altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Зәмзәгүл СЕЙІТҚЫЗЫ: "Әке тәлімін еш мектеп бере алмайды"
25.04.2021
2516
0
Сатира саңлағы, қабырғалы қаламгер, этнограф, ұлағатты ұстаз Сейіт Кенжеахметовтің шығармашылық әлемінен көп сыр шертуге болады. Рухани мұрасы елге таңсық та емес, жұртының жадында. Сол себепті біз ағамыздың жеке өміріндегі болмыс-бітімі туралы мәлімет алмаққа Зәмзәгүл Сейітқызына аз-кем сұрақ қойдық.

 
 - Сейіт ағайдың шығармашылық тұлғасы көпшілікке аян. Сондықтан біз сізден ол кісінің әкелік келбеті жайында сұрағымыз келеді. Балаларының бойына қандай өнеге-үлгісін, тәрбие-тағылымын сіңіре алды?
- Ел танып, жұрт сыйлаған әкеміз туралы толғанбай айту мүмкін емес. Әкеміздің ұмытылмас ұлағаты, тегеурінді тәлімі, биік парасаты, ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігі өзгелерден биік болатын. Әркімнің осылай айтатыны белгілі ғой... Дегенмен, біз өсіп, ержеткен уақытта орысша оқыту, орысша тәрбиелеу кезеңі болғанмен, алты баласының бәрін қазақ мектебіне берді, ұлттық болмысымызды отбасында қалыптастырды. Бала кезімізден «обал болады, ұят болады, жаман боладымен» өстік. «Жеп тоймаған жалап тоймайды» деген аталы сөз бар, салт-дәстүр, ұлттық мәдениетті оқып емес, уызына қанып, өнеге алып өстік, ауылдың алтын тамырынан қиылған жоқпыз. Егер сол уақытта орыс мектебіне бергенде, мүмкін біз әкеміздің шығармаларының бәз біреулер секілді аудармасын ғана оқып отырар ма едік?! Ана тіліміздің сұлулығы мен саздылығын, терең мағынасы мен астарын тануды, әзілдесе білуді, сөз тыңдауды әкемізден үйрендік. Бала кезімде «әкенің барлығы менің әкем сияқты болады» деп ойлайтынмын.
 
Ұлағатты ұстаз дедіңіз, Торғайда кезінде Ыбырай мектеп ашса, әкем Арқалықта жеке мектеп ашты. Ол мектепте «Қазақтың оқытылмаған тарихы», «Қазақтың салт-дәстүрлері», араб, латын тілдерін оқыту пәндерін оқыттық. Әкем, інім және мен сабақ бердік.
 
Әке келбеті естен кетпейтіні анық. Тұла бойы тұнған өнеге болатын: әжемді (анасы Сәлиманы) әз тұтуы, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, киім киісі, мейірімі, тазалығы, ұқыптылығы, ешқашан жалған, ғайбат сөз айтпайтыны, бір сөзбен айтқанда, нағыз Әке мен Атаға лайық болмысымен дараланатын. Жазуы көркем, тасқа басқандай болатын. Жат әдеттерден ада, жаман сөз айту, біреуді күстәлаудан аулақ болды. Біз отбасында жанжалдың не екенін білмейтінбіз, інілерім күні бүгінге дейін бір-бірімен ешқашан қатты сөзге келіп көрген емес, әкемнен алған өнегелері деп білемін. Әкемізге мәңгілікке қарыздармыз. Сасқанда сүйеу, талғанда тіреу болатын әкеден қадірлі, құдіретті жан жоқ. Әкеміз тек біздің ғана емес, артында өшпес із қалдырған Ұлттың әкесі дер едім. Әкенің берген тәлімі мен өнегесін еш мектеп бере алмайды. Қиындықты қайыспай көтеруді, қайсар рухты болуды үйреткен әкем еді...
 
- Қанша ағайындысыздар? Сейіт ағайдың қазіргі таңда неше немере-шөбересі бар? Қазіргі таңда Қазақстанның қай өңірлерінде тұрасыздар?
- Біз алты ағайындымыз, менен үлкен тәтем және менен кіші төрт інім бар. Екі қызынан алты жиені, ер балаларынан он үш немере, он үш немереден жеті шөбересі бар. Әкем мен анам – көздерінің тірісінде шөберелерінің алақанынан су ішіп, қызығын көрген жандар.
 
Қазіргі таңда мен және үш інім Нұр-Сұлтан қаласындамыз, менен үлкен апам Арқалық қаласында, бір ер баласы Көкшетаудың Щучинскісінде тұрып жатыр. Еліміздің көркеюіне үлесімізді қосып, әр салада жемісті еңбек етіп келеміз.
 
- Әкенің немесе атаның жолын қуып, шығармашылыққа бой алдырған ұрпағы бар ма?
- Сатира жағынан ешкім жоқ. Әке жолын педагогика тұрғынан жалғастырып келе жатқан ер баласы бар. Менің республика көлемінде таратуға рұқсат берілген ұлттық тәрбиеге байланысты 1-11-сынып оқушыларына арналған «Жеті қазына» авторлық бағдарламам бар, атауын әкемнің кітабының атымен айдарладым. Осы Қостанай қаласында пайдаланып жүрген мектептер болуы тиіс. Әкеміздің еңбегінің негізінде құрылған тәрбие бағдарламасы.
 
Әкеміз екеуміз рухани, шығармашылық жағынан өте жақын болдық. Барлық этнографиялық еңбектерін орыс тіліне аудардым. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабы алғаш рет үш тілде жарық көргенде әкемнің үйге алып келіп: «Білесің бе, Зәңгәлә (мені еркелетіп осылай атайтын), әкелі-балалы жазған кітап бірер ғана. Мына кітап екеуміздің еңбегіміз!» - дегенде даусында марқаю, ризашылық, еркелету, мәртебемді көтеру, қуаныш табы болды. Мен сол жолы қатты толқыған едім. Әрине, басқа да ірі тұлғалардың аударламаларын жасадым, бірақ әкенің ойынан шығу, сенімін ақтау, біріге отырып шығармашылықпен айналысу мен үшін өмірімнің ерекше мезеті екен. Әкемнен кейін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері атандым, әкемнің үлгісі деп білемін.
 
 - Таяу күндері Тобыл қаласында "Мірдің оғы" республикалық фестивалі елдің әр түкпірінен әзіл-сықақ театрларын жинағалы отыр. Есте қаларлық кеш өтеді деген үміттеміз. Жалпы, сұрағымыз келгені, ең алғашқы фестиваль қалай өтіп еді?
- Иә, "Мірдің оғы" республикалық фестивалі өткелі отыр. Ең алғашқы фестиваль осыдан екі жыл бұрын әкеміз ұзақ жылдар бойы тұрып, қызмет еткен Арқалық қаласында өтті. Оны Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов ұйымдастырды, қазылар алқасының төрағасы белгілі сатирик, әкемнің көзкөрген ізбасары, бірдің бірегейі Көпен аға Әмірбек болды. Жергілікті халық көрермен ретінде өте көп жиналды, театрлар да жақсы дайындықпен келген екен. Ақтөбенің «Екі езу» театры езу жидырмай, облысымыздың аудандарынан келген театрлар да олардан қалыспай, сахна төрінде әкеміздің шығармаларын орындауда шеберліктерін көрсете алды, өзара іс-тәжірибе алмасты, танысты, байланыс орнатты. Екі күнге ұласқан фестивальдің бір мақсаты әкемізді еске алу болса, екінші жағынан кенже қалып бара жатқан сатира жанрын жандандыру көзделді.
 
Қостанай облысы әкімдігіне, Мәдениет басқармасына, оның қызметкерлеріне шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
 
 - Әкеңіздің рухани мұрасын, шығармашылық еңбектерін насихаттау мақсатында басқа қандай елеулі шаралар жасалды, сондай-ақ осы бағытта қандай жоспарлар бар?
- Ауыз толтырып айтатын шаралардың бірі – Қостанай және Арқалық қалаларында әкеміз тұрған үйлер қабырғасына ескерткіш тақталар орнатылғаны. Әкемнің Қостанай қаласында тұрған үйінде тақта орнатуды журналист, жазушы ағамыз Оразалы Жақсанов көтеріп, жүзеге асырған еді. Қазір ол кісі біз қоныс еткен сол пәтерде тұрып жатыр. Ал болашақта аталған "Мірдің оғы" фестивалі Қазақстанның "Юрмаласына" айналса деген арманымыз бар. Оны Көпен аға да қуана қолдап, атсалысуға дайын отыр.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру