2021 жылдың 27-28 сәуір күндері Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалі жоспарланып отыр.
Аталмыш фестивальде өнер көрсететін облысымыздың аудандық Мәдениет үйі театрларына көмек көрсету мақсатында орталықтың маманы Мұрат Жақсылықұлы Нағашыбай Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелдин аудандарына барып ұжымдармен кездесіп, дайындықтарына қатысуда.