26 мамыр күні І.Омаров атындағы қазақ драма театрында, Қазақстандағы Жастар жылына арналған облыстық "Мәңгілік ел" атты патриоттық әндер байқауын ұйымдастырды
26.05.2019
1515
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаз халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК 26 мамыр күні І.Омаров атындағы қазақ драма театрында, Қазақстандағы Жастар жылына арналған облыстық "Мәңгілік ел" атты патриоттық әндер байқауын ұйымдастырды
Байқауда әр ауданнан келген 20 үміткер өнер көрсетті.
Әділ қазылар алқасы құрамында Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншілері Қадыр Қаржауов, Галина Санарова және Серік Әбілевтар болды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орын - Амангелді ауданынан келген Фариза Жоламанова, 2 орын - Қамысты ауданынан Бейбарыс Тойшанжәне 3 орын - Меңдіқара ауданының әншісі Қанат Ражанов иеленді.
Байқауға қатысқан қатысушылар мақтау қағазымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.