altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
Жазба айтыс – ақындар аламаны
07.09.2020
1950
0
Теги: Айтыс
Қостанай облысы әкімдігінің  Ішкі саясат басқармасы және облыстық «Қостанай таңы» газеті бірлесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мен бір жұмбақ адаммын…» республикалық ашық жазба айтысын өткізген еді.

Еліміздің әр түкпірінен өтінім жіберген азулы ақындар ақпан-тамыз аралығында, алты ай бойы интернет арқылы аламанға түсті. Атап айтқанда, жыр сайысында қабілетін сынға салып көруге Қостанай, Алматы, Қарағанды, Атырау облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан ұзын саны 18 ақын жобаға қызығушылық танытты. Қай-қайсысы да «талаптың тұлпарын мінген, тас қияға өрлеуге ұмтылған» дарын иелері. Дәмелілер қатарында жазба айтыстың тұрақты қатысушылары да, жобаға жыр-күлігін жетелей келген жаңа есімдер де бар. Айтыс ережесі бойынша, ақындар екеуара «What's App» желісі арқылы сөз-сайысқа түсіп, әр жұп еншілеріне берілген апта шамасындағы уақытты пайдаларына жаратуы керек. Шарт бойынша, жеңілген ақын жобадан шығарылып отырды. Кімнің бәсі басым болып, қайсысының «тізе бүккенін» әр айналым аяқталған сайын арнайы әділ қазылар алқасы анықтап, сараптады. Үш айналымға созылған өлең бәсекесін шын мәнінде де жырсүйер қауымға жасалған тамаша тарту десе болатындай. 
 
Айта кету керек, жазба айтыс осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Жобаның жыл сайын қанатын кеңге жайып келе жатқаны да аңғарылады. Биылғы басты жаңалықтардың бірі – үш жыл бойы өткен жыр-жарыстар жеке жинақ болып жарық көрді. «Жазба айтыс – жыр-жауһар» аталатын етжеңді кітапқа үздік айтыстар іріктеліп енгізіліп, қалың оқырманға жол тартып отыр. Бұл жобаны өңір әдебиетіне қосылған өлшеусіз қазына десек те артық айтпаған болар едік. Ал жыр-жинақ ұлт өнерін қастер тұтқан әр қазақтың сөресінен орын табуға лайық деп білеміз.
 
Қош. Осынау тұрқы бөлек, өрнегі ерек сөз сайысын өлеңге жаны құмар оқырмандарымыздың назарына кезекті мәрте ұсынуды жөн көрдік.
 
Материал «Қостанай таңы» газетінен алынды​


Балтасар мен Нәрияның айтысы

 
                     

 
Құрметті жырсүйер оқырман!
Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы мен облыстық "Қостанай таңы" газетінің ортақ жобасы – республикалық жазба айтыстың алғашқы жұбымен таныс болыңыздар. Олар – Батпаққара өңірінің бапты ақыны Балтасар Ізтілеуов пен Нұр-Сұлтан қаласының айтыскер аруы Нәрия Ақбабақызы.
 

Балтасар Тұрысбекұлы Ізтілеуов Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Есір ауылында туған.  "Жастар жырлайды", "Жас тұлпар", "Армысың, әз Наурыз?", "Көш керуен", "Менің тағдырым сенімен, Қазақстан", "Тарихтан тағлым", Көк тудың желбірегені", "Жыр алыбы – Жамбыл", "Науырзым – дәстүрлі ізгілігім" атты республикалық, облыстық, аймақтық айтыстарда жүлдегерлер қатарынан көрінген. "Бейбіт күн кептерімін қанат қаққан" атты өлеңдер жинағының авторы. Қостанай облысының Меценаттар клубы тағайындаған "Шабыт" сыйлығының" лауреаты.
Нәрия Ақбабақызы – ҚХР-ның Алтай аймағы, Көктоғай ауданының тумасы. Өскен жері – Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы. Нәрия 10 жасынан бастап айтыс сахнасына шыққан. Облыстық оқушылар айтысында талай мәрте топ жарған. Қостанай облысында өткен "Мәңгілік ел", "Кітапхана түні", "Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте", "Жыр алыбы Жамбыл", "Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік ел жастары жырлайды" және өзге де көптеген айтыста жеңімпаз, жүлдегер болған. Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан қалаларында өткен ақындар аламандарында да үздіктер қатарынан көрінген.
     Олай болса, сөз кезегін ақындарға берейік.
 

Балтасар: 
Кеудемде күй күмбірлеп, ән тасыған, 
Дәстүрлі ұлы өнерім болса асығам. 
"Қостанай таңы" жасап жазба айтысты, 
Көп үміт күтіп отыр баршасынан. 
Ассалаумағалейкум, оқырмандар, 
Жыр күткен ақындардың алқасынан. 
Шығыстың бір гүлімен жұп қылыпты, 
Ойып алып ақындардың ортасынан. 
Қырындап отыр ғой деп ойламасын, 
Қарындастың қағамын арқасынан. 
Балтасар балаң шықты алдарыңа, 
Арадай омартаға бал тасыған. 
 
Қызыққа батырайын жыр алаңын,
Ағайын, сол болса егер сұрағаның?
Он сегіз ақын топқа қосылыппыз,
Көбінің шамасы елге, сірә, мәлім.
Алғашқы жұбы айтыстың екеуіміз ғой
Қарындасым жолықса, қуанамын.
Текті жұрттың баласы емес пе едік,
Сондықтан жөн болмайды-ау сынағаным.
Айтыс-тартыс болғанмен басты шарты,
Сыйласып, табайықшы бір амалын.
Жүз шайыссақ, онымыз кімге керек?
Жүзі жылы еді ғой бұл ағаның.
Ендеше, көрсетейік ақындардың
Баласы екендігін бір ананың.
 
Жырымнан ұсынайын бал сұрасаң,
Еліме шығып едім қарсы қашан?
Ал, енді, қарсыласқа бұрылайын,
Ағалық ілтипатым – хәл сұрасам.
Шығыстың қызы едіңіз, Нәрияжан,
Жақсылық ойлайтұғын халқына сан,
Сөз қағысып көрейік,елге ұнарсың,
Мен де енді жыр тұлпарға қамшы басам,
Ақылымды айтармын "қарындас" деп,
Жігерді жерге тығып жаншымасаң.
Кезегіңді берейін, ақ сөйлеші,
Ер болып не десең де ал, шыдасам.
Айым оңынан туғаны деп білемін,
Күн нұрындай шуақ шашып, жарқырасаң.
 
Нәрия:
Арыныңыз қатты екен сарқыраған,
«Жарқыра» десең, аға, жарқырағам. 
Жағдаймыз жақсы ғой, шүкір, біздің,
Ілтипаттан айналдым хәл сұраған! 
Сізбенен жарасымды айтысуым,
«Жарты бақыт» секілді, жалпы, маған.
Ардақтап топқа қосқан елің қалай?
Аман-есен жүрсіз бе алтын ағам?
 
Айтысқа басын бұрып күреңімнің,
Ақырын аяңдатып жүре кірдім.
Армысыз, патша пейіл оқырмандар,
Бәйге алсам, иесі сен жүгенімнің.
«Қостанай таңы» жазба айтыс жасап,
Күндей сынды күлімдеуі-ай іреңімнің.
Студенттік бал шағым өткен мекен,
Бөтендігі жоқ бізге бұл өңірдің.
Төрт жылы бойы сіңіріп білім нәрін, 
Маман жасап ұшырған түлегіңмін. 
Сағынышты хат қылып жеткізсем деп,
Құлақты жазба айтысқа түре жүрдім.
Сәттісін маржан жырдың тізіп беріп,
Тәттісін арнасам деп тілегімнің.
Жазба айтыста еліме сөзім жетсе,
Дұрыс қой жасымауы жігерімнің,
Даусымды емес, жеткізіп өлеңімді,
Дүрсілін сездіртейін жүрегімнің.
 
Білеміз ақиқаттың азбайтынын,
Білеміз асыл сөздің тозбайтынын.
Балтасар ағам бастап бұл айтысты,
Көрсетті тегін өлең жазбайтынын.
«Қарындасқа қырындай алмаймын» деп,
Байқатты ойын ұзақ созбайтынын. 
Әйелінен қорқатын адамға ұқсап,
Қызық қой дәл осындай сөзді айтуың.
Әйеліңіз мойын болса, сіз бассыз ғой,
Білесіз басты мойын қозғайтынын.
Әйелі сап болғанда, ері - балта,
Керек қой қарындастық назды айтуым.
Балтасар ағам, міне, дәледеп тұр,
Балтасы өз сабынан озбайтынын. 
 
Ағадан сыйластықты ұғынасың, 
Адамның адамдықпен құны басым.
«Шығыстың қызысың» деп айтып тұрсыз,
Қорғаған адамға ұқсап құмырасын.
Елге, жерге бөлінбеу – мақсатымыз,
Қалайша жершілдікке жығыласың?!
Қазаққа ортақ болсақ, арман бар ма,
Анықтап ақиқаттың құбыласын!
Даналардың жалғасақ дара жолын,
Ұсақталып қалмайды ірі басың!
Мысалы, адамдықтың жолы осы, 
Қалайша тар ойлауға тығыласың?
Шығыстан шыққанменен хакім Абай,
Шашып тұр бар әлемге шұғыласын.
 
Балтасар:  
Аламанға ат қосқасын арқыратып, 
Сөзімнің білген дұрыс парқын анық. 
Еліміздің жағдайы, шүкір, тәубе, 
Басшылар жүр шуағын жарқыратып. 
Әмірхан әкім бастап домбыраны, 
Әр үйге сыйлап жүрміз жарқыл қағып. 
Жыл сайын мың домбыра күйін шертіп, 
Домбыраны ұлықтайды халқым анық. 
Абайдай бас ақынның жырын жаттап, 
Теріп жүрміз өлеңнен алтын жақұт. 
Алайда мына сөзің күмәнді екен, 
Қалайда әкелмейді қарқын алып. 
"Жарты бақыт емес пе айтысуым", 
Дегенің тұр ойымды қалтыратып. 
Қарындасты бір бақытты қылу үшін, 
Қайдан табу керек екен жарты бақыт? 
 
Жалғандығын білдіріп фәни бақтың, 
Нәрияжан, сені енді тани жаттым. 
"Қырындауға әйеліңнен қорқасың" деп, 
Шеңберінен аспағайсыз ар-ұяттың. 
Еркек бас, әйел мойын, басқарады деп, 
Өзің айтқан сөзіңе нали жатқын. 
Мойын қанша бұрғанмен ми болмайды,
Бұл өзі заңы емес пе табиғаттың. 
Қарындасқа қырындамайм, қызғанамын, 
Жүргесін жолыменен шариғаттың. 
 
Ойымды өлең қылып өріп тұрсам, 
Қарындасты ағасына көрік қылсам. 
Шығыстың қызы десем айып па екен, 
Әлия мен Мәншүктей көріп тұрсам? 
"Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа" 
Деген сөзді қайтемін серік қылсаң. 
Бөлініп жатқаным жоқ, құрмет қылып, 
Қос апаңдай сертіңді берік қылсам. 
Шығыстан талай текті дарын шыққан, 
Ұлы Абайдың өзі шуақ төгіп тұр сан. 
Қазақтың кең даласы бәріне ортақ, 
Жаратқан кең пейілге беріп тұрған.
 
Нәрия:
Сөзіңіздің таныс қой салты маған,
«Артық» ойға бармайды «артық» адам.
«Жарты бақыт» дегенім – астарлы сөз,
Мін іздеп неғыласыз артық одан?
Бір бақытқа бір адам жетпей жүр ғой,
Мен қалай бермегенді тартып алам?!
Дегенмен бақыт үлкен болмайды екен,
Белгілі астарлы ойдың нарқы маған.
«Жарты бақыт» дегенім сізді ұтсам,
Жеңіске жақындаймын жарты қадам.
 
Білеміз өмір заңын сүргендіктен,
Шешілмес кей кездерде күрмеу тіптен.
Абайдың «толық адам» ілімі бар,
Оқимыз ардың жолын сүйгендіктен.
Бойдағы міннен әлі арылмадық,
Бірліктен аулақ кетіп іргең тіптен.
Толық бақыт біздерге бұйырмай жүр,
«Толық адам» бола алмай жүргендіткен.
 
Сөздерінің көрсетіп сұрапылын,
Ағамыз арнап жатыр кіл ақылын.
«Әйелде ми болмайды» деген сөзден,
Мән таппай тұрғаным-ай ұғатұғын.
Айтпас бұрын анаңызды еске алып,
Ойланып, анық басып, жүр ақырын.
Абайды да Абай еткен сол аналар,
Ұясы ұлттың намыс ұятының.
Тарих әлде қашан дәлелдеген,
Тектіден текті ғана туатынын.
«Ақылыңыз қысқа ғой» деген сөзбен,
Жөн емес тұғырымнан құлатуың.
Ұмытпаңыз, әлем білген алыптардың,
Артында ақылды әйел тұратынын!
 
Ендеше, арулардың көтер құнын,
Сынамай қарындастың шекер жырын.
Әйелден қорқу жайлы әзілдеп ем,
Ағамыз ала қалды секем бүгін.
Қабырғамен кеңескен бабаларым
Өзгелерге көрсеткен өте ерлігін. 
Осыдан дәстүріміз жойылмайды,
Біз секілді ақылдылар мойындайды,
Ежелден алтын басты арулардан,
Бақыр басты ер артық екендігін!
 
Балтасар: 
Жарты бақыт бұйырар деп мені жеңсең, 
Қарағым, құмарланып, шаттанбаңыз. 
Адам емес, бір Алла десе болар, 
Орынға өтпей жатып баптанбаңыз. 
Үлкен бақыт дегенің – құлшылығың, 
Мұхаммедтен біздерге сақталған із. 
Бес дұшпанды жеңесіз Абай айтқан, 
Бес уақыт құламасаң "тақтан" нағыз. 
Алланың қалауымен қар жанады, 
Бұйрық келген күні һақтан нағыз. 
 
Сөзіңде ұлы ақынның арай жатыр, 
Қайран елге айтылған талай ақыл. 
Әр сөзіңе үңіліп қарағанның, 
Көңілі кең жайлаудай сарай жатыр. 
Абайды ұғыну үшін, Абай болып, 
Керек-ау ойлы көзбен қарай батыл. 
Әйтпесе Абайдан мықтымын деп, 
Айқайлайтын надандар манайда тұр. 
Надандықтан сүйреді өрге қарай, 
Қазақтың бар болмысы Абайда тұр. 
 
Неге ойың бір жерге жиналмайды, 
Менің айтқан сөзіме иланбайды? 
Тұғырымнан тайдырар деп ойласаң, 
Ағаңа қарындастық сый қалмайды. 
Аналардың миы жоқ демеп едім, 
Нәрия өзін неге жиі алдайды? 
Мойын басты бұрғанмен, білсін дедім, 
Адам мимен ойлайтынын ұйғармайды.
Қайталап-ақ айтамын тағы саған, 
Мойынменен ойлайтын ми болмайды.
 
Айта ма деген едім ұлтым жайлы, 
Оқырман бізден үлкен жыр тыңдайды. 
Аналардан ардақты жан болмайды, 
Төндіреді неге бұған бұлтын қайғы? 
Менің анам он бала тапқан жан ед, 
Алтын құрсақтан еш құл тумайды. 
Абайды Абай еткен аналар деп, 
Түсіндірмек біздерге сылқым жәйды. 
Нәрияжан, Құнанбайдай ер болмаса, 
Абайдай ешқашан да ұл тумайды. 
 
Топқа түссек желдіріп құнан тайдай, 
Армансыз қарындаспен шығам айға-ай. 
Қарындасым, тезірек теңіңді тап, 
Көнуің керек десең, ұғам жайды-ай. 
Абайдай ұлы ақынның тойында бұл, 
Жартыңды тауып алғын Құнанбайдай. 
 
Ал, қарындас, көріктім, иман берік, 
Бойына бар жақсыны жиған келіп. 
Осыменен қош аман бол тілдескенше, 
Тіршілікте бөліскен сый дәм бөлек. 
Осыменен, оқырман, сен де аман бол, 
Бізді оқуға уақытын қиған бөліп. 
Алла жазса, шығармыз алдарыңа, 
Жатса егер сөзімізге күй мән беріп.
 
Нәрия:
Текті сөзді өскенбіз тыңдап анық,
Отырмын мен өзіңдік сырға қанып.
«Алла қаласа, қар жанады» деп отырсыз,
Бұл өзді қосқан жоқсыз тыңнан алып.
«Қар жанады» дегенді Абай сынап,
«Ант ұрғандық» деп еді шынға налып.
Абай сөккен мәтелді қолданам деп,
Ертеңгі күн жүрмегейсіз сынға қалып.
 
Қалайша ағамызбен теңеспейік?
Көзіне көркем жандай елестейік.
«Құнанбайсыз тумайды» деген сөзді,
Шынымен біз білетін белес дейік.
Аналар жер болғанда, әке – аспан,
Сондықтан бұл жайында егеспейік!
 
Ашуланып кетсе де көкем мейлі,
Қалайша қарындасы көтермейді.
«Ми болмайды, қайталап айтамын» деп,
Өзінше осы сөзін бекемдейді.
«Қайталау» білімге ана болғанымен,
Ақынға атақ-абырой әпермейді.
 
Кемеңгерге толы ғой кең даламыз,
Қазақ деген осы елге бел баламыз.
Аруларға анаңыздың жолын берсін,
Құнанбайдай әке болсын енді ағамыз.
«Ертерек теңіңді тап» деп жатырсыз,
Ендеше, осы жайды қолға аламыз.
Біздер де елмен-жұртпен теңесерміз,
Жолықса күтіп жүрген «Телқарамыз»!
 
Абайды жаттап өскен құралаймын,
Бұл сынға қалай енді шыдамаймын?! 
«Жүрегінің түбіне терең бойлап»,
Асылды ардақтамас мұрадай кім?!
«Жүректің көзін ашып» арда жұртым,
Өтсе екен сынақтардан құламай мың. 
«Бес асыл, бес дұшпанын» жетік білсе,
Алысқа шабар ма едік құладай тың.
«Наданның көзі түгіл көңлін ашқан»
 Хәкімнен қалай кеңес сұрамаймын?!
Қазағым ақиқаттан адаспайды,
«Жұмбағын» шешкен кезде ұлы Абайдың.
 
Манағы тіліменен бал тасыған,
Қарындасын түсірмес арқасынан.
Айтысқан ағамызға мың рақмет,
Татырған жырларының тортасынан. 
Балталамай өзің отқан бұтағыңды,
Сынақтардың өтіңіз баршасынан.
Айтыста қарсыласым болғанменен,
Өмірде сыйласуға жалпы асығам.
Осыменен айтысымыз аяқталсын,
Пікір күтіп қазылар алқасынан.
Балтасардай ақ пейіл, жақсы ағамды,
Сақтасын батыраштың балтасынан!
 

Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
22.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
Барлық қала тұрғындарын 14 тамызда сағат 21.00-ден 21.30-ға дейін Қала-орталығында өтетін «Музыка нас связала…», ретро-фестиваліне шақырамыз
21.07.2024
Денисов дом культуры
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
20.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 50 күн қалды!
19.07.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 19 шілде күні Денисов аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Қамысты ауданының Қамысты ауылы тұрғындары мен қонақтарын «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Көркейген өңір» марафонын іске асыру аясында «Тұған елім – тұған жерім» концерттік бағдарламасымен қуантты.
18.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 18 шілдесінде Қала орталығында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Рудный қаласының мәдениет сарайы қала тұрғындарына концерттік бағдарлама қойды.
18.07.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 18 шілдесінде Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылының теміржол станциясында «Саламатты Қазақстан» жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымымен Денисов аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымының бірлескен концерттік бағдарламасы өтті. Денисов ауданының тұрғындары Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әншілерінің - Нұрболат Арзамасұлы, Дидар Әбдіхалық, Гүлнар Көшенова, Әділхан Макин, Тимур Умаров және Денисов аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшілерінің -Шаймерденова Қадиша, Ғазезов Бекзат, Алиева Әйгерім, Қонахбаев Бахыткали өнерін тамашалады. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» жобасы аясындағы қайырымдылық концерттік іс-шарасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, «Әлеуметтік жобалардың қоры» корпоративтік қорының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның, Қостанай облысы Денисовка ауданы әкімдігінің қолдауымен өткізілді.
17.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TV: Қостанай қаласына - 145 жыл
16.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қала тұрғындары мен қонақтарын 13 тамыз күні сағат 18.30-да өтетін "Мирас" МҮ шығармашылық ұжымының "Өнер алаңы" көшпелі концерттеріне шақырамыз. Өткізу орны:  - Қостанай-2, Белинский көшесі, 5;  - КСК Жастар бульвары  - "Дружба" тұрғын алабы, "Достық"әлеуметтік-мәдени орталығы
16.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
"Мирас"ҚМС ұжымы 99260 әскери бөлімінен алғыс хат алды
15.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Қала күнінде қандай жұлдыздар өнер көрсетеді?
15.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @marat_zhundubaev ✅ Құрметті қостанайлықтар және қала қонақтары! Биылғы жылы қала күні баршамыз үшін ерекше болмақ – Қостанай өзінің 145 жылдық мерейтойын атап өтуде! 
13.07.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 13 шілде күні Приреченка және Окраинка ауылдарының тұрғындары үшін Денисов ауданы Жалтыркөл ауылдық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Қостанай облысы әкімінің қаулысымен бекітілген КPI бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Туған елім - туған жерім» атты концерттік бағдарлама көрсетті.
11.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @marat_zhundubaev  ✅ Биыл Қостанайда миллионға жуық түрлі біржылдық гүлдер отырғызылды. Өткен жылмен салыстырғанда отырғызылған тамырлар саны 100 мыңға көбейді
11.07.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 10 шілде күні Қырым мәдени-демалыс орталығының шығармашылық ұжымы Қостанай облысының әкімі бекіткен КРІ бағдарламасын іске асыру шеңберінде Архангельск ауылдық клубында Архангельск ауылының тұрғындары үшін «Туған елім - туған жерім» атты концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті.
10.07.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 5 шілде күні Қарағанды қаласы Сәкен Сейфуллин драма театрында өткен республикалық «Ортеке» этнофестиваліне Қытай, Моңғолия, Астана, Алматы, Қарағанды қалалары мен Ақмола, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу облыстарынан 19 қатысушылардың арасында Қостанай облысы атынан Денисов ауданынан Ғазезов Бекзат Батырболатұлы қатысты. Бекзат Батырболатұлы Ортекеге арналған авторлық күйін орындап өз қолымен жасаған Ортекені ойнатты.
10.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 5-7 шілдесі аралығында Челябі облысы, Пластовский ауданы, Демарино кентінің жанында 30 (отызыншы) мерейтойлық Бүкілресейлік Бажовский фестивалі өтті
09.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TV: Тобыл жағалауында күй күмбірледі
09.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
НК: Қостанайда домбыра күні атап өтілді
08.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда күй күмбірледі
08.07.2024
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @byaidarr Домбыра күні құтты болсын Қостанай🇰🇿🪕
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Автор: Денисов дом культуры
21.07.2024
Ary qaraı
2024 жылдың 18 шілдесінде Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка ауылының теміржол станциясында «Саламатты Қазақстан» жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымымен Денисов аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымының бірлескен концерттік бағдарламасы өтті. Денисов ауданының тұрғындары Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әншілерінің - Нұрболат Арзамасұлы, Дидар Әбдіхалық, Гүлнар Көшенова, Әділхан Макин, Тимур Умаров және Денисов аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшілерінің -Шаймерденова Қадиша, Ғазезов Бекзат, Алиева Әйгерім, Қонахбаев Бахыткали өнерін тамашалады. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» жобасы аясындағы қайырымдылық концерттік іс-шарасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, «Әлеуметтік жобалардың қоры» корпоративтік қорының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның, Қостанай облысы Денисовка ауданы әкімдігінің қолдауымен өткізілді.
Автор: Денисов дом культуры
18.07.2024
Ary qaraı
QOSTANAI TV: Қостанай қаласына - 145 жыл
Автор: Қостанай қ. дом культуры
17.07.2024
Ary qaraı
QOSTANAI TV: Тобыл жағалауында күй күмбірледі
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.07.2024
Ary qaraı
НК: Қостанайда домбыра күні атап өтілді
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.07.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý