altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
«Алтын дән» мәдениет үйінің өнерпаздарын Қостанай ауданы ғана емес, тұтас облыстың өнерсүйер қауымы жақсы біледі. Шығармашылық үйінің бүгіні қандай, қандай межелерге жоспар құруда? Міне осы төңіректе мекеменің басшысы Гүлжан Жұмағалиқызымет сұхбаттасқан едік.
11.11.2019
2223
0


 

ӨНЕРДІҢ ОРДАСЫ

 




- Гүлжан Жұмағалиқызы, әне-міне дегенше, жыл да түгесілгендей. «Алтын дән» мәдениет үйінің 2019 жылы, «Жастар жылында» атқарған ауқымды шаруаларына тоқтала кетсеңіз?

 -  Мемлекет басшысының 2018 жылғы 13 қарашадағы «Жастар жылын жариялау туралы» жарлығын іске асыру мақсатында Қостанай ауданының барлық клуб мекемелері белсенді жұмыс істеп келеді.

Жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін дамытуға, жас таланттарды табуға және қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта жастар мен жасөспірімдер мемлекеттік және ұлттық мерекелер аясында өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Ауданның барлық клубтық мекемелерінде ақысыз негізде жұмыс істейтін көркемөнерпаздар үйірмелері мен топтары үнемі жас қатысушылармен толықтырылып отырады, оларға шығармашылық өсудің барлық жағдайлары жасалады.

Бүгінгі таңда аудандық мәдени-демалыс орталығында 73 жастар клубының ұйымы болса, оның құрамында 1321 адам бар, оның ішінде 698 адамнан тұратын 52 көркемөнерпаздар тобы және 6 «Халықтық» құрметті атағы бар көркемөнерпаздар топтары жұмыс істейді. Өңірде бірде-бір шара жастар шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылардың қатысуынсыз өтпейді. Биылғы жылы жастар топтары мен жеке орындаушылар барлық облыстық фестивальдар мен байқауларға, көптеген республикалық байқауларға белсенді қатысты.

«Мәдени-демалыс орталығы» КМҚК мамандары ауданның жастар ресурстық орталығымен белсенді ынтымақтастықта. Биылғы жылы жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, жастар жылының ашылуын, караоке кешін, «Tobyl star» талантты жастар фестивалін, қыздар арасында «Бұрымды қыз» сұлулық пен таланттар сайысы сияқты бірқатар жастар іс-шараларын өткізді.
 Жазда «Жаңару» саябағы аймағында аудандық мәдениет үйінің вокалды және аспаптық топтарының концерттері үнемі өткізіліп тұрды.

 Биылғы жылы жастар өкілдері «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру»: бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген іс-шараларға белсенді қатысты. Атап айтсақ, аудандық «Қымызмұрындық» фестивалі, қазақтың ақыны Нұржан Наушабаевтың туғанына  160 жыл толуына арналған «Татақ ақын Наушабайдың Нұржаны» атты жастар арасындағы аймақтық айтыс және қазақ халық аспаптар ансамблінің «Ұлы дала - сыры» облыстық фестиваль-байқауын айтуға болады.

 - Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қыркүйек айындағы Жолдауында мәдениет саласының қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлу керектігі туралы тапсырма берген еді. Бұл жаңалықты, осы сала қызметкерлері ретінде, қалай қарсы алдыңыздар және мәдениет үйіндегі қандай қордаланған мәселелер бар?

- Мәдениет саласының өрісі мен ау­­қымы қашанда кең болып қала бермек. Елдің рухани дамуы мен ке­мел­денуіне өзіндік үлес қосып келе жат­қан салаға лайықты түрде назар ау­дару — мемлекетіміздің ең маңызды мін­дет­тері­нің бірі болып отыр. Сондықтан да мемлекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаев Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақ­тылығы мен өр­кен­деуінің не­гізі» атты Жолдауында аталмыш сала мамандарының жағдайын жақ­сартуға, еңбек ақыларының ұлғаюы­на үлкен мән берді. 

Жалпы соңғы жылдары мәдениет саласына айтарлықтай көңіл бөлініп ке­леді. Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаң­ғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдар­лама­лық мақа­лаларының халыққа жол тартуы соның айқын дәлелі. Ал, осы бағдарламалардың сапалы жүзеге асырылуы­на, кеңінен насихатталуына өзіндік үлесін қосып, тынбай еңбек етіп жүрген мәдениет саласының қыз­меткерлеріне Жолдауда лайықты көңіл бөлінуі бізді қатты қуантты. Мәдениеті өскен мемлекеттің дамыған елдердің қатарына қосылары хақ. Біздің де дамыған 30 елдің қатарына қосыламыз деген талпынысымыз бар. Мұнда мәдениет пен әдебиеттің рөлі өте үлкен.  Сол үшін де біз Жолдауға қолдау білдіріп, еліміздің болашағы жарқын болуы үшін аянбай еңбек ететін боламыз.

            Ал, мәдениет саласындағы қордаланған мәселе деп маман тапшылығын айтар едім. Әсіресе, ауылдық жерлерде кәсіби мамандардың тапшылығы көңіл қынжылтады. Себебі, шындығында нағыз талантты жастар сол ауылдан шығып жатыр. Сондықтан, ауылда көрінбей жүрген таланттарды мәдениет үйіне тартып, олармен жұмыс жасап, таланттарын ашып, дұрыс бағыт-бағдар беру үшін, ең алдымен ауылдық мәдениет ошақтарында кәсіби мамандар саны артса нұр үстіне нұр болар еді.

- «Жастар жылы» деп, талай шаруаның басын шалдық, ал сіз басқаратын ұжымда жастар көп пе? Жалпы жас мамандарға қандай мүмкіндіктер қарастырылған?

 
  • Мемлекет ауылға жұмыс істеуге келген жас мамандарды қолдауға көп көңіл бөледі. Бүгінгі таңда 13 жас маман «Мәдени-демалыс орталығы» КМҚК-да жұмыс істейді. 2019 жылы 2 маманға тұрғын үй сатып алуға 7 314 000 теңге көлемінде несие, 3 адамға 530250 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді.
  •  
  • Мәдениет үйінің тізгінін ұстау адам бойындағы қандай қасиеттерді талап етеді? Қандай қиындықтары бар?
- Мекеме басқарып отырған адамның бойында ең алдымен сабырлылық болу керек. Кез-келген істе шыдамсыздық таныту – басшы адамға үлкен қателік деп есептеймін. Сонымен қатар басшы шыншыл болып, өтірік айтуға, екіжүзділікке жол бермеуі керек.
Өмір болған соң көп жағдайлар болып жатады. Сондай кезде, қол астыңдағы адамдарға түсіністікпен қарап, адамгершілік таныту да маңызды. Жұмыс барысында қызметкерлерге талап қойып, оның орындалғанын қадағалау басшының міндетіне жататыны белгілі. Алайда, талап ету – сенім білдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.

- Жоспарларыңыз ?

- 2019 жылы жастармен көптеген жұмыстар атқарылды. Аудандық халық көркемөнер шығармашылығы байқауында көптеген талантты жастар анықталды, олар енді байқаудың ақтық кезеңінде өнер көрсететін болады.  2020 жылы бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табады және аудандық мәдениет үйінің сахнасы жаңа жас орындаушылармен толығады және олар біздің ауданымыздың атағын барлық облыстық, республикалық байқаулар мен фестивальдерде  қорғайтын болады. Алдағы уақытта Халықаралық, Республикалық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, тәжербие алмасып, өз таланттарымыздың бағын сынасақ деген жоспар бар. Сондай-ақ, жаңа таланттарды іздеп, оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, қолдау білдіру біздің басты мақсатымыздың бірі. 

            Келесі жылға арналған жоспарлар осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды, сонымен қатар жастарды Алтын Орданың 750 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, көрнекті ойшыл, ғалым  Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы сияқты 2020 жылғы айтулы даталарға арналған іс-шараларға қатысуға тартуды көздейді.

- Сұхбаттасқаныңызға көп рахмет!
 
 Сұхбаттасқан
Нұрқанат Нүсіпхан
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру