altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыХалықтық ұжымдарМҰ сайттарыСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ЕСІМІН ЕКІ ЖЫЛДА ЖҰЛДЫЗ ЕТКЕН...
09.09.2019
1604
0


Екі жылда  халықаралық бес байқаудың бас жүлдесі мен бірінші орындарын қанжығасына байлаған ұл – Қостанай мақтанышы






 

Ол туғанынан ән әлеміне ерекше елітетін. Таңдайына бұлбұл ұялап, өнбойына өнер дарыған бала Қостанай ауданына қарасты Алтынсарино ауылында туған.  Қазір небары 19 жаста, осы аралықта бағындырған белесі көз сүйсінтіп, көңіл марқайтады. 


Әңгімені әріден бастасақ, тумысынан таланы мен таланты ән әлеміне жетелеген бозбала 17 жасында ұстаз іздеп, Раушан Торғаева есімді вокал үйірмесінің жетекшісіне жолығады. 

Бұл кісіні кезіктіруім – бармақтай бағымның есесі , - деп ағытылды Алмат. -   Өнердегі ұстазым - өз ісінің кәнігі шебері. Неге десеңіздер, ол кісінің тәліміне дейінгі кезеңім мен қазіргі деңгейімнің арасында аспан-көк айырмашылық жатқанын байқау қиын емес.


Раушан Торғаеваның жарты жылдық қана тәлімінен соң, халықаралық «Алтын микрофон» байқауына түседі. Бұл – әуелгі додасы. Нәтиже – жүлделі ІІ орынның лауреаты! Екінің біріне бұйыртпайтын бақ дерсіз!

Дәл осы тұста Алматтың жұлдызды сәтінің жарқ еткен шағы еді. Себебі, Қостанайда өткен дәстүрлі халықаралық байқауда дарынды бала «Бозторғай» аталатын мақтаулы доданың директоры Қарлығаш Әбдікәрімованың көзіне ілігіп, шақырту алады. Қатысады. Қоржынына І орынды салады!

Қарлығаш ханым Әбдікәрімова өз басы өнерлі ұлдың дарынына тәнті болып, халықаралық додаларға жол тартуды ұсынады. Осылайша, жерлесіміз Алмат Жаңабай Қап тауының етегіндегі Грузияда өткен  Tetri Tolia байқауын бетке алған еді. 

Бұл өнер додасына әлемнің әр түпкірінен тұяғымен тас тураған тума-дарындар жиналды. Ұзын саны – жүзге жуық. Ғаділін айтқан қазылар алқасы кіл күліктің арасынан Қазақстаннан келген Алмат Жаңабайды бас жүлдеге лайықты деп таныды!
Иә, жоғарыда тізіп өткеніміз аз жетістік емес. Алайда, Алмат тоқым кептіріп, тоқмейілсімей жуырда ғана халықаралы үш байқаудың жүлдесін жеңіп алды. 

Болгарияның Солнечный берег және Тутракан қалаларында екі бірдей байқау бір уақытта ұйымдастырылды. Мұнда Алмат өз жасының тобында бірінші орынды еншілесе, екінші өнер сайысында бірінші орыннан бөлек бас жүлдені де елге алып келді!

Қазіргі уақытта Алмат Қостанайдағы колледждердің бірінде бағдарламашы мамандығы бойынша білім алуда. Болашағын компьютерлік технологиялармен бе, жоқ әлде жұлдызды әншілікпен байланыстырарын әлі нақ шешпеген. Әзірге белгілісі – ұстазы екеуі басқа да байқауларды бағындыруға қызу дайындық үстінде.

- Бүгінде Мүсілім Магомаевтың «Синяя вечность» атты әніне машықтанудамын. Өз басыма осы туынды ерекше ұнайды, - дейі Алмат. - Бұл әнді келер уақытта үлкен сахнада, айтулы іс шарада орындаймын деген сенімдемін. 

 
Нұрқанат НҮСІПХАН
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
09.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 мамыр күні сағат 11:00-де «Батырларға тағзым» Жеңіс саябағында Жеңіс күніне арналған еске алу митингісі мен гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
09.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - ✅ Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері! Қадірлі қостанайлықтар! Сіздерді Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
09.05.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Жеңіс – ұрпақтар жүрегінде!
09.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 мамыр күні сағат 11:00-де «Батырларға тағзым» Жеңіс саябағында Жеңіс күніне арналған еске алу митингісі мен гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
08.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Муниципалдық А. А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің «Қорғаушы жүрегі — ел жүрегі» концерттік бағдарламасы аясында, Отан қорғаушылар күніне арналған қойылымынан үзінді.
08.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті
07.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 мамыр күні сағат 17:00-де облыстық әкімдік алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған «Қорғаушы жүрегі — ел жүрегі» атты концерттік бағдарлама өтті
07.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанайда мерекелік концерт.📍Тікелей эфир жазбасы
06.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Ерлікке тағзым: 100 жастан асқан ардагерге ерекше құрмет
06.05.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Ерліктің символы
06.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда майдангерге құрмет көрсетілді
06.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
6 мамыр күні сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін «Отанын қорғаған батырлар» бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып құттықтау іс-шарасы ұйымдастырылды
06.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Николай Берлимовтың жетекшілігіндегі «Ивушка» халық хоры «Невская звезда» атты Бүкілресейлік фестиваль-байқауында қайтадан І дәрежелі лауреат атанды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
06.05.2026
Федоров мәдениет үйі
6 мамыр күні «Жастар» аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлік – ұрпаққа мұра» атты мерекелік концерт өтті.
02.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 мамыр күні сағат 17:00-де Сити-орталықта Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлікке бастайтын жол» атты концерттік бағдарлама өтті
01.05.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Алексей Алексеевич Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрі КММ «Қ. Оспанов атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» тарапынан Алғыс хатпен марапатталды
01.05.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Бір ел — бір халық
01.05.2026
Федоров мәдениет үйі
1 мамыр күні «Жастар» АМҮ- де Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Татулық – тұрақтылық кепілі» атты мерекелік іс-шара өтті.
30.04.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
✨ Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 12 мамыр күні сағат 11:00-де «Мирас» қалалық мәдениет сарайында өтетін Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты ХХХVІІІ облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқау-фестиваліне шақырамыз. Баршаңызды күтеміз! 🎭🎶
21.04.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ПРЕСС-РЕЛИЗ:  Қостанайда Қазақ киносы күндері аясында «Qaitadan» фильмінің көрсетілімі өтеді
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Жеңіс – ұрпақтар жүрегінде!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
09.05.2026
Қостанайда мерекелік концерт.📍Тікелей эфир жазбасы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
07.05.2026
Ерліктің символы
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.05.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда майдангерге құрмет көрсетілді
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
06.05.2026
Бір ел — бір халық
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.05.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру