәлемЖеңімпаздарЖыр маржанЖұмыс — білекте_өнер — жүректеЗерделеуКездесулер мен презентацияларКонцертМіржақып Дулатұлының туғанына 140 жылМарапаттауМәдени мұраТеатр әлеміндеТобыл-Торғай әуендеріХалық ақыны Әсия Беркенова 75 жастаШығармашылық кешЫнтымақтастықҚазақтың дәстүрлі 1000 күйіҚұттықтаймыз!Ән — көңілдің ажарыӨңірдің өнер жаңалықтары
ДК нұсқасы
Установить приложение


Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Абай - өз халқының рухани мәдениеті мен ойлау қабілетін жаңа деңгейге көтерген, жаңа рухани кеңістік ашқан, нақтылықты көркемдік шеберліктің жаңа үлгілерін жасаған данышпан. Абайдың рухани әлемі, дүниетанымы - ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі - адам. Ұлы гуманист адам туралы түсініктерін дамытып қана қоймай, шынайы адамның идеалымен айналысты, жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін қызықты әдістер мен тәсілдерді тұжырымдады. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты.. Жаһандану үрдісі көз ілеспес жылдамдықпен етек алғанда адамзаттық, оның ішінде ұлттық бірегейлігімізді түсінуде Абай дүниетанымына тереңірек бойлап, іздену, оның адамтануынан тағылым алу - заман талабы.







