Облысымызда тұңғыш рет өткен Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» Республикалық әзіл-сықақ театрлары фестивалі
20.05.2019
2218
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Облысымызда тұңғыш рет өткен Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» Республикалық әзіл-сықақ театрлары фестивалі
Қазақтың көрнекті жазушысы Ғафу Қайырбеков «Торғайдың күрең торы тобылғысы» деп баға берген ерекше дарын иесі, белгілі жазушы-сатирик, этнограф-ғалым, астарлы қазақы қалжың мен қағытпа сөздің шебері Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» Республикалық әзіл-сықақ театрларының екінші кезеңі 20 мамыр күні Арқалық қаласында болып өтті.
Театр фестивалінде елімізге танымал белгілі сықақшы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің игері, ақын, сатирик Көпен Әмірбек Сейіт Кенжеахметов жайлы естеліктер айтып, қазақы қалжыңның қасиеті жөнінде баяндап берді.
Республикалық әзіл-сықақ театрлары фестивалінде Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Гран-При» иегері Ақтөбе қаласынан келген «ЕКІ ЕЗУ» сатира театры, көркемдік жетекшісі, әрі авторы Ақтөбе қаласының «Жыл Адамы», ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Нұрлыбек Жұбатқан Сейіт Кенжеахметовтың «Ене мен келін» интермедиясын, автордың «Ревизор» шығармасын сахналады.
Республикалық әзіл-сықақ фестивалінің облыстық іріктеу кезеңінің жеңімпазы Арғын Жүкебаев Сейіт Кенжеахметовтың «Жағымпазға кеңес» сатиралық шығармасын, облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері, «Тұран-Торғай» тобының жетекшісі, Тұрсынбек Қабатовтың ұйымдастыруымен өткен телевизиялық «Көңілашар» жобасының жеңімпазы Біржан Жүзбай «Сейіт ағамыз деген екен» - сатирик-жазушы Сейіт Кенжеахметовтың өмірде тауып айтқан қағытпа қалжыңдарын шеберлікпен орындап, көрермендер ықыласына бөленді. Фестивальде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет Қайраткері Нағашыбай Мұқатов Сейіт Кенжеахметовке арнаған өлеңін оқыды.
Жангелдин ауданынан келген Республикалық, облыстық байқаулардың лауреттары Жоламановтар отбасылық ансамблі Қалибек Деріпсалдиннің «Айнакөл жағасында» әнін орындап, талай өнер додаларында топ жарып бәйге алған, Халықаралық байқаулардың жүлдегері, Арқалық қаласының «Мұрагер» ансамблі Дәулеткерейдің күйі «Көрғұлыны» орындап, ән мен күйден шашу шашты.
Сатирик-жазушы,этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» Республикалық әзіл-сықақ театрлары фестивалінің қорытындысы бойынша әзіл-сықақ театрлары фестиваліне қатысқаны үшін Мейрамхан Қапышев атындағы халық театры, жетекшісі: Ғұбайдуллина Гүлмира, Амангелді ауданы, «Күлкі» әзіл-сықақ театры жетекшісі: Әлібек Капуза, Жангелдин ауданы; «Берік-шоу» театры, жетекшісі: Қозылов Берік, Рудный қаласы, Елубай Өмірзақов атындағы Таран аудандық мәдениет Үйінің жанынан құрылған Халық театры, жетекшісі: Ерғалиев Аманжол, фестивальдің арнайы жүлделеріне ие болды.
«Үздік дебют» номинациясын сатира сайысында тұсауын кескен Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның жанынан құрылған «Маса» әзіл-сықақ театры, жетекшісі: Олжас Бегайдаров, Үздік әзіл-сықақ театры» номинациясын «Әдемі әзіл» студиясы, жетекшісі Мұрат Нағашыбай, Меңдіқара ауданы, «Көрермендер көзайымы» номинациясын Біржан Жүзбай, «Үздік актерлік шеберлігі үшін» номинациясын Арқалық қаласының атынан қатысқан Арғын Жүкебаев жеңіп алды.
Сатира фестивалінің құрметті жүлдесі -«Сейіт Кенжеахметов атындағы жүлдеге» Ақтөбе қаласының «ЕКІ ЕЗУ» сатира фестивалі ие болды.
Фестиваль соңында этнограф-ғалым, сұңғыла сатирик Сейіт Кенжеахметовтың ұрпақтары фестиваль қатысқан барлық ұжымдарға алғысын білдіріп, сый-сияпат жасады.
Облысымызда тұңғыш өтіп отырған сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» Республикалық әзіл-сықақ театрлары фестиваліне көрермендер көп жиналып, зал лық толы болды.