2019 жылдың 3 шілде күні Амангелді ауданында өткен "Нағыз қазақ домбыра" жобасы аясында аудан тұрғындарынан және ауыл өнерпаздарынан құрылған 1000 домбырашылар өнер көрсетті
04.07.2019
1465
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Облыс көлемінде алғаш рет ұйымдастырылған іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.
1000 адам біріккен оркестр қатысушылары xалық күйі «Келіншек» және Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Сонымен қатар, Қостанай облысының мәдениет басқармасы басшысының арнайы сыйлығымен "Ата мұра-Домбыра" дипломымен Ғалымжан Жүнісов және "Ең кішкентай домбырашы" дипломымен Мұратов Арсен марапатталды.
Мерекелік кеш республикалық "Ұрпақтар сабақтастығы" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен жалғасын тапты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша
Гран-При (500,000)
Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы,көркемдік жетекшісі - ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Білім ісінің құрметті қызметкері Шолпан Қорғанбек, 1-ші орын (300,000)
Арқалық қаласы «Мұрагер» ансамблі көркемдік жетекшісі - Нұрбол Жатқанов, 2-ші орын -(250,000)Республикалық байқаулардың лауреаты, Республикалық «Ғасырлар үні», «Көне Тараз күмбірі» атты байқаулардың жүлдегері» «Тарлан» ансамблі көркемдік жетекшісі - Айбек Арымбек, 3-ші орын (150,000)
Алтынсарин ауданы «Мұрагер» халықтық қазақ ұлт аспаптар ансамблі, көркемдік жетекшісі - Сыздықов Айбек Әлімжанұлы иеленді. Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары (100,000) - Қостанай қаласы «Ұлы дала» этно-фольклорлық тобы, жетекшісі Санай Дархенбай және Амангелді аудандық саз мектебінің «Әуен» қазақ ұлт-аспаптар ансамблі көркемдік жетекшісі - Кенжеболат Ахметов марапатталды.
Мерекелік кештің соңы концерттік бағдарламамен және от шашумен аяқталды.