altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Біздің МіндетімізОрталық туралыХалықтық (Үлгілі) ұжымдарыҚостанай облысының МҰ сайттарыСұхбатФото мен бейне галереясы«Шабыт қанатында» журналыБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
Бахтияр Қабасов: «Рухани жаңғыру» – мәңгілік тақырып
31.05.2018
1947
0





 

Бахтияр Қабасов: «Рухани жаңғыру» – мәңгілік тақырып

 


 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі міндеттерін жалпы халыққа түсіндіру мен насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында үстіміздегі жылдың басында «Рухани жаңғыру» атты республикалық қоғамдық-саяси, әдеби-мәдени журналы жарық көрген болатын. Аталмыш басылымның Бас редакторы Бақтияр Мырзаханұлы Қабас мырзадан сұхбат алудың сәті түскен еді, қадірлі оқырман, сол сұхбатты Ruh.kz сайты назарларыңызға ұсынады.
 

Ассалаумағалайкүм, Бахтияр Қабасов мырза! Өзіңіз туралы аз-кем мағлұмат бере кетсеңіз.

– Уа алейкүмассалам, рақмет! Иә, өзімді қысқаша таныстырып өтер болсам, мен Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қарабөгет ауылында дүниеге келдім. 1992 жылы Қарабөгет ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, Алматы қаласына қоныс аударуына байланысты, 5-сыныптан бастап Алматы қаласындағы №19 мектепте білім алдым. Мектеп қабырғасында оқи жүріп, республикалық «Ұлан» газетінің жас тілшісі атандым. Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқанымның арқасында 2000-2001 ж. ҚР Премьер министрінің Алғыс хатымен марапатталдым.2003 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-не оқуға түсіп, осы ЖОО оқи жүріп, ең алғашқы еңбек жолын ҚР спорт министрлігіне қарасты «Sport&KS» газетінен бастадым. 2011 жылы «Тарланбоздар» атты тұңғыш кітабым жарыққа шықты. Тұңғыш кітабымның жарыққа шығуына орай, спорт министрі Алғыс хатын табыстады. 2011-2012 жылдары Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Көктөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік қызметтеде бақ сынап көрдік. Ал, 2012 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Талғар ауданының қоғамдық-саяси «Талғар» газетінің директор-бас редактор қызметін атқарудамын.Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап республикалық қоғамдық-саяси, әдеби-мәдени, ғылыми «Рухани Жаңғыру» журналының бас редакторы қызметін қатар атқарудамын.

– Иә, рақмет, Алла еңбегіңізге береке берсін. Негізгі сұрағымызға көшсек, бүгінгі көзі қарақты оқырманға бірнеше жылдан бері журналист ретінде танылып келесіз, биылдан бастап республикалық «Рухани жаңғыру» журналының тізгінің қатар алып келе жатырсыз. Журналыңыз қай кезден бастап шыға бастады? Таралымы қанша? Жалпы журналыңыздың бағыт-бағдары жайында айтып өтсеңіз.

– Жоғарыда айтқанымдай, «Рухани жаңғыру» журналы осы жылдың басынан бастап шыға бастады. Айына бір рет жарық көріп отыр. Осыған дейін журналымыздың 5 нөмірі шығып үлгерді. Енді 6 нөмірге дайындық кетіп жатыр. Осы жарты жылдағы көрсеткіш жаман емес, әзірге журналға бес мыңнан астам оқырман жазылыпты. Алдағы екінші жарты жылдықта мұнан да жақсы көрсеткіштерге жетеміз деген үмітіміз жоқ емес. Ал, журналдың бағыт-бағдарына келер болсақ,аты айып тұрғандай «Рухани жаңғыру» журналы – Елбасының мемлекеттік үлкен маңызға ие «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру мен насихат жұмыстарын жүргізіп отыруға арналған бірегей басылым ретінде танылып келе жатыр.

– Белгілі қаламгер Тоқтарəлі Таңжарық еліміздегі жүріп жатқан процестің бірі – Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы туралы «жалпыхалықтық ұран аясында атқарылып жатқан істе қисап жоқ. Мыңдаған шараның бәрі осы бағдарламаның логотипімен көмкеріліп, барлық шара "руханизацияланған" бүгінгі таңда, ненің рухани, ненің бейрухани екенін білуден қалдық», дейді. Дегенмен сіз басқарып отырған журналға оң баға беріпті. Ал сіздің бұл ісіңіз кезекті науқаншылдықтың бір көрінісі емес пе? Жалпы журналды ашудағы мақсатыңыз қандай болды? Ойыңызды тарқатып айтып берсеңіз.

– «Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты» дегендей, расында елімізде «Рухани жаңғыру» процесі қарқынды жүріп жатқандықтан еліміздегі өтіп жатқан кез келген іс-шара осы тақырыпты желеу ете аталмыш бағдарламаға мейлі қатысты болсын, қатысты болмасын «сөз сөйлеулері» күлкі тударары хақ. Сізге, бір қызық айтайын, мені өткенде бір жиынға қонақ ретінде шақырды. Бардым. Былай қарағанда жиынның Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарласына қатысы шамалы, сондағы қызық дегенім, жиында алдымызға тағам тартылды. Тағамның аты – «Рухани жаңғыру» екен. Әні сізге керек болса... Дегенмен, бағдардарламаның негізгі мақсатын түсінбегендерді жазғырмайсың, бірақ әр нәрсенің шегі болу керек. Бағдарламаның буымен ойыңа келгенді де жасай беруге болмайды. Сондықтан біз «Рухани жаңғыру» журналды ашудыға негізгі мақсатымыз арзан атақ пен жеңіл жолмен үлкен табысқа кенеліп, мен де атымды бәйгіге қосып қалайын деген ой емес еді. Біздің мақсат – Елбасының жобасын сарабдал сана мен озық тәжірибенің тезінен өткізе отырып, халыққа түсіндіру, еліміздегі болып жатқан кішігірім өтті-кетті жаңалықтарды емес, өте маңызды деген хабарлар мен өзекті мәселелерді тілге тиек етіп отыру болды

Журналыңызда Елбасының аталмыш бағдарламасының қай бағыттары бойынша жаңалықтартар жасалынуда?

– Бағдарламадағы барлық бағыттар қамтылған десек те болады. Журналымыздың тағы бір жаңалығын айта кетсем, Қыздар Педагогикалық Университетінің философия ғылымының докторы Сапар Оспанов ағамыздың ұсынысымен басылымымыздың бағыты ғылыми деген атпен толығып отыр. 

– Еліміздегі аталмыш бағдарлама аясында жасалып жатқан істерге қандай баға бересіз? Неге көңіліңіз толмайды?

– Өте жоғары деген баға беремін. Себебі мен тек қана Алматы облысы бойынша атқарылған істерге шағын тоқтала кетейін. Алматы облысында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жуық жылдарда облыстағы 243 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіледі. Оның 7-еуі өткен жылы жасалса, биыл 11 жобалық-сметалық құжаттама, 2 қалпына келтіру және 3 күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облысымызда туып-өскен кәсіпкерлер мен меценаттар елді-мекендерді өркендетуге жақсы қолдау көрсетіп келеді. Мəселен «Туған жер» арнайы жобасының шеңберінде өткен жылы олардың көмегімен 193 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында: «Батыр бабалар» мемори­алды музейі (465 млн тг) мен «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы бар. «BN INVEST» холдингі Қарасай ауданы Шамалған ауылында халықтың әлжуаз топтарының қатарындағы отбасыларына 160 млн теңгеге 17 тұрғын үй салып берді. «Амал Био» ЖШС жетекшісі, кәсіпкер Асқар Сабиров 30 млн теңгеге Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылындағы қараусыз қалған саябақты қайта жаңғыртып, балалар жəне футбол алаңдарын салып берді. Меценат Азамат Молдақасымов Балқаш ауданында бірқатар іргелі істерге мұрындық болды. Атап айтқанда, бастауыш мектеп, балалар алаңы салынды, ауылдың ішкі жолдары жөнделіп, түнгі жарық шамдары орнатылды. Жалпы алғанда кәсіпкер Бояулы ауылын көркейтуге 650 млн теңгеден астам қаржы құйды. Белгілі меценат Бауыржан Оспанов жастар мен бизнесті дамытуға қолдау білдіріп, Алакөл ауданында 12 жас кәсіпкердің үздік бастамасына 1 млн теңгеге дейін гранттар тағайындады. Шаруа қожалығының басшысы Темірлан Шайнүсіпов Жамбыл ауданы Ақтерек ауылында 140 млн теңгеге 20 тұрғын үй салды. Ол туған ауылында балабақша, балалар алаңдары мен спорт алаңдарын тұрғызып, жолсалып берді. Жалпы өңірде мұндай мысалдар көп. Олардың арасында Алакөл, Қарасай аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, Кербұлақ ауданы Тастыбастау ауылында мектептің, Алакөл ауданында патронаттық отбасына арналған үйдің құрылысы мен Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында ұлы ақын, жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың ескертікішін атауға болады.«Жырға тұнған мекенім – Жетісуым» жобасы бойынша 43 жергілікті ақын-жазушының кітаптары жарық көрді. «Жетісу балалар кітапханасы» жобасы бойынша 6 автордың балаларға арналған түрлі жанрдағы антологиясы басылып шықты, сөйтіп 24 мың дана кітап оқырманға жол тартты. Тізе берсек жетерлік. Осының бәрі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында іске асқан дүниелер. Ал жалпы аталмыш бағдарлама аясында еліміз бойынша атқарылып жатқан шаруаларға тоқталатын болсақ материал көлемі көтермесі анық.

«Қазақ тіліндегі 100 оқулықтың» 18 кітабы аударылып бітті. Оқырмандарға жол тартып, аударылған кітаптар төңірегінде көптеген жиындар мен насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қазақстандық аударма ісіне көңіліңіз тола ма? 18 кітаптың аудармасы сын көтере ме?

– Өкінішке орай 18 кітап әлі қолыма тие қойған жоқ. Десек те көңілім толады. Аударма бюросында қызмет атқарып жүрген азаматтар мен азаматшалардын  көбісін танимын. Олардың бәрі өз ісінің мамандары екеніне күмәнім жоқ. Сондықтан да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көріп жатқан кітаптардың сапасы сын көтере алады деп нық сеніммен айта аламын.

– Рухани жаңғырудың түпкі мәні неде? Жалпы жұрт рухани жаңғыруды қалай түсініп жүр?

– Рухани жаңғыру деген тек қана 20-30 адамның басын қосып «рухани жаңғырайық» дегенімен бітетін іс емес. Бұл – үлкен елдік мәселе һәм Елбасымыз бастаған мемлекеттіміздің болашаққа басқан ең маңызды қадамдарының бірі. Менімше «Рухани жаңғыру» бағдарламасы дер кезінде, өз уақытында қабылданған шешім. Рухани жаңғыру – мәңгілік тақырып. Елбасы бізге баянды болашаққа жол көрсетті, бізге соны ары қарай алып кету ғана қалып тұр. Сондықтан ұлт зиялылары мен көзі ашық оқыған азаматтары осы стратегияны одан әрі дамытып, елдің ертеңі үшін аянбай тер төгулері тиіс. Сұрағыңыздын екінші бөлігіне келсем, расында біз әлі «рухани жаңғырудың» не екенін әлі толық бағамдай алмай жатқан сияқтымыз. Менімше рухани жаңғыру деген – ұлттық негізіңді сақтап қалудағы күрес. Оған – тіліңді сақтап қалу мен ол тілде таза сөйлеу, тарихи жадыңды қалпына келтіріп, тектілігіңді тану, салт-дәстүріңді ұтымпау жатады. Жалпы «Рухани жаңғыру» – ел игілігі үшін атқарылуға тиісті кең ауқымды іс-шаралардың жиынтық атауы.      

P.S. Расында, Бахтияр Қабасов мырзаның жоғарыда келтірген келелі кеңестері мен абыроймен атқарып келе жатқан істері мақтауға тұрарлық. Арзан атақ пен мол табысты көздемей, ісінің сапасы мен оның елге тигізер пайдасын бірінші орынға қойған жүректілігіне де тән бердік. Сонымен қатар, оның ішкі және сыртқа сұраныс пен талаптарға толық жауап бере алатын, мемлекеттік мәселелерге еркін үн қатуға құзіреті мол, елдік, ұлттық мүддеге терең тамыр жіберген «Рухани жаңғыру» журналы да көңілге қуаныш сыйлады.  Сондай-ақ, бұл басылымның Елбасының мемлекеттік үлкен маңызға ие «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша атқарылып жатқан істерді елге жеткізу мен аталмыш жобаның негізгі мақсат-міндеттерін түсіндіру жолындағы ілкі қадамдары көпке үлгі болады деп сенеміз.          

ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
02.12.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @kineu.kz Біз сізді жақсы көреміз, құрметті ұстаз! 🎊Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде жүректерді ерекше кеш өтті.
29.11.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 29 қараша күні Жітіқара ауданының Пригородное ауылында Денисов ауданының мәдениет үйі жанынан құрылған «Түйемойнақ», театрының көшпелі қойылымы өтті
28.11.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 28 қараша күні Жітіқара ауданының Пригородное ауылында Денисов ауданының шығармашылық ұжымы KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Туған елім – Туған жерім» атты концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті.
28.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
2025 жылғы 28 қараша күні сағат 10:00-де «Мирас» қазақ халық аспаптарының этнографиялық ансамблі Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің KEnEU International Week 2025 халықаралық бағдарламасына қатысты. Аталған шара қазақтың көрнекті ағартушысы, жазушысы, қоғам қайраткері Мыржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналды.
28.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TV: «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» ФОРУМЫ
28.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
ALAU TV: Қостанай облысында «Еңбегі жаңған арулар» байқауының жеңімпаздары анықталды
27.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
2025 жылғы 27 қарашада «Мирас» Мәдениет сарайында үрмелі оркестр «Pro_luboff» ұжымы оркестрдің бұрынғы жетекшісі — Алексей Алексеевич Губенконың рухына арналған концерт өткізді
27.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Костанайда «Еңбегі жанған арулар» атты облыстық әйелдер форумы өтті
27.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
📍27 қараша 2025 жыл Лайықты марапатыңызбен құттықтаймыз!✨ Мәдениет саласының үздік қызметкері Иманова Зұхра Өтепбергенқызы Қостанай облысы әкімі Құмар Ергебайұлы Ақсақаловтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
27.11.2025
Федоров дом культуры
"Шекіз шығармашылдық - 2025"
26.11.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 26 қараша күні Денисов аудандық Мәдениет үйінде Денисов № 3 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымымен бірігіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концертін өткізді.
26.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
26 қарашада “Мирас” мәдени ет сарайында А. Байтұрсынов атындағы Қазақ ұлттық мәдениет университетінің (ҚҰУ) студенттерінің тыңдалымы өтті
25.11.2025
Денисов дом культуры
cпектакль «Оян, казак!» 25.11.2025
25.11.2025
Денисов дом культуры
Бүгін кешке, 2025 жылдың 25 қараша күні, Денисов аудандық Мәдениет үйінің сахнасы терең де эмоционалды мазмұнды "Оян, қазақ!" атты театрландырылған қойылымға арқау болды. Алаш-Орданың көрнекті қайраткері, жазушы және ағартушы Мыржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына негізделген бұл спектакльге «Түйемойнақ» театры көптеген көрермен жинады. Актерлік құрам мен режиссерлік жұмыс қазақ халқының ұлттық санасы оянған XX ғасырдың басындағы дәуір рухын жеткізе білді. Көрермендер Мыржақып Дулатовтың білім мен бірлікке шақырған күшті үндеуі болған «Оян, қазақ!» кітабын жазу және тарату кезінде қандай кедергілерге тап болғаны туралы драмалық тарихты тамашалады. Сахнада ақиқатты іздеу мен ұлттық идея үшін күрес атмосферасы орнады. Декорациялар мен костюмдер өткен ғасырдың басындағы тұрмыс пен жағдайды дәл бейнеледі. Басты рөлді (Мыржақып Дулатовты) сомдаушы актер өз кейіпкерінің ұлттың жарқын болашағына деген барлық қайғысын, батылдығын және мызғымас сенімін көрермендерге жеткізе отырып, ерекше талант көрсетті. Спектакль күшті эмоционалды реакция туғызды. Залда жиі күрсінген дыбыстар естілді, ал финалда басты кейіпкер өзінің тыйым салынған кітабын символдық түрде қолына ұстағанда, көрермендер орындарынан тұрып, әртістерді ұзақ қол соғумен құттықтады. «Оян, қазақ!» қойылымы тек тарихи тұлға туралы ғана айтып қоймай, сонымен қатар ағарту, патриотизм және ұлттық бірегейлікті сақтау идеяларының мәңгілік өзектілігін айқындады. Бұл Денисов ауданының тұрғындары үшін маңызды мәдени оқиға болып, сол кеште Мәдениет үйінде болғандардың жүрегінде терең із қалдырды.
24.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай инженерлік-экономикалық университеті Міржақып Дулатовтың 140-жылдығына орай KEnEU халықаралық ынтымақтастықты нығайту, академиялық ұтқырлықты дамыту және білім мен ғылым саласында тәжірибе алмасуға бағытталған Халықаралық апталық өткізді.  Іс-шараға «Жұлдыз» домбыра ансамблі қатысты, жетекшісі — Тимербекова Айгүл Абаевна.
24.11.2025
Амангелді дом культуры
Амангелдіде «Үздік клуб» байқауы мәреге жетті
21.11.2025
Денисов дом культуры
Бүгін 2025 жылдың 21 қараша күні Денисов аудандық Мәдениет үйінде «Шәмші әндері – халық қазынасы» атты аймақтық фестиваль өтті. ​Іс-шара көрнекті қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналды.
20.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Video by @amangeldytelmanov
19.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін сағат 17:00-де «Мирас» қалалық мәдениет сарайының бірінші қабат фойесінде аға буын өкілдеріне арналған дискотека өтті. Шара би сүйер жандарды бір арнаға тоғыстырып, күннің жағымды түйініне айналды.
14.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қазақтың төл өнерін аспандатқан, аққуындай әсем үнімен ел жүрегіне жол салып, төрелігін айтқан Әсия Беркенованың 75 жас мерейтойына арналған республикалық «АЙДЫН ЖЫРДЫҢ АҚҚУЫ» атты жыр додасы өтпек
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» ФОРУМЫ
Автор: Қостанай қ. дом культуры
"Шекіз шығармашылдық - 2025"
Автор: Федоров дом культуры
cпектакль «Оян, казак!» 25.11.2025
Автор: Денисов дом культуры
Бүгін кешке, 2025 жылдың 25 қараша күні, Денисов аудандық Мәдениет үйінің сахнасы терең де эмоционалды мазмұнды "Оян, қазақ!" атты театрландырылған қойылымға арқау болды. Алаш-Орданың көрнекті қайраткері, жазушы және ағартушы Мыржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына негізделген бұл спектакльге «Түйемойнақ» театры көптеген көрермен жинады. Актерлік құрам мен режиссерлік жұмыс қазақ халқының ұлттық санасы оянған XX ғасырдың басындағы дәуір рухын жеткізе білді. Көрермендер Мыржақып Дулатовтың білім мен бірлікке шақырған күшті үндеуі болған «Оян, қазақ!» кітабын жазу және тарату кезінде қандай кедергілерге тап болғаны туралы драмалық тарихты тамашалады. Сахнада ақиқатты іздеу мен ұлттық идея үшін күрес атмосферасы орнады. Декорациялар мен костюмдер өткен ғасырдың басындағы тұрмыс пен жағдайды дәл бейнеледі. Басты рөлді (Мыржақып Дулатовты) сомдаушы актер өз кейіпкерінің ұлттың жарқын болашағына деген барлық қайғысын, батылдығын және мызғымас сенімін көрермендерге жеткізе отырып, ерекше талант көрсетті. Спектакль күшті эмоционалды реакция туғызды. Залда жиі күрсінген дыбыстар естілді, ал финалда басты кейіпкер өзінің тыйым салынған кітабын символдық түрде қолына ұстағанда, көрермендер орындарынан тұрып, әртістерді ұзақ қол соғумен құттықтады. «Оян, қазақ!» қойылымы тек тарихи тұлға туралы ғана айтып қоймай, сонымен қатар ағарту, патриотизм және ұлттық бірегейлікті сақтау идеяларының мәңгілік өзектілігін айқындады. Бұл Денисов ауданының тұрғындары үшін маңызды мәдени оқиға болып, сол кеште Мәдениет үйінде болғандардың жүрегінде терең із қалдырды.
Автор: Денисов дом культуры
Video by @amangeldytelmanov
Автор: Қостанай қ. дом культуры
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру