altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
«..ҚАТЫП ҚАЛҒАН БІР АҒЫМДЫ ӨЗГЕРТУ КЕРЕК!»
28.11.2019
1878
0
Кезекті кейіпкер -  Мизамбаева Лиза Таутанқызы, Амангелді ауданының мәдениет үйінде әдістемелік кабинет меңгерушісі. Тәуелсіздік алған сонау тоқсаныншы жылдардан бастап мәдениет, өнер саласында еңбектеніп келеді. 




- Лиза ханым, өнер жолына қалай түстіңіз? Өміріңіздегі нендей оқиғалар себепкер болды?
- Еңбек жолымды 1987жылы орталық кітапханада библиограф болып бастадым. 1991 жылдан бері аудандық мәдениет үйінде жұмыс істеймін. Осы салада алғаш  өнерге деген қызығушылық, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға баулыған ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі музыкант, сол кездегі мәдениет бөлімінің басшысы Сапарғали Ахметжанов еді. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында тұрады, ұстаз, музыкант, Амангелді ауданында алғаш ұлт -аспаптар оркестрін құрып, "Халықтық"-атағын қорғатқан жан. Міне, сол ұстазымның бағыт-бағдар сілтеуімен өнердің, мәдениеттің сүрлеуінде жүрген жайымыз бар.


- Әне-міне дегенше, доңыз жылын да түйіндеп қалғандаймыз. Ұжымыңыз үшін бұл жыл несімен ерекшеленді?
- 2019 жыл біздің ұжым үшін көптеген жаңалыққа толы болды. Ұлттық Домбыра күніне, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, «1000 домбыра флешмобы», «Қызғалдақтар» фестивалі және Жастар жылына орайластырылған үлкен екі жоба, менің авторлық бағдарламаларым " Жалындаған жастар-өнер айдынында" атты шоу бағдарлама мен  "Жұлдыз Live"-атты жас мұғалімдер арасында апталық өнер сайысын көрермен жылы ықыласпен қарсы алды. 


- Ауыл, аудандардағы мәдениет үйлерінде маман тапшы дегенді құлағымыз шалғаны бар. Сонда, қазіргі жастар, жалпы мамандар ауылдық жерлерді жерсінбей жүр ме, әлде себеп басқада ма? Әрине, бұл тұста көпке топырақ шашудан аулақпыз.
- Біздің ауданда мәдениет саласында, соның ішінде ауыл клубтарына қажет мамандар - хореограф, баянист, қобызшы, режиссер. Егер, бізге осы мамандық иелері келіп жатса, баспанамен қамтамасыз ете аламыз. Әсіресе, жастар үшін таптырмас мүмкіндік деп білемін.


- Мәдениет саласын ілгерілету үшін біреулер қыруар қаржы қажет дейді, ал бірі осы салаға деген шексіз ықылас керек дегенді алға тартып жатады. Бүгінде мәдениет үйлеріндегі тыныс-тіршілікте нені өзгертер едіңіз? Сіздің пікіріңіз?
- Әрине, өнер адамы үнемі ізденісте болуы керек, істеймін, осындай жобам бар деп, құлшыныс білдірген жанға қазір барлық мүмкіндік бар. Ең бастысы, ынта, өз ісіне деген сүйіспеншілік қажет. Мен жасым орта жастан асса да, жаңалыққа жаным құмар, шығармашылық еркіндік жетіспейді. Жоспармен, қатып қалған бір ағымды өзгерту керек!


- Өнер ұжымының басшысы ретіндегі арманыңыз келер жылға жоспарларыңыз қандай?
- Келер жылға жоспар көп, ең бастысы халық шығармашылығы көркемөнерпаздар фестиваліне дайындық. «Супер Ауыл» атты үлкен жоба жоспарлап отырмын, бұл жобада ауыл өнері мен мәдениетін толық насихаттайтын ауыл клубтары арасында сайыс. Біздің аудан өнерлі жастарға, өнерпаздарға бай, осы жастарды насихаттау мақсатында, басқа қалалар мен аудандарға гастрольдік сапарға шығу. М. Қапышев атындағы халық театрының жұмысын жандандыру. Міне, негізгі деген межелеріміз осындай.

 


БЛИЦ
 

1. Соңғы оқыған кітабыңыз?

- Мен кітапқұмар жанмын, қазақ жазушыларының шығармаларын оқып өстім.
Сүйікті авторларым: Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, І. Есенберлин, О. Бөкей, Ә. Нұршайықов, Д. Исабеков, Ә. Тарази т. б. І. Есенберлиннің тарихы романдарын қайталап оқудан жалыққан емеспін.Сонымен қатар, орыс тілінде көп оқимын
Соңғы оқыған кітабым, әлемдік бесстелер, Сидни Шелдон "Если наступит завтра" романы.

2. Бүгінгі қазақстандық  киногерлердің қандай туындыларын көрдіңіз? 

- А. Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмі.

3. Өмірлік ұстанымыңыз?

- Өмірлік ұстанымым - өтірік айтпау, өз ісіме адал болу, заманның талабынан кейін қалып қоймау, ізденісте болу.

4. Патриот деген кім?

- Патриот - ол өз ұлтын, тілін, халқын сүйетін жан. Мен үшін нағыз патриот, ол, қазақ өнерін төрт құрлыққа танытқан, әлем әншісі - Димаш Құдайбергенов.

5. Сіз үшін бақыттың өлшемі неде?

- Бақыттың өлшемі мынау деп, дөп басып айту қиын. Дегенмен, бақыт мен үшін елдің тыныштығы, отбасы мен жақындарымның амандығы, сүйікті мамандығымның жемісі мен жеңісі.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру