Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК мамандарының жұмысы 31 мамыр және 1 маусым күндері өңіріміздің оңтүстік аймағымен жалғасты.
03.06.2019
1454
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Арқалық қаласының Молодежный ауылдық клубы, Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық Мәдениет үйі, Амангелді ауданының Қарасу ауылдық ошақтары жұмыстарының барысымен таныстырды.
Аталмыш іс-шараға ауданнан қолдап келген, мәдениет бөлімі басшыларының көрсетер көмегі орасан зор. Атап айтсақ: Арқалық қаласының мәдениет бөлімінің басшысы Жанат Әскерқызы, мәдениет сарайының директоры Бибігүл Сейтжанқызы, Молодежный ауылының әкімі, сонымен қатар, Жангелдин аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлзат Болатқызы және ауыл әкімі, Амангелді ауданының мәдениет бөлімінің басшысы Сағынғали Зәкірұлы, мәдениет үйінің директоры Данияр Дүйсенбекұлы, ауыл әкімі Қонысбай Дәуітбайұлы іс-шараға арнайы қатысты.
Сонымен қатар, Қостанай облысының құрметті азаматы, Амангелді ауданының тумасы, композитор, күйші Мұздаxанов Айтбай ағамыз күмбірлеген күйімен тамсандырып, жерлестерінің қошеметіне бөленді.