Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болатын. Ұлтына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің арқасында Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, әлемге таныта білген елбасының еңбегі мол.
29 қараша күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мерекесіне орай «Елін сүйген,жерін сүйген көшбасшы» атты салтанатты концерт өтті. Жітіқара ауданына арнайы ат басын бұрып, жұмыс сапарымен келген Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Г.Нұрмұхамбетов пен Жітіқара ауданының әкім А.Ибраев салтанатты шараға қатысып аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады. Елі үшін аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар жандар осы кеште облыс әкімінің құрмет грамотасымен және Жітіқара қаласының мерейтойына арналған «Жітіқара қаласына 80-жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады. Кеш акданның талантты өнерпаздарының әсем әні мен мың бұралған биімен жалғасып халыққа мерекелік көңіл күй сыйлады.
«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің "Аудандық мәдениет Сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Заңды мекенжайы:
Жітіқара қаласы,
индекс: 110700
6 микрорайон, 66 үй.