Біздің МіндетімізОрталық туралыХалықтық (Үлгілі) ұжымдарыҚостанай облысының МҰ сайттарыСұхбатФото мен бейне галереясы«Шабыт қанатында» журналыҚостанай обл.метсенаттар клубының лауреаттарыБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
ЖАЗБА АЙТЫС: Аслан мен Әнет
28.11.2020
1958
0
Теги: Айтыс
Абайдың 175 жылдығына арналған жыр-жарысты қостанайлық Аслан Қанғожин мен амангелділік Әнет Жұмабек жалғайды. Естеріңізде болса, Аслан өткен жылғы жазба айтыста 3-орын иеленген еді. Биыл да шабытына қамшы басып көрмек. Ал жобаның жаңа қатысушысы Әнет тәжірибелі қарсыласына қандай қауһар таныта алар екен? Бірге оқиық!
 

Аслан Қанғожин Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сужарған ауылында 1985 жылы туған. Өлең өнеріне жастайынан бой алдырған ақынның жетістігі аз емес. Көптеген облыстық, аймақтық айтыста жарқырай көрінген. Халықаралық, республикалық, облыстық мүшайраларға да қатысып, сан мәрте жүлде еншілеген. 2019 жылғы жазба айтыстың үздік үштігінің қатарынан көрінді. Аслан қазіргі таңда облыстық "Қостанай таңы" газетінде тілші болып қызмет істейді.
Әнет Жұмабек Қостанай облысы, Амангелді ауданында 1986 жылы туған. Бұған дейін өлең додаларына қатысып көрмесе де, оның журналистика саласы  және драма жанры бойынша жеткен жетістіктері бар. Ақындық қабілет-қарымын жазба айтыста сынап көргелі отыр. Ол қазіргі уақытта «Nur Otan» партиясы Амангелді аудандық филиалының  кеңесшісі болып жұмыс істейді.
Олай болса, сөз тізгінін ақындарға ұсынайық.


АСЛАН:
"Сен баста, - депті құрдас, - ал, Аслан",
Айтайық сөздің сұлу, сарасынан.
Мың сәлем өрнекті өлең күткен елге,
Осынау "Жазба айтыс" жобасынан.
Батпаққара ұланын жұп қылыпты,
Жиырмадай үміткердің арасынан.
Ал, құрдас, әдемі айтыс көрсетейік,
Кем қалмай басқа жұрттың баласынан.

Көбейсін көрерменің, тыңдарманың,
Тілейді ел талаптыға нұр жауғанын.
Өңірде бұрын сені көрмеп едім, 
Өлеңде құтты болсын бүр жарғаның.
Жұптаған күннен бастап, мені зерттеп,
Бүгулі жүрген шығар бір бармағың.
"Нұр Отанда" істеймін" деп айтып ең,
Мен білсем, сен ол жерге құр бармадың.
"Болыс болдым, мінеки" дегендейін,
Буына қызметтің уланбағын.
Мақсатың - адамдықты биік ұстау,
Түсінсең Абайдайын тұлға арманын.
"Нұр Отанда", әрине, өсесің ғой,
Шен-шекпенді болған соң кіл жан-жағың.
Қазірден саған айтар тілегім бар, 
Жетсе екен жоғарыға бұл жолдауым.
Бірінші жемқорлықты қойыңдаршы,
Отанның қаласаңдар нұрланғанын.
Қазақ үшін қызмет етем десең,
Ұлт мұратын ұғынған ұл болғаның.

Қарқынын құрдасыңның көзің көрді,
Сынап көр осындайда өзіңді енді.
Бұрынғы журналистің біреуі едің,
Қаламды қолға алатын кезің келді.

ӘНЕТ:
Сөз мəйегін ағыздың, ал, Аслан,
Биліктің ұстамашы жағасынан.
Былтыр ғана 3-ші орын алыпсың ғой,
Киелі жазба айтыс жобасынан.

Жазба айтыс деп біздердің атар таңы,
Көптің бірі емессің қатардағы.
Ассалаумағалейкум, Аслан ақын,
"Қостанай таңының" бір қаһарманы.

Мың сəлем оқырмандар таудан биік, 
Сəлем бердім сіздерге басымды иіп.
Бұрын мені жазба айтыстан көрмеп еді,
Бүр жарайын, бойдағы күшті жиып.

Жырларыңмен, құрдас-ау, жалындағын,
Біліп қой күтіп тұрған бағың барын.
Дүниеге кірпіш болып сен де қалан, 
Əркім де табар əсте орындарын.

Қолдың кірі билік деген келер-кетер,
Жегендердің жазасын Құдай берер.
Жегендер мен "дегендер" аз емес қой,
Қанағат кыл, жыламасаң, бəрі жетер.

Рухани жаңғыру ол тым ыстық,
Болсын деймін бейбітшілік, тыныштық.
Жаңа патша бақыт сыйлап баршаңа, 
Берсін деймін берекемен ырыс-құт.

Тəуелсіздік – ата-баба арманы,
Қаншама ұрпақ ата жолын жалғады.
Аққан қан мен төккен термен келгенін,
Ұландарың ұғып жүрсе болғаны.

АСЛАН:
Ақын десем табатын жырдан бағын,
Айналсоқтап, әріге бір бармадың.
Қаһарман деп асыра мақтап қойып,
Тіліңе тиек бопты жүлде алғаным.
"Биліктің ұстама" деп "жағасынан",
Құрдас-ау, қызық болды бұлданғаның.
Барлық күш "Нұр Отанда" емес пе еді,
Сондықтан, соны меңзеп жырды арнадым.
Билікті "қолдың кірі" дейсің дағы,
Келеді өзің содан құр қалмағың.
Сен айтқандай болса егер, тартып жүрсін
Халықтың қазынасынан "кір қолдарын".

Ақынның көріп жүрміз неше түрін,
Бөсетінін, кейіннен өшетінін,
Немесе ердің құнын, елдің жайын,
Екі ауыз сөзбен ғана шешетінін.
Ақынның бәрі Абай болмасы анық,
Жырлары ғасырларға көшетұғын.
"Қиыннан қиыстырар ер данасы",
Естілсін кемел елге кесек үнің.
Сен бірақ жағынудан әрі аспадың,
Осыдан көрініп тұр өсетінің.

Қазақта Абай - дара, Абай - дана,
Берілген данышпанға талай баға. 
Әйтсе де даттайтындар табылып тұр,
Жолы деп танылудың оңай ғана. 
"Ары жоқ, ақылы жоқ шуылдаққа"
Білмейсің не деріңді сан ойлана.
"Келер буын уы да, балы да - Абай",
Дәл айтқан Сүлейменов* қалай ғана?!
Жаратса кәдесіне мұраларын –
Балынан дәм татқаны талай бала.
Абайды тани білсе әрбір қазақ,
Алдағы күн көрінер арайлана.

ӘНЕТ:
Хош көрдік, амансың ба, қарсыласым,
Ойы ұшқыр, сөзі өткір қаламдасым.
Ел болып тойлап жатқан Ұлы Абайдың,
Жүз жетпіс бес жылдығы, замандасым.

Абай ата қазақтың дара бозы, 
Əр жүректің төрінен орын алған.
Жанар таудай жырлары қара сөзі, 
Ұрпағына мəңгілік үлгі болған.

Теңдесі жоқ олда бір ғаламат, ə? 
Күн секілді əлемге нұрын шашқан.
Мыңмен жалғыс алысып "Абай ата",
Қалың елі қазақтың көзін ашқан.

Бас иіп оны елі ардақтаған,
Алатаудай алыбым, ардақты адам. 
Қазақта Абай дара, Абай дана,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Халықтың мұң-мұқтажын қарау парыз,
Мəселеге біз де тер төгемізде,
Адамның ала жібін аттамадым,
Ол рас, Тəңірім бар төбемізде, 
Қостанайға барғанда тілден ақсап,
Орыстілді қазақтар көреміз де.
Тілді бұрап, қиналамыз, амал қанша,
Солай болғанына көнеміз де.
Туған жерім Торғай деп Амангелді,
Мақтанамыз осында келеміз де.
Осы жайлы не дейсің, Аслан батыр,
Тіл тағдыры қиындау, сенеміз бе?

Жыр жинағы шыққан жоқ демесеңіз,
Өлең-жырым – өмірім, көздегенім.
Кей адам жамандауға жаны құмар,
Бірақ билік жасайды өз дегенін.
Жемқорлық жайында жолдауыңды 
Айтармын, Аслан ақын, сөз беремін.
Барлық күш "Nur Otan"-да, оның рас,
Осылай айтарыңды сезген едім.

АСЛАН:
Тілдің жайын "толғапты" "нұротаншым",
Деп отыр ем "жаңалық" бір ашарсың.
Өзіңдей үміттінің бірі едім мен,
Мәнісін мәселенің сұрасаң шын.
Сөз сөйлеп жиындарда, мінберлерде,
Өзіңді билік жаққа сынатарсың.
Сол кезде Әнет құрдас тіліп айтып, 
Ұлт қамын жеген нағыз ұл атансын.

Осылай әңгімені жобалайық,
Бір жөнге тоқтамасақ болар айып.
Шамамыз, шабысымыз мәлім болды,
Айтысты, ал, құрдасым, доғарайық.

ӘНЕТ:
Жылулық нұрын шашып айналаға,
Шырайлы, шұғылалы келді көктем.
Жалынды "Жазба айтысым" мақтанышым,
Арманым еді осы көптен күткен.
Тілдің жайын "толғапты" "нұротаншым" деп,
Айтың-ау маған қарсы өктемдікпен.
Алғашқы рет шықсам да қорықпаймын,  
Шабамын, құдіретім жеткендіктен.    

Мен жайында білмейсің,
Ал менің мұңым тереңде.
Жалындаған жырларың,
Таныстырды сені елге.
Сен жайында білмеймін,
Сенің де сырың тереңде.  
Ашылмай қалған парақпын,  
Менің де жырым тереңде.
Мүмкіндік берсе қазылар,
Көсілемін, келем де. 
Әріптестерің қолдайды,
Шабытыңа сенем де.
Доғарайық айтысты,
Үзіліс беріп өлеңге!

ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
06.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @qostanai_tany Қостанай қаласында Ұлттық домбыра күніне арналып мерекелік концерт қойылды.🎶
06.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
Сағат 19: 00-де Қала орталығында Елорда күніне арналған "Астана - Қазақстанның інжу-маржаны" атты салтанатты концерт өтті
06.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін сағат 18: 00-де қала орталық сахнасында домбыра күніне арналған "Домбыра-ұлттың рухы"атты концерттік бағдарлама өтті
06.07.2025
Б. Майлин дом культуры
Астана күні мен Ұлттық домбыра күні
06.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанайлықтар! Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Әр шаңырақта оның қоңыр үні шалынып, бабалар аманатын еске салып, ұлт рухын асқақтата берсін!
05.07.2025
Б. Майлин дом культуры
Аудандық спартакиада
05.07.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 5 шілде күні Денисовка ауылының орталық алаңында екі маңызды себеп — Астана күні мен Ұлттық домбыра күнін біріктірген салтанатты іс-шара өтті. 🎶 Әли бұл күні мереке ғана емес, рухани бірліктің, мәдени сабақтастық пен туған жерге деген сүйіспеншіліктің символына айналған "Менің Астанам" концерті шырқалды. ✨Домбыраның үнімен, даланың жүрегінде өткен бейнелер мен болашақ туралы армандар өмірге келді — бұл музыка мен тарих әрқайсымызда өмір сүретінін еске салады.
05.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @din_qostanai_gov - 🔥 Адамның тағдырын қалай өзгертуге болады?
04.07.2025
Әулиекөл дом культуры
Астана күні мен Домбыра күніне арналған «Ұлы дала сазы» атты концерттік бағдарлама өтті
04.07.2025
Б. Майлин дом культуры
Астананың туған күніне орай.
03.07.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 3 шілде күні аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Перелески ауылында Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына, Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған және «Жерді құрметте, ол егін береді» атты концерттік бағдарлама өткізді
03.07.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 3 шілде күні аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Қырым ауылында Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына, Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған және «Жерді құрметте, ол егін береді» атты концерттік бағдарлама өткізді
03.07.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 3 шілде күні аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Қырым ауылында Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына, Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған және «Жерді құрметте, ол егін береді» атты концерттік бағдарлама өткізді
30.06.2025
Денисов дом культуры
.
27.06.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 27 маусым күні Қамысты ауданының 70 жылдығын мерекелеу күніне орай Денисов аудандық мәдениет үйі шабытты жырларымен, жылулық сыйлаған әндерімен көшпелі мерекелік бағдарлама өткізіп, Қамысты ауылының тұрғындарына жай ғана концерт емес, рухани қуаныш сыйлады.Онда жан дүниенің шынайы қуанышын көрсеткен,әрбір естеліктермен мәдени мұраның құндылығын еске түсіретін кезең болды .
26.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін сағат 18:00-де Қала орталығының сахнасында Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған «Біз есірткіге қарсымыз» атты концерт өтті
25.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
"Мирас" қалалық мәдениет сарайы Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бірлесіп Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шараға шақырады
25.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
🎶 Бүгін сағат 18:00-де «Мирас» мәдениет сарайының концерт залында «Ивушка» халық хорының есепьік концерті өтті
24.06.2025
Денисов дом культуры
Бүгін 2025 жылдың 24 маусым күні домбыра күніне арналған бір айлық акция аясында аудандық мәдениет үйінде «Домбыраның алтын дыбыстары» атты аймақтық домбырашылар фестивалі өтті.
24.06.2025
Денисов дом культуры
Бүгін 2025 жылдың 24 маусым күні Денисов аудандық мәдениет үйінде күйші , жергілікті композитор, Тобыл-Торғай өңірінің күйшілік дәстүрін жалғастырушы Ғазезов Бекзат Батырболатұлының авторлық шығармашылық кеші өтті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Астана күні мен Ұлттық домбыра күні
Автор: Б. Майлин дом культуры
Аудандық спартакиада
Автор: Б. Майлин дом культуры
Астананың туған күніне орай.
Автор: Б. Майлин дом культуры
.
Автор: Денисов дом культуры
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру