altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Армысың, Арқа қалам!
21.07.2026
179
0
 
Биыл Арқалық қаласы өзінің айтулы мерейтойын – 70 жылдығын атап өтеді. Бұл – бір ғана қаланың емес, қасиетті Торғай өңірінің, осында кіндік қаны тамған, еңбек етіп, білім алған, жүрегінде Арқалыққа деген сағынышы бар әрбір жанның мерекесі.
 
 Биыл Арқалық қаласы өзінің айтулы мерейтойын – 70 жылдығын атап өтеді. Бұл – бір ғана қаланың емес, қасиетті Торғай өңірінің, осында кіндік қаны тамған, еңбек етіп, білім алған, жүрегінде Арқалыққа деген сағынышы бар әрбір жанның мерекесі.
 
Осы мерейтой қарсаңында Арқалық қалалық әкімдігі облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаевқа ерекше өтініш білдіреді. Оның тілегі Арқалықтың ажары мен айбынын, тарихы мен тағдырын, сағынышы мен мақтанышын жүрекке жеткізетін, халықтың жүрегінен орын алатын жаңа ән дүниеге келсе деген ниет еді.
 
Бұл аманатты Дәмер Қалқаев Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор, «Алтын микрофон» байқауының қазылар алқасының төрағасы Жеңіс Сейдоллаұлына жеткізеді. Бұл таңдаудың да өзіндік сыры бар. Себебі сазгердің жары Алмагүл ханым кезінде Арқалықта білім алып, жастық шағының ең жарқын күндерін осы қалада өткізген. Сондықтан бұл шаңырақ үшін Арқалық жай ғана қала емес, жастықтың, достықтың, сағыныштың мекені. Композитордың жүрегінде көптен бері бұғып жатқан сезім дәл осы сәтте ән болып өрілді. Көптің күткен туынды дүниеге келді.
 
Жаңа әннің сөзін де қазақ журналистикасы мен поэзиясының белгілі өкілдері – жерлес журналист Анар Төлеухан мен ақын Серік Қалиев жазды. Екі қаламгердің жүрекжарды жыры мен Жеңіс Сейдоллаұлының сырлы әуені тоғысқанда, Арқалыққа деген шынайы махаббаттан туған ерекше шығарма өмірге келді.
 
Композитор жаңа әнді алғаш болып өмірлік серігі Алмагүл ханымға тыңдатады. Әнді тыңдап болған соң ол толқып отырып, әзіл шыны аралас:
 «Егер осы әнді жас күніңде шығарғанда, саған тағы бір перзент сыйлар едім...» – деген екен. Бұл сөздің астарында әннің жүрекке жеткен шынайы әсері, өткен күндерге деген сағыныш пен Арқалыққа деген ерекше іңкәрлік жатқандай.
 
«Армысың, Арқа қалам» көп әннің бірі емес, туған жерге тағзым, жастық шаққа сағыныш, елге деген сүйіспеншілік пен жанашырлықтың әуенге айналған көрінісі. Бұл – бір адамның емес, бір қаланың жүрек үні, бірнеше жанның еңбегі. 
 
Мерейтойлық тартудың тұсауы Арқалық қаласының туған күні мерекесінде кесілмек. Әнді автор, композитор Жеңіс Сейдоллаұлы сахнада өзі орындап, туған қала халқына сый ретінде ұсынбақ.
 
Дүниеге «Армысың, Арқа қалам!» атты шынайы сүйіспеншіліктен, сағыныштан және туған жерге деген құрметтен туған жаңа ән келді. Жыр болып ел арасына тарап, әуен болып көңілге қонып, әрбір жанның жүрегінен орын алғай. Қаланың мерейтойына шашу болып, халықтың рухын асқақтатар ортақ әніне айналсын.
 
Асқақ рухың аласармасын, еңсең әрдайым биік болсын! Талай талантты түлеткен, талай тағдырды тоғыстырған қасиетті Арқалықтың мерейі артып, мәртебесі биіктей берсін.
 
Болашағың баянды, бақ-берекең мәңгі болсын! 70 жылдық мерейтойың құтты болсын, ардақты Арқалық!
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
05.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Тіл – халық бірлігінің негізі» концерттік бағдарламасы өтті
03.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашақ кепілі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қыркүйек күні «Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» МДҮ ұжымының шығармашылық өміріндегі маңызды оқиға!
31.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТІЛ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырамыз!  Бағдарламада – әсем әндер, көтеріңкі көңіл күй және өнерпаздардың жарқын өнері.
29.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 тамыз күні сағат 20:00-де Жітіқара қаласында Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертке Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет сарайының солистері қатысты!  Жарқын өнер көрсетілімдері, сүйікті әндер мен мерекелік көңіл-күй көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Свердловка ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
18.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әйет ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайдың қала күні – әсем ән мен көтеріңкі көңіл күйге толы
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
15 тамызда сағат 21:30-да облыс әкімдігі алаңында «NE PROSTO ORCHESTRA» симфониялық оркестрі жарқын өнер көрсетті
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
15 тамызда сағат 21:30-да облыс әкімдігі алаңында қазақстандық эстрада жұлдызы Alem жарқын өнер көрсетті
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Қала күні құтты болсын, Қостанай! Туған қаламыз көркейіп, дами берсін!
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
15.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ – 2026, 2-КҮН
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostanai_tany - Қостанайда қаланың 147 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанай қашан да ыстық: Қонай тұрғындары
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
18.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
16.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
16.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ – 2026, 2-КҮН
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.08.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру