IV Республикалық Мәди БӘПИҰЛЫ атындағы дәстүрлі әншілер конкурсының жабылу салтанаты 8 қараша 18.30-да "Шалқыма" концерт залында өтті
08.11.2019
1885
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Қазылар алқасының төрағасы, Қазақстанның халық әртісі, профессор Қайрат Байбосынов құттықтау сөз сөйлеп, байқауға әншілердің үлкен дайындықпен келгенін айтып, өнерпаздарға өнерлерің өрлей берсін деп ізгі тілегін жеткізді.
Байқау қорытындысы бойынша ІІІ жүлделі орынға Біржан Айтахметов (Алматы қаласы), Аяулым Қамажан (Нұр-Сұлтан қаласы), Дәуренбек Слямғали (Алматы қаласы) ие болды.
ІІ жүлделі орынды Ақжол Өсербай (Алматы қаласы), Алуа Қалымбекова (Нұр-Сұлтан қаласы) иеленді.
І жүлделі орын Шыңғыс Сәрсенбайға берілді (Көкшетау қаласы).
Байқайдың Бас жүлдесін Азат Әбдіғалым иеленді (Қарағанды қаласы).
Осы байқауда Қостанай облысы атынан Мұрат Нағашыбай қатысып, майталман өнер иелерінен өзіндік бағасын алды.