Құрметті әріптестер, мәдениет саласының қызметкерлері!
Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Республика күні – халқымыздың азаттыққа деген асқақ арманын, егемендік жолындағы тарихи таңдауын және тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуындағы маңызды кезеңді айшықтайтын ерекше мереке. Бұл күн – Отанға деген сүйіспеншілікті, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді, туған жерге деген құрмет пен ортақ болашаққа деген сенімді нығайтатын қастерлі мейрам.
Бүгінде Қазақстанның өркендеуі мен кемел келешегі әр азаматтың адал еңбегіне, жауапкершілігіне және ел игілігі жолындағы ортақ ұмтылысына байланысты. Ал мәдениет саласының өкілдері ұлттық өнеріміз бен рухани мұрамызды сақтап, дәстүрлерімізді дәріптеу арқылы қоғамның рухани байлығын арттыруға, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарға деген құрметті сіңіруге зор үлес қосып келеді.
Еліміздің бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан, болашағы жарқын болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бейбіт өміріміз баянды болып, Қазақстанымыздың абыройы асқақтай берсін!
Осы айтулы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілейміз. Еліміздің мәдениеті өркендеп, ұлттық өнеріміздің өрісі кеңейіп, әрбір игі бастамамыз жемісті болсын!
Республика күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін!