altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН САРЫН
29.01.2025
871
0
Биыл Қостанайда облыстық домбырашылар байқауымен қатар Домбыра күніне орай алғаш рет жоспарланып отырған «Тобыл-Торғай өңірінің музыкалық мұрасы: «кеше-бүгін-ертең» атты ғылыми республикалық конференциясына дайындық басталып кетті. Фольклорлық ғылыми-зерттеу лабораториясының басшысы Бағлан Бәбіжанмен Тобыл-Торғайдан шыққан Нұржан Наушабайұлы, Нұрхан Ахметбеков, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатов сынды тұлғалардың музыкалық мұраларын зерттеу мақсатында келісім жасалды. Консерватория басшылығының қолдауымен қарқынды жұмыстар атқарылды. Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Мұрат Нағашыбай Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын барып, архивтерді ақтарып, біраз құнды дүниелерді алып келді. Зерттеу барысында көне ноталармен қатар архивтік жазбалар, таспаға жазылған мұралар, құнды деректер жинақталды. Бұл үлкен бастаманың басы ғана. Өткенімізді толыққанды түсіну үшін зерттеу маңызды. Тарихи құндылықтарды, мәдени мұраларымызды терең білу – қазіргі ұрпаққа өзінің түп тамырын түсіну үшін қажет. Осы орайда осынша мол мұраға қол жеткізіп, алып келген Мұрат Нағашыбайды сөзге тартқан едік. 
 
 –Мұрат, маңызды іссапардан оралдың. Маңызды дейтініміз бір апта бойы Тобыл-Торғай өңірінің жыр маржаны сақтаулы тұрған фольклорлық ғылыми-зерттеу лабораториясына барып, бізге тиесілі мол мұраны көзбен көріп келдіңіз. Жалпы бәрі қалай басталып еді, әңгімеміді осыдан бастасақ?!
 
 –Жалпы бұл бастама аяқ асты келген жоқ. Өздеріңіз білесіздер, жыл сайын облыс орталығында «Арқада Наушабайдың Нұрқаны өткен...» атты фестиваль өтеді. Оған мықты деген жыр-термешілер еліміздің әр өңірінен келеді. Осы кештің басты қонағы – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Алмасбек Алматов ағамыз. Бірде ол кісі: «бізде Нұржан Наушабайұлының біраз еңбектері жатыр. Сыздық Әбілғазин кезінде тапсырған» деген еді. Содан облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияның ректорымен байланысқа шығып, рұқсат алды. Ол жерде зертханалық бөлім бар. Зертханада еліміздің әр түкпірінің өзіне тән мол мұрасы сақтаулы. Көне дауыстар, бейне таспалар, ноталар. Бұдан басқа, мұраларды жинақтау барысында тек біздің облысымыздың ғана емес, бүкіл Қазақстанның мәдени мұрасын қамтылғанын көрдім. Соның ішінде біздің жерлесіміз Нұржан Наушабайұлының жазбалары, әндері сақталған екен. Оны кезінде зерттеуші Сыздық Әбілғазин арнайы бейнеге жазып тапсырыпты. Кітабын, әндерін орындап, бейнеге түсіріп беріп кеткен. Ол кісі кезінде Тобыл-Торғай өңірін аралап, жыр-термелерді, жоқтауларды жазып алып, экспедиция жасағанын білеміз. Осынша мұраға біз кездейсоқ қол жеткіздік дей алмаймын. Ол жақта отырған өнер жанашырлары бізге қолдау білдіріп, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Алмасбек Алматов, профессор Айгүл Қосанова, PhD доктор Бағлан Бәбіжан және ғылыми қызметкері, жерлесіміз Ермек Қазмұхамбеттің көмектері ерекше болды. 

 –Мұндай ғылыми конференция алғаш өткелі отыр екен. Сол жайында азырақ тоқтала кетсеңіз.
 
 –Қазірден бастап жазда ауқымды республикалық деңгейде конференция болады деп дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Оған Алмасбек Алматов келеді. Ол кісі Тобыл-Торғай жеріне ғылыми-зерттеу экспедициясын жүргізу керек деген ойын айтпақшы. Ал Бағлан Бәбіжан сол жиналған мол дүниені қалай сақтау керек екенін түсіндіріп, жолын көрсетеді. Айгүл Қосанова әндерін орындайды. Консерваторияда Науырзым ауданының тумасы Шерхан деген жігітпен таныстым. Ол Айтбай Мұздаханов, тағы да басқа Торғайдан шыққан күйшілердің шығармаларын зерттеп, докторлық жұмыс қорғап жатыр екен. Ол да келемін деді. Зерттеуші Шолпан Тәткеновамен де кездестім. Ол Арқалық қаласының тумасы. Нұржан бабамыздың жұмыстарын зерттеп жүр. Енді болашақта осындай кісілердің басын қосып, маңызды іс атқарамыз деп отырмыз. Алып келген материалдардың ішіндегі ең бастысы – Сыздық Әбілғазиннің Нұржан Наушабайұлының шығармаларын орындаған жазбалары. Бұл жазбалар тек тарихи құндылық қана емес, музыкалық мұрамызды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жолында үлкен көмек болады. Сонымен қатар, осындай ғалымдар мен өнер қайраткерлерінің қатысуы, олардың өз тәжірибелерін бөлісуі үлкен маңызға ие. Бұл конференция, әрі ғылыми жұмыс, әрі мәдени іс-шара ретінде өтетін болады.
 
 –Алыс жолдан қандай мұра ала келдіңіз?
 
 –Торғайдың тумасы, белгілі ақын, жыршы, күйші Ахметхан Әбіқаевтің ұлы Болатбекпен таныстым. Ол кісіде әкесінің біраз дүниелері сақталыпты. Оны уақытша көшіріп алуға берді. Осынша мол дүние Қостанайда сақталуы керек деп ойлаймын. Бұл біздің мұрамыз. Мүмкін болса, өзімізде зертханалық орталық ашсақ деген ойым бар. Ол қай жерден ашыларын білмеймін. Осы әкелген дүниелер жоғалып кетпеуі керек. Облыстық халық шығармашылығы орталығының кинобейнеқор деген де атауы бар. Мүмкін біздің орталықта сақталып, болашаққа жетер. Бұл сол үшін жасалып жатқан жұмыстардың алғашқы аяқалыстары.
 Мені таңқалдырған дүние – консерваторияның ішінде біздің өңірдің тұлғаларын зерттеп, насихаттап жүрген жандар бар екені. Олардың көбі біздің өңірдің азаматтары. Олар өңірге, өнерге деген жанашырлығының арқасында үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Ол ортаның істеп жатқан еңбегі ұшан-теңіз. Ал оларды Қостанайдан осындай құнды дүниелерді іздеп, зерттеп жатқаны қызықтырды. Көп облыстар мұндай жұмыстарға көп көңіл бөлмейді екен, тек Маңғыстау облысы ғана келіп, бірнеше құнды мұраны сатып алып кетіпті. Ал біз, жақсы адамдардың жанашырлығының арқасында, осы мұраларды жинап, сақтап алып жатырмыз.
 Ендігі жұмыс осының бәрін реттеп, құнттау керек. Алмас ағайдың бір ойы – Аманкелді, Жанкелдин, Арқалық қаласы, облыстағы барлық өңірді аралап, өнерпаздарды жазып, халық шығармашылығы орталығына тапсырып, сақтау керек деді. Бұл идеяны жүзеге асыру арқылы біз өзіміздің мәдени мұрамызды, тұлғаларымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап қалуға мүмкіндік аламыз. Әрбір құнды дүниені зерттеп, жинақтап, жүйелі түрде мұрағатта сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу – ең басты міндетіміз.
 
 –Ендігі мақсат қандай болмақ?
 
 –Жаңа бұл бастамасы ғана деп айтқан болатынмын. Әрине, мүмкін менен де бұрын барып, жекелеген азаматтар зерттеген шығар. Өз басыма бұл үлкен жаңалық болды. Жаңа бізде де ғылыми-зерттеу орталығы, қор болса деп айтқаным сол еді. Бұл ойымды басшылар да қолдай жатар. Енді телевидение мен «Қазақ» радиосына да хат жолдап, сұрастыру ойда бар. Олардың «Алтын қорында» біраз дүние жатыр деп естідік. Рұқсат берсе, ол жерге де барып, қоржынымызды толтырармыз. Себебі, бізде сақталып жатқан материалдардың барлығы үлкен құндылыққа ие. Мұндай мұраларды жинақтап, зерттеу тек болашаққа ғана емес, бүгінгі қоғамға да қажет.
 Сондай-ақ, болашақта осы жинақталған құнды дүниелерді арнайы көрмелер мен зерттеу жұмыстары арқылы халыққа таныту керек. Қорды тек сақтау ғана емес, оны халыққа жеткізу, әрбір адамның мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру да маңызды. Сонымен қатар, бұл жұмыстарды тек ғылыми қауымдастықта ғана емес, жастар арасында да насихаттау керек. Өйткені, жастар өз тарихын, өнерін, мәдениетін білуі тиіс. Ол үшін мектептерде, жоғары оқу орындарында арнайы курстар ұйымдастыру, шығармашылық кештер өткізу қажет болар. Жалпы мақсатымыз – мәдени мұрамызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны зерттеу арқылы өз тарихымызды жаңғырту.
 
 – Әңгімеңізге рақмет!
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
28.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Петрушка» балалар театры @petrushka_kst жетекшісі Хабибулина Н.Д.«Жанұя» @zhanyia.kst балалар үйіне барды
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
28.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
«Мұқаш – ел аманаты» атты тарихи қойылымының премьерасы өтті.
26.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Ізденіспен өткен 30 жыл: «Ақдариға» халық хорының жетекшісі Арыстанбай Өмірзақовпен сыр-сұхбат
24.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! 25 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концерті Қазақстан Республикасында жарияланған жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты тоқтатылды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
24.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 ҚАЗАН — ҚАРТТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА! «Мирас» мәдениет сарайында «Алтын жас» әуесқой шығармашылық фестивалі өтеді!
21.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Еңбек күні құтты болсын!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
«Туған жерге тағзым» мерекелік кеші өтті
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
28.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру