altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
«Рухани жаңғыру» аясында азаматтардың еңбегі еленді
11.06.2018
1473
0




 

«Рухани жаңғыру» аясында азаматтардың еңбегі еленді



 

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан «100 жаңа есім» жобасы елдің, ұлттың тұтас мемлекет болып нығаюына, экономикалық өрлеу, руханиятты байыту салаларына сүбелі үлес қосқандардың еңбегін бағалауды мүдде тұтады. Сондай-ақ, осы бастама арқылы жастар арасында кәсіби бәсеке орнатуды көздейді
 

Бұл мақаламызда «100 жаңа есім» жобасының жоспарына еніп, еткен еңбектері еленіп жатқан азаматтар турасында сөз қозғаймыз. Толқыған көңіл. Еленген еңбек. Өтелген парыз.

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің дамуына елеулі үлес қосып, адамдардың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін олардың өмір тарихы арқылы жас ұрпаққа насихаттауды мақсат тұтқан имидждік бірегей жоба бүгінде халықтың бірауыздан рухани қолдауына ие болып үлгерді. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» – тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, саналуан этнос өкілдерінің тарихы. Оның арасында еліміздің туын биікке көтерген спортшылар мен ақ халатты дәрігерлер, меценаттықпен көзге түскен белді кәсіпкерлер, сондай-ақ ғалымдар, мәдениет пен қоғамдық салада ел аузында жүрген азаматтар бар.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап қолға алынған жобаның іріктеу жұмыстары бірнеше кезең негізінде жүзеге асырылды. Байқауға қатысушы үміткерлер қызмет саласы бойынша 6 санатқа бөлініп, топтастырылды. Арнайы іріктеу мен дауыс берудің қорытындысы бойынша 2112 үміткердің ішінен 102 жеңімпаз анықталды. Байқауда топ жарған көшбасшылар арасында: спорттан – 13, ғылымнан – 18, мәдениеттен – 10, медицинадан – 18, бизнестен – 13, қоғамдық саладан 30 адам «Қазақстанның 100 жаңа есімі» қатарын толықтырды.

«Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр. Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқиғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құралдарының басты нысанасына айналуға тиіс», - деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бағдарлама құндылығын өз мақаласында айрықша атап өткен болатын.

Тәуелсіздік алғаннан бергі 26 жылдық тарихында еліміз талай белестерді бағындырып, үлкен биіктерден көрінді. Сындарлы саясат пен көреген басшының арқасында Қазақстан әлемді таныды, өзін әлемге танытты. Әрине бұл жекелей адамдардың емес, жұмылған жұдырықтай ауызбіршілік пен жанкештілікте тер төккен тұтастай халықтың, әрбір қазақстандықтың ересен еңбегі мен маңдай тер, қажыр-қайратының, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің жемісі екені сөзсіз. Әр адамның тағдыры жекелей бір тарих десек, «100 жаңа есім» жобасына енген 102 есімнің де сондай 102 түрлі тағдыры бар. Түрлі салада ерекшелігімен көзге түсіп, дараланған бұл тұлғалардың әрқайсысы жеке-дара құрметке лайық. «100 жаңа есім» жобасына енген таланттар сол қалың қауымның бір парасы ғана. Ондай ерендер ел ішінде көптеп саналады. Алайда олардың бірін білсек, екіншісін тани бермейміз. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Демек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «100 жаңа есім» жобасының да көздегені осы – жанымызда жүрген жақсыларды, таланттарды жалпақ жұртқа, қалың қауымға таныту.

Байқағанымыздай, жеңімпаздардың дені – жастар. Олай болуы заңды да. Себебі ел тәуелсіздігімен егіз жасасып, ұлт келешегін кемелдендіретін – егемен елде дүние есігін ашып, еркін ой қалыптастырған азат ойлы жастар десек, сондай таланттардың «100 жаңа есім» қатарынан көрінгені көңіл қуантады. Мәселен, өнерімен әлемді тамсандырып жүрген 18 жастағы композитор Рахат-би Әбдісағиннің өмір жолы бұл ойымызға дәлел. Жас сазгер 13 жасында орта мектепті тәмамдап, қазір тарихы тереңнен тамыр алатын Римнің ең үздік өнер ордаларының бірінде докторантурада білім алып жатыр.

«100 жаңа есім» жобасы әлемде әлі қалыптаспаған тың жоба екені сөзсіз. Себебі мұндай жоба ешбір елде болып көрмеген, алғаш рет Қазақстанда қолға алынып және осы бірегей жобада жеңімпаздардың қатарынан көріну маған үлкен шабыт қана емес, ауқымды жауапкершілік те жүктеп үлгерді. Өмірге әкелген әрбір туындымның артында туған елім тұрғанын сезінгендіктен де, сол жауапкершілік мені ерекше шабыттандырады. Қазақ деген ұлы халықтың ұлылығын әйгілеу үшін барынша тырысып еңбектеніп жатырмын. Себебі біздің әрқайсымыздың қолымызда, істеген ісімізде, жүрегімізде ұлттың намысы, абыройы тұр. Соны төмен түсірмей, керісінше, асқақтату – барлығымыз үшін үлкен сын деп білемін» - деп жас композитор өзінің толқынысын жеткізді. Музыка саласы бойынша жеңімпаз атанған тағы бір өнерлі жас, опера әншісі Медет Шотабаев та бұл пікірді қуаттап, аталмыш жобаның қазақ өнерін жаһанға танытудағы рөлі орасан екендігіне ерекше тоқталды.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жас өнерпаздарды шабыттандырып қана қоймай, олардың өзіне деген сенімін оятуда да әсері айрықша. «Елімнің ертеңі үшін мен де үлесімді қоса алады екенмін ғой» деген сенімнің өзі біздерді жігерлендіреді, алға қарай ұмтылдырады. Сондықтан да бұл жоба дер шағында өмірге келген ауқымды бағдарлама деп есептеймін. Әсіресе жастар үшін берері мол», -  деп түйді өз ойын.

Аталмыш жоба арқылы тек ел алдында жүрген өнерпаздар ғана емес, Мемлекет басшысы мақаласында атап өткен, халық көзінен тасада жүріп, тау қопарарлық қыруар шаруа атқарып жүрген өз ісінің шын мәніндегі шеберлерімен танысуға да үлкен мүмкіндік туды. Сондай жеңімпаздар қатарында 10 жылдан бері кітапхана саласында табан аудармай еңбек етіп, Ұлттық кітапхана қорын толығымен электронды нұсқаға аударған IT маман Нұржан Жолдыбалинов пен аударма саласында айтулы жетістіктерге жеткен кәсіби тәржімашы Қуаныш Жұмабектің есімін айрықша атап өтуге әбден лайық.

«Қазір ақпараттық технологияның дамыған кезі. Оқуға ынталы кез келген адамға кітап қай жерде де: қалада жүрсе де, далада жүрсе де қолжетімді болуы керек. Бұл тұрғыда электронды кітапхананың маңызы зор. Осы мақсатпен ұлттық электронды кітапхананы құрдық. Енді алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған келесі тармақ латын графикасына көшу жобасын қолға алып, кітапхана қорын 2025 жылға дейін толығымен латын қарпіне көшіруді бастап кеттік. Нақты мақсаттар жолында еңбектеніп жатырмыз. Алда жоспар өте көп», - дейді кәсіби кітапханашы, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Нұржан Нұрланұлы.

Нұржан қазақ оқырмандарына әлем әдебиетінің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тынбай еңбектенсе, Қуаныштың арманы – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын ағылшын тіліне аудару.

«Өз басым аудармаға кіріспес бұрын қазақ және ағылшынның танымал романдарын көптеп оқыдым. Мен үшін аударма қиынға соғады деп айта алмаймын. Мәселен, кейбір ағылшын тіліне аударылған кітаптарда киіз үй деген сөз «тенд» деп берілген екен. Ал «тенд» деген сөз «шатыр» деген мағынаны білдіреді. Яғни көптеген аудармалардың, меніңше, мағынасы ашылмаған. Сондықтан аудармаға алдағы уақытта баса ден қойсам деймін», - дейді аудармашы Қуаныш Жұмабек.

Расында да, Елбасы атап өткендей, қазір заман – жастардікі! Жастардың жетілуі мен рухани дамуына барлық жағдай жасалған. Тек мақсатыңды ақиқатқа айналдыру жолында еңбектенсең, тер төксең болғаны: арманың – алақаныңда!

Бұл – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» қатарына енген елеулі есімдердің бір парасы ғана. Тізімді толықтырған 102 адамның әрқайсысының халыққа, өскелең ұрпаққа үлгі болар жекелей жетістігі бар. Олардың әрбірінің қай салада жүрсе де көздегені біреу – егемен елдің ертеңін жарқын етіп, келешегін гүлдендіру. Бұл бастама – жастарды, келешек ұрпақты жаңа жобалар мен тың идеяларға бастайтыны, жанына жігер дарытып, жақсы істерге ынталандыратыны сөзсіз. Бірегей жобаның болашағы бұлыңғыр болмақ емес.

Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
20.11.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 20 қараша күні Денисов аудандық Мәдениет үйінде қазақтың ұлы композиторларының бірі - «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Өткен және қазіргі ән» аймақтық фестивалі өтті. Кеш барлық қатысушыларды музыка мен өнер әлеміне апаратын әдемі әуендер мен әндерге толы болды. Фестиваль қатысушылары көрермендерді өздерінің таланттарымен және музыкаға деген құштарлығымен қуантып, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды. Аймақтық фестивальге Денисов, Қамысты, Б.Майлин аудандары мен Жітіқара қаласынын өнерпаздары қатысты.
20.11.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 2024 жылдың 20 қарашасында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің әртістері Әуликөл ауданында өткен «Таза Қазақстан» акциясы аясында мәдениет үйлерінің, өнер мектептерінің қызметкерлері, аралас командалары (4+2) арасында волейболдан аудандық ашық турниріне қатысты
19.11.2024
Денисов дом культуры
«Түйемойнақ» театр ұжымы
18.11.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Әнім саған, туған ел!
18.11.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Өнер ардагеріне құрмет көрсетілді
15.11.2024
Б. Майлин дом культуры
Атақты жерлесіміздің мерейтойына орай
15.11.2024
Б. Майлин дом культуры
Мәңгі жүрегіміз бен жадымызда
15.11.2024
Б. Майлин дом культуры
Бейімбет Майлин 130 жылдығына
14.11.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 14 қараша күні Денисов аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасынының ұлттық валюта күніне арналған «Теңге - ұлттық құндылық» атты мерекелік бағдарламасы өтті.Іс-шара барысында, қаржы саласының қызметкерлерін Денисов ауданы әкімі Катпаев Руслан Жоламанұлы құттықтап, өз атынан грамоталарымен алғыс хаттарын табыс етті,сондайақ қаржы саласының ардагерлерін атап өтті, және жас мамандарды мерекемен шын жүректен құттықтады.
11.11.2024
Денисов дом культуры
Бүгін, 2024 жылдың 11 караша күні аудандық Мәдениет үйінің кіші залында қазақ жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Халықтан шыққан тума талант», атты танымдық бағдарламасы өтті.
11.11.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 10 қараша күні Денисов аудандық Мәдениет үйінің «Бренд Әлем» КВН командасы, құрамында - Есенкелді Сырым, Самат Әли, Жолдыхан Азамат, Амангелді ауданында өткен «Жайдарман» облыстық финалдық лигасына қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды. «Жайдарман» финалдық лигасының сайысын ұйымдастырушылар – «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамының бірлестігі, «Қостанай КВН» облыстық филиалы, «Жайдарлы жастар» облыстық қоғамдық қоры.
11.11.2024
Қостанай ауданы дом культуры
"Өнеріміз сағантҚазақстан"
08.11.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» қалалық мәдениет сарайы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұжымы Қостанай облыстық мәслихатының грамотасымен марапатталды
05.11.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TV: «Өнеріміз саған, Қазақстан» // 24.10.2024
05.11.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 4 караша күні Денисов аудандық мәдениет үйінде XXXVII «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі
04.11.2024
Б. Майлин дом культуры
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXXVII облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі
01.11.2024
Әулиекөл дом культуры
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» 37-ші облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылық байқау – фестивалі
31.10.2024
Денисов дом культуры
Жарнама
30.10.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TV: «Тобыл толқыны» байқауы
28.10.2024
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @qostanai_tany Қостанайдағы “Мирас” мәдениет сарайында дәстүрлі “Тобыл толқыны” байқау-фестивалі дүркіреп өтті
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
«Түйемойнақ» театр ұжымы
Автор: Денисов дом культуры
19.11.2024
Ary qaraı
QOSTANAI TAŃY: Әнім саған, туған ел!
Автор: Қостанай қ. дом культуры
18.11.2024
Ary qaraı
QOSTANAI TAŃY: Өнер ардагеріне құрмет көрсетілді
Автор: Қостанай қ. дом культуры
18.11.2024
Ary qaraı
Атақты жерлесіміздің мерейтойына орай
Автор: Б. Майлин дом культуры
15.11.2024
Ary qaraı
Мәңгі жүрегіміз бен жадымызда
Автор: Б. Майлин дом культуры
15.11.2024
Ary qaraı
Бейімбет Майлин 130 жылдығына
Автор: Б. Майлин дом культуры
15.11.2024
Ary qaraı
"Өнеріміз сағантҚазақстан"
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
11.11.2024
Ary qaraı
QOSTANAI TV: «Өнеріміз саған, Қазақстан» // 24.10.2024
Автор: Қостанай қ. дом культуры
05.11.2024
Ary qaraı
Жарнама
Автор: Денисов дом культуры
31.10.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý