"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру, сөз өнерінің әдеби-музыкалық үлгісі - айтыс өнерін кеңінен насихаттау, ақындардың сөз саптауы шеберлігін қалыптастыру, талантты жастарды қолдау айтыстың негізгі мақсаты болды.
Ақындардың жырына Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы; Б.Майлиннің 125 жылдығы; Жастар жылы; Қазақ елінің тарихы, өркениеті және рухани жаңғыруы арқау болды.
Әділқазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Ғалымгерей Кенжеғозинге, І орын Мамай Ізтілеуге, ІІ орын Наргүл Қарағұловаға, ІІІ орын Нұрсұлтан Қасымға берілді.
Айтысқа қатысушы ақындарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.