altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Алаштың аяулы қызы
21.04.2025
1117
0
Халық ақыны, айтыс өнерінің ақтаңгері, мәдениет пен білім саласының үздігі – Әсия Әйіпқызы Беркенова 75 жастың асқарына шыққалы отыр.

Әсия апаның балалық шағы табиғаты көркем, қос айдынды көлдерімен аты мәлім Әулиекөл ауданының Ноғайкөл ауылында өтті. Кең жазира даланың құйқалы бір пұшпағында орын тепкен бұл мекен – ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем, меймандос халқымен ерекшеленетін қазақы ауыл. Осындай дарқан топырақта өсіп-өнген Әсия апа ерте жастан өнерге сусындап, рухани нәр алып өсті.

Бала күнінде нағашыларының тәрбиесінде болған ол, сол шаңырақтағы ұлттық тәрбиенің, еңбекке адалдықтың, өнерге құрметтің шуағына бөленді. Нағашы атасы Жұмағали – темірден түйін түйген шебер ұсталардың бірі еді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Донбаста еңбек етіп, елге оралған соң ауылда ұсталықты жалғастырды. Сонымен бірге, домбыра тартып, әуелете ән шырқайтын өнерпаз жан болған.

Шешесі де ауылдағы той-томалақтың көркін қыздыратын, дауысы ерекше нәзік әрі сырлы жан болған. Болашақ ақын қыздың бойына бұл әсерлер терең тамыр жаймай қоймағаны анық. Ал ақындық қабілет, Әсия апайдың айтуынша, әке жағынан дарыған. Атасы Кәкімжан – өлең мен қолөнерді қатар ұстаған жан. Тігіншілікпен айналысып, тұлып, тымақ, ішік сынды ұлттық бұйымдарды шебер жасап, ел құрметіне бөленген. Өз әкесі де қара өлеңнің қадірін білген, көркем сөзге шебер болған екен.

"Тектіден текті туады" демекші, екі жақтан да дарыған өнер мен өр рух болашақ ақынның бойына біткен қасиетке айналды. Өжет мінезі мен ашық болмысының қалыптасуына да өскен ортасы ықпал еткен.
 
Бұл туралы Әсия апай:
«Шешемнің жалғыз қызы болғандықтан, мені ешкім бетінен қаққан жоқ. Өскен ортаның көзқарасы, маған деген ықыласы мені өзіне сенімді, тік мінезді етіп қалыптастырды деп ойлаймын», – дейді.

Жастайынан жыр-дастандарды жаттап, ақындық қабілетімен көзге түсіп, тіпті, мектеп бітірерде мемлекеттік емтиханды өлеңмен жазып шығады. Өткен ғасырдың 80 жылдары шоғы сөніп, қоламтасы ғана қалған айтыс өнері қайта жандана бастады. Әсия Әйіпқызы, міне, осынау буынның бел ортасында жүрді. Үлкен сахнаға сапарын осылай бастады. Содан бері талай мәрте топ жарып, астықты өлкенің даңқын аспандатты. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын таңдаған ақынның тағы бір қыры – әншілігі, ұстаздығы. Талай жыл Ахаң атындағы білім ордасында өнердің бірнеше түрі бойынша шәкірт тәрбиеледі. Өзінен кейінгі жастарға жол сілтеді, аналық қамқорлығын төкті. 
 
«Шәкірттерім – менің жетістігім, олардың арасынан менің жолымды қуып, ұстаз атанғандары да аз емес. Бұл мамандық – менің жүрегім қалаған өмірлік таңдауым», – дейді ардагер ұстаз.

Бүгінде Әсия Әйіпқызы – өнегелі үш баланың аяулы анасы, олардан тараған немере-шөберелерінің қызығына бөленіп отырған аяулы әже. Жарымен жарты ғасырдан астам уақытты татулықпен, сыйластықпен өткізіп келе жатқан бақытты жан. 
 
Алаштың аяулы ақын қызы Әсия апамыздың өлеңдерін ұсынғымыз келеді. 
 
* * *

Балалықты іздеппін

Жоғымды іздеп далада шаршап келем,
Үмітімді үкілеп ән сап келем.
Көңілімді жетелеп келем алға,
Қажығаннан сыр берсе жаңсақ денем.

Сәске кезі шақшиып күн ысыған,
Сезілердей от-жалын тынысымнан.
Бедері жоқ алдымда дала мына,
Боз жусанды тыныштық тымырсыған.

Мәлім еді, боз далам, сырың маған,
Сен кейіпкер боласың жырымда әмән.
Өз әніне қосатын келбетіңді
Бозторғайды көрмедім шырылдаған.

Шөліркедім, ақ жауын, себелегін,
Боздалада бозарып кебеді ерін.
Бірге іздесер жоғымды қайда кеткен
Қызыл, сары көз тартар көбелегің?

Аялайды әр пенде өз арманын,
Тынысымды тарылтқан тозаң да мұң.
«Жоғымды іздеп келемін, көрмедің бе?»
Үнсіз, сұлық даладан көз алмадым.

Үнсіз ойым, қырым да, түзім менің.
Қалмады ма төсіңде ізім менің?
Тілеп келем Тәңірден боз далама
Шөкім бұлттан бір тамшы үзілгенін.

Қарайтындай маған да далам аяп:
Жарты ғасыр өткенге қарамай-ақ,
Жусан басқан бұл жуас даладан мен
Балалықты іздеппін жалаңаяқ.


* * *

Әулиекөлге

Жиі келем өзім туған жерге тым,
Әулиекөл, аңсатады келбетің.
Жер жаннатын таба алмаспын өзіңдей,
Тынбай кезсем мына жұмыр жер бетін.

Сен дегенде самал қылар жел демін,
Биші қыздың бедеріндей белдерің.
Хас сұлудың мөлдіреген жанары,
Аққу жүзген айдын шалқар көлдерің.

Жауқазынды лалагүлге дала бай,
Жанға дауа жұпар иіс қарағай.
Қарт теректің бауырында өскен балқайың,
Атасының соңына ерген баладай.

Ұмыта алмас еш жан сені көргенін,
Сендей сұлу болмас сірә жерде мін.
Әулиекөл, көз тоймайтын көріктім,
Мүсінісің пәк табиғи көрменің.


* * *


Тартуы маған ақындық мына тағдырдың

Оюлап жырмен ойымды әсем ән қылдым.
Қалыңдап қалды замана жайлы ой-кiтап
Бәсiре қылып берері осы әр жылдың.

Жiгерiң жанып, кетедi жүрек ысып та
Заманның дертiн жазылса сөзбен ұшықта.
Тура айтар жанға табылмас туыс. Ақиқат
Бұл өмiр жеңiл айлакер менен пысыққа.

Болсын деп мұра ұрпаққа адал көп үлгiм ,
Ақиқат болып ақтым да, талай төгiлдiм.
Шырқырап шындық шыға алмай шыңның басына,
Пәс қылды легiн шарықтап жатқан көңiлдiң.

Ортаңда әлi Батыраш талай балталы,
Билерiң бүгiн Жантыққа сенiм артады.
Бiлiк пен бiлiм босаға жақты сағалап,
Қонжиған төрге күлшелi менен қалталы.

Көгiмде Күнiм, орнында Ай да қияқты,
Демеймiн көрiп көңiлден шаттық күй ақты.
Парасат бұғып, пасықтық өскен бұл заман,
Бiтпейтiн мәңгi мылтықсыз майдан сияқты.

* * *
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
15.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
12.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйекте «Мирас» ҚМС концерттік залында «Отбасы – махаббат пен бірліктің ошағы» концерттік бағдарламасы өтті
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
10 қыркүйекте KPI бағдарламасы аясында көшпелі концерт өтті!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрмет пен алғыс — жоғары кәсіби шеберлікке берілген баға!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qajd_kostanay - 📌Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде сотталғандардың мәдени-демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Алексей Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылды
09.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақтың халық аспаптары этнографиялық «Мирас» ансамблі өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтуде! Сіздерді ансамбльдің 35 жылдығына арналған мерекелік концертке шақырамыз. Кеш барысында ұлттық өнердің әсем әуендері мен қазақтың халық аспаптарының сырлы сазына куә боласыздар.
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Комплаенс-офицер
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту"" ММ "Мәдени - демалыс орталығы" КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереже
08.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйек күні Қостанай Сити-орталығында Отбасы күніне арналған мерекелік концерт өтеді! Кеш барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, әсем әуендер мен жүрекке жылу сыйлайтын шығармашылық бағдарлама ұсынылады. Келіңіздер, Отбасы күнін бірге атап өтіп, махаббат пен бірлікке толы мерекелік көңіл күйді бірге бөлісейік! 
07.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
05.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Тіл – халық бірлігінің негізі» концерттік бағдарламасы өтті
03.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашақ кепілі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қыркүйек күні «Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» МДҮ ұжымының шығармашылық өміріндегі маңызды оқиға!
31.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТІЛ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырамыз!  Бағдарламада – әсем әндер, көтеріңкі көңіл күй және өнерпаздардың жарқын өнері.
29.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 тамыз күні сағат 20:00-де Жітіқара қаласында Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертке Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет сарайының солистері қатысты!  Жарқын өнер көрсетілімдері, сүйікті әндер мен мерекелік көңіл-күй көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Свердловка ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
18.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әйет ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.09.2026
Комплаенс-офицер
Автор: Мәдениет үйі мәдениет үйі
08.09.2026
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
07.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру