2019 жылғы 14 мен 21 маусым аралығында Италияның Пинето қаласында Creativita senza Frontiere 2019 Халықаралық фестиваль-байқауы өтеді
13.06.2019
1612
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Бұл ән сайысында Қазақстанның атынан Қостанайда өтетін беделді жобалардың бірі Халықаралық «Алтын микрофон» жас әншілер байқауының жүлдегерлері Ерназ Қабдыхамитов пен Ясмин Ибраева өнер көрсетеді.
Үлкен додада бақ сынайтын Ерназ талабы мен өнерінің арқасында Тобыл-Торғайдың атын шығарып, еліміздің туын биікке көтерсем дейді.
Қостанайлық жас өнерпаздарға әлемдік деңгейдегі сайыста топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК ұжымы жас әнші Ерназ Қабдыхамитовке қолдау көрсеткен Амангелді ауданының әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлына алғыс білдіреді.