altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Біздің МіндетімізОрталық туралыХалықтық (Үлгілі) ұжымдарыҚостанай облысының МҰ сайттарыСұхбатФото мен бейне галереясы«Шабыт қанатында» журналыҚостанай обл.метсенаттар клубының лауреаттарыБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
«АМАNАТ musiс» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС-ФЕСТИВАЛІНІҢ ЕРЕЖЕСІ Өткізу мерзімі: 18 мамыр 2019 ж. Өтетін орны: Қостанай ауданы, Затобол кенті, «Алтын дән» мәдениет үйі
15.05.2019
3150
0
«АМАNАТ musiс» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
конкурс-фестивалінің ережесі
 
Өткізу мерзімі: 18 мамыр 2019 ж.
Өтетін орны: Қостанай ауданы, Затобол кенті, «Алтын дән» мәдениет үйі
18 мамыр - 9.30 Тіркеу
                  - 10.00 Байқау басталуы
                  - 16.00 Марапаттау рәсімі
                  - 18.00 Байқау жеңімпаздарының қатысуымен С.Жанпейісованың концерті
 
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай, сонымен бірге, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, әнші, ұстаз Сәуле Жанпейісованың  жетекшілігімен ашылған «Аманат өнер орталығы» «AMANAT musiс» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалін өткізгелі отыр. 
Конкурс-фестивальдің ұйымдастырушылары: «Аманат өнер орталығы», Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен өткізеді.
Ақпараттық демеушілер: «Qazaqstan» Ұлттық арнасы, Qazaq Radiosy, облыстық телеарналар, Республикалық газет-журнал, сайт пен медиапорталдар.
Осы ереже конкурстың мақсаты мен міндеттерін, талаптары мен өткізу тәртібін анықтайды.
 
КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
 
Байқаудың басты мақсаты:
     –   Конкурсанттардың байқау барысында өзара достық қарым-қатынас қалыптастыруына жол ашу;
  • Дарынды жастарға шығармашылық қолдау көрсету;
  • Патриоттық,  азаматтық,  мәдени-эстетикалық тәрбиелеу;
  • Балалар мен жасөспірімдердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру; 
  • Қатысушылардың шығармашылық әрекеттерінің  түрлері мен бағыттарын дәріптеу;  
 
      КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ  ӨТКІЗУ ТАЛАПТАРЫ:
 
Конкурс-фестиваль келесі номинациялар бойынша өтеді:
  • Дәстүрлі ән, жыр-терме (ұлттық аспап сүйемелімен жеке орындау)
  • Аспапта орындаушылық (барлық түрі, жеке орындау);
  • Вокал (академиялық, эстрадалық. Жеке орындау)
  • Халықтық ансамбльдер (дуэт, трио, квартет, т. б., 15 адамға дейін)
  • Актерлік өнер (көркем сөз, пародия, кішігірім сахналық қойылым, этюд, т.б. (жеке және топтық қойылымдар)
  • Ұлттық би (жеке, топтық)
 
1-КЕЗЕҢ: Байқаудың 1-іріктеу кезеңі наурыз-маусым айлары аралығында облыс орталықтарында өткізіледі. Облыстық байқаудан Бас жүлдегер атанған сайыскерлер Алматы қаласында өтетін  Республикалық конкурсқа жолдама алады. І-кезеңнен өткен жеңімпаздардың өнері Қазақ радиосы арқылы насихатталып, халыққа ұсынылады.
 ІІ-КЕЗЕҢ: Республикалық сайыс маусым айының соңғы аптасында Алматы қаласында өтеді. Сайыс жүлдегерлері Ұлттық Домбыра күніне орай өтетін Гала-концертте өнер көрсетеді. Концерт Almaty tv телеарнасына жазылады. Республикалық сайыстан Бас жүлде, 1, 2, 3 орын иемденген лауреаттар және «Көрермен көзайымы» номинациясының иегерлері Астана қаласында өтетін Халықаралық конкурс-фестиваліне жолдама алады.
ІІІ-КЕЗЕҢ: «AMANAT music» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің қорытынды кезеңі 2019 жылдың қараша айында Астана қаласында өткізіледі. Бұл шешуші кезеңде  облыстық және Республикалық сайыстан өткен жеңімпаздар шет мемлекеттерден келетін өнерпаздармен сайысқа түседі. Жеңімпаздар Гала-концертте өнер көрсетіп, бағалы сыйлықтар және диплом, кубоктармен марапатталады. Гала-концерт Qazaqstan ұлттық телеарнасында көрсетіледі.
 
 
Қатысушылардың жас шамасына қарай сайысатын топтары:
–      5 – 7 жас (кіші топ)
–      8 – 11 жас (орта топ)
–      12 – 15 жас (үлкен топ)
–      16 – 21 жас (ересек топ)
Халықтық ансамбльдер, актерлік өнер, ұлттық би номинациялары жас ерекшеліктеріне бөлінбейді. Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде иегерлерімен қатар ерекше дарынды 1-орын иегерлеріне де Республикалық кезеңге қатысуына жолдама берілуі мүмкін.
Қатысушылардың  өнер көрсету реті ұйымдастыру алқасының  шешімімен анықталады. 
      
І-кезеңнен өткен жеңімпаздардың өнері Қазақ радиосы арқылы насихатталу үшін әр орындаушы конкурста орындайтын шығармасының таза әрі сапалы жазылған аудионұсқасы мен өтінімнің бір данасын төмендегі электрондық поштаға жіберуі тиіс:  
amanat.music@mail.ru
Аудиожазба wav және mp3 форматында болуы керек.
 
       Техникалық шарттар
–      Қатысушылар сүйемелдеуші аспаптарын өздері әкеледі;
–      Ән мен би музыкасы алдын-ала электронды поштаға жіберілуі тиіс.
–      Флешкада жазылған фонограмма (-) өзіне дейін екі орындаушы қалған кезде дыбыс операторына беріледі. Фонограммамен қоса ансамбльдің немесе орындаушының аты-жөні, орындайтын шығармасының тақырыбы жазылуы керек.  
–      Фонограммаға (+) тиым салынады;
–      Әр қатысушы тізімдік рет бойынша дайын тұруы тиіс, сүйемелдеушінің аспабы мен құралдарының дайындығына жетекшісі жауапты;
–       Қатысушылар 1 шығармадан орындайды. Шығарманың жалпы ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс.
–      Қазылар алқасы әр талапкердің шығармасын қысқартып тыңдауға немесе бағдарламадан тыс сайыскер білетін басқа шығармасынан үзінді тыңдауға құқылы.
 
Байқаудың қазылар алқасы
–      Қазылар алқасының құрамы мәдениет және өнер қайраткерлерінен, кәсіби мамандардан түзіледі;
–      Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, сондай-ақ байқау ережелерінің бұзылуына жол берген қатысушылар байқаудан шеттетіледі;
–      Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы;
–      Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін жабық дауыс беру жүйесімен бағалайды. Қазылар алқасының шешімдері өзгертілмейді. Конкурс ұйымдастырушылары сайыс нәтижелеріне жауапты емес.
 
Ұйымдастыру талаптары:
Қатысушылардың барлық шығынын жіберуші жақ төлейді (Жолы, тамағы, жатар орны т.б. өз есебінен) Кәмелет жасқа толмағандар үшін жетекшісі немесе ата-анасы жауапты.
Алматы және Астана қалаларында өтетін ІІ, ІІІ кезең қатысушылары үшін трансфер, жатын орындары мен тамақтану, т.б. мәселелер туралы келесі өтінімде көрсетілуі тиіс.
 
«AMANAT music» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің (облыстық)   1-кезеңіне қатысушылар төмендегідей  ұйымдастыру жарнасын төлейді:
1-кезең, облыстық деңгейдегі іріктеу туры
  • Жеке орындаушылар – 7. 000 тг.
  • Дуэт, трио – 10.000 тг.
  • Ансамбль – 4 адамнан 10 адамға дейін – 20.000 тг.
  • 11 адам және одан жоғары болса – адам басына 2.500 тг.
 
Байқау жарнасын төлеу жүлделі орынға кепілдік бермейді.
 
«AMANAT music» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің Республикалық  2-кезеңіне қатысушылар төмендегідей  ұйымдастыру жарнасын төлейді:
 
ІІ-Республикалық деңгейдегі кезеңі
  • Жеке орындаушылар – 12. 000 тг.
  • Дуэт, трио – 15.000 тг.
  • Ансамбль – 4 адамнан 10 адамға дейін – 25.000 тг.
  • 11 адам және одан жоғары болса – адам басына 3.000 тг.
 
      
«AMANAT music» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің шешуші ІІІ-кезеңіне қатысушылар төмендегідей  ұйымдастыру жарнасын төлейді:
  • Жеке орындаушылар – 15. 000 тг.
  • Дуэт, трио – 15.000 тг.
  • Ансамбль – 4 адамнан 10 адамға дейін – 25.000 тг.
  • 11 адам және одан жоғары болса – адам басына 3.000 тг.
 
Қатысушылардың жарнасы фестивальдің ұйымдастыру шараларына (жарнама, сахна безендіру, қазылар алқасына, дипломдар мен ескерткіш сыйлықтар, т. б.) шығындарға жұмсалады.
 
 
Байқау шарттары:
Қатысу үшін төмендегідей құжаттарды толтыру қажет:
  • Өтінім ұсынылған анкета бойынша 14 мамырға дейін қабылданады;
  • Осы уақыт аралығында қатысу жарнасы төленуі тиіс.  Өтінішпен бірге жарна төленген түбіртек көшірмесі болуы міндетті. Ал түпнұсқасы байқау болатын күні тапсырылуы керек;
  • Республикалық ІІ-кезең мен  Халықаралық ІІІ кезеңге іріктеу кезеңінен өткен жүлдегерлер ғана қатыса алады. Әр кезеңде қатысушы жаңа өтінім жіберуі тиіс. Қатысу жарнасын өтетін күнге 20 күн қалғанға дейін төлеуі тиіс. ІІ және ІІІ кезеңде сайыскер репертуарын 20 күн қалғанға дейін өзгертуге құқылы. Республикалық ІІ – кезеңге және Халықаралық ІІІ – кезеңге өткен жүлдегерлер қандай да бір себептермен қатыса алмайтын жағдайда немесе конкурсқа 20 күн қалғанға дейін өтінімі жіберілмесе, орнына келесі жеңімпаз шақыртылады.
  • Егер келесі кезеңге өткенге дейін жас ерекшелігі өзгерсе өтінімге жаңарту енгізуі тиіс.
–      Тапсырыс анкетасы электронды пошта арқылы Word форматта қабылданады. Сүйемелдеуші болған жағдайда, анкетаға енгізілу сұралады;
–      Кәмелетке толмаған қатысушыларға  балалардың қауіпсіздігі үшін жауапты адам болуы міндетті.
 
 
ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:
 
2019  жылдың наурыз-желтоқсан аралығында өтеді.
Өткізу орны: облыс орталықтары, Алматы және Астана қалалары;
 
І-кезең – облыстық іріктеу кезеңі, облыс орталықтарында, наурыз-маусым айлары аралығында өтеді:
 
16-17 наурыз – Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы;
24-25 наурыз – Алматы облысы, Талдықорған қаласы;
30-31 наурыз – Жамбыл облысы, Тараз қаласы;
06-07 сәуір –    Түркістан облысы, Түркістан қаласы;
13-14 сәуір –    Атырау облысы, Атырау қаласы;
20-21 сәуір –    Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы;
24-25 сәуір –    Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы;
27-28 сәуір –    Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы;
4-5 мамыр –     Ақмола облысы, Көкшетау қаласы;
11,12 мамыр – Павлодар облысы, Павлодар қаласы;
18 мамыр – Қостанай облысы, Қостанай қаласы;
22 мамыр –     Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы;
26, 27 мамыр – Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы;
1, 2 маусым –   Астана қаласы;
4-5 маусым –    Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы;
15-16 маусым –Алматы қаласы.
ІІ-кезең - Республикалық сайыс, Алматы қаласы, маусым айының соңғы аптасы;
 
ІІІ кезең - «AMANAT music» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің қорытынды кезеңі. Астана қаласы, қараша айы.
 
Алматы қаласы (маусым) және Астана қаласында (қараша) өтетін
ІІ және ІІІ кезеңдердің уақыты мен орны қосымша хабарланады.
 
Әр облыс орталықтары мен Алматы, Астана қалаларында өтетін конкурс-фестивальдер туралы ақпараттар
http://amanat-music.kz/konkurs сайты, Instagram: @amanat_music_fest басқа да интернет желілері арқылы жарияланатын болады.
 
 
КОНКУРС ОРЫНДАУШЫЛАРЫН БАҒАЛАУ:
  • орындау шеберлігінің деңгейі;
  • дарынның ерекшелігі, әсерлілік;
  • сахна мәдениеті;
  • қатысушының жасына репертуарының үйлесімділігі.
 
КОНКУРСТЫ  ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:
Ұйымдастыру комитетіне қатысушы туралы толық мәлімет пен  концерттік бағдарламасы толтырылған өтінім тапсырылады.  
Өтінімдер электрондық түрде арнайы дайындалған бланкте келесі эл.пошта бойынша қабылданады:
         
amanat.music@mail.ru
          Арнайы бланк пен ережені
www.amanat-music.kz/konkurs сайтынан көшіріп ала аласыздар.
Instagram: @amanat_music_fest
          Анықтама телефондары: +7 (701) 125 9020;  +7 (707) 695 5068; 
 
 
 
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ:
І-кезең, облыстық сайыс
1-күн: 09.00 – тіркеу
 10.00 – Конкурстың ашылуы.
2-күн: 10.00 – Конкурстың жалғасы.
Қатысушыларды марапаттау рәсімі фестивальдің салтанатты жабылуында өткізіледі.
19.00 - Жеңімпаздардың қатысуымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәуле Жанпейісованың концерті.
 
Жеңімпаздар Бас жүлде, 1, 2, 3 орын (әр номинация бойынша) лауреаттық дипломдарымен және кубок, медальдармен марапатталады. Бас жүлдегерлер келесі кезеңге жолдама алады.
Конкурс-фестивальдің облыстық 1-кезең жеңімпаздарының жетекшілері мен ұстаздары алғыс хаттармен марапатталады.
Конкурс Ережесіне сай қазылар алқасы жүлделерді өзгертуге құқылы.
 
 ІІ-кезең, Республикалық сайыс.
1-күн: 10.00 – тіркеу; Жетекшілермен кездесу.
           14.00 – шеберлік сабақтары.
2-күн: 10.00 – Конкурстың ашылуы.
3-күн: 10.00 – Конкурстың жалғасы.
Қатысушыларды марапаттау рәсімі фестивальдің салтанатты жабылуында өткізіледі.
18.00 – Республикалық сайыс жеңімпаздарының Гала-концерті.
 
Жеңімпаздар Бас жүлде, 1, 2, 3 орын (әр номинация бойынша) лауреаттық дипломдары мен кубок, медальдармен және 1, 2, 3 дәрежелі дипломант атағымен марапатталып, келесі кезеңге жолдама алады.
Конкурс-фестивальдің Республикалық ІІ-кезеңінен өткен жеңімпаздардың жетекшілері мен ұстаздары алғыс хаттармен марапатталады.
Конкурс Ережесіне сай қазылар алқасы жүлделерді өзгертуге құқылы.
 
ІІІ кезең. Халықаралық конкурс-фестиваль.
 
1-күн: 10.00 – тіркеу; Жетекшілермен кездесу.
            14.00 – қаланың көрікті жерлеріне саяхат.
2-күн: 10.00 – Конкурстың ашылуы.
3-күн: 10.00 – Конкурстың жалғасы.
Қатысушыларды марапаттау рәсімі фестивальдің салтанатты жабылуында өткізіледі.
19.00 – Қазылар алқасы мен конкурс-фестиваль жеңімпаздарының Гала-концерті. 
 
Жеңімпаздар Бас жүлде және 1, 2, 3 орын (әр номинация бойынша) лауреаттық диплом, кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен бірге, 1, 2, 3 дәрежелі дипломант, «Көрермен көзайымы», «Арнайы жүлде» номинациялары тағайындалады.
Бас жүлдегерлерге 20 000 теңгеден, ал ерекше көзге түскен дарынды Бас жүлде иегеріне 100 000 теңге сыйақы беріледі.
 
Біздің реквизиттер:
АО "Еуразиялық банк"
БСН/БИН: 010341002023;
№ KZ4994805KZT22042215. 
КБе 19
БСК/БИК: EURIKZKA
КНП 869
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
13.06.2025
Б. Майлин дом культуры
Еңбек үшін алғыс!
10.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
✨АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕҢІС!✨
07.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
🎉 7 маусым күні сағат 18:00-де КЖБИ жағалауындағы сахнада жарқын ретро-дискотека "Disko Party" концерттік бағдарламасы өтті! 💃🕺
06.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
🌟 "Алтын дән" балалар шығармашылығы фестивалі 🌟
06.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін сағат 14:00-де Қала орталығында «Күмбірле, күй – домбыра» атты концерттік бағдарлама аясында балалар домбырашылар ансамбльдерінің қатысуымен Домбыра күнінің жарқын да салтанатты ашылуы өтті
05.06.2025
Б. Майлин дом культуры
Домбыра бабадан қалған мұра
05.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін 5 маусым күні сағат 11:00-де "Мирас" қалалық мәдениет сарайында мекеме қызметкерлері үшін заңгер Мырзабаев Нұралы Рамазанұлымен кездесу өтті. Жиынның тақырыбы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болды.
05.06.2025
Әулиекөл дом культуры
Ұлттық домбыра күніне орай, Әулиекөл ауданында домбырашылардан құралған «Домбыра күні – ұлттың үні» атты мерекелік бағдарлама өтті.
04.06.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 4 маусым күні сағат 18:00-де желілік орталықта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған "Біздің рәміздер-біздің мақтанышымыз!" атты концерттік бағдарлама өтті
04.06.2025
Әулиекөл дом культуры
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Әулиекөл ауданында салтанатты ту көтеру рәсімі өтті.
04.06.2025
Б. Майлин дом культуры
Елімнің рәміздері.
01.06.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 1 маусым күні Денисовка ауылында Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Балалар әлемі» мерекелік бағдарламасы және шағын орталықтар мен балабақшалар тәрбиеленушілері арасында аудандық таланттар байқауы өтті
31.05.2025
Б. Майлин дом культуры
Еске алу күні.
31.05.2025
Әулиекөл дом культуры
31 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңында тағзым ету шарасы өтті.
30.05.2025
Қостанай қ. дом культуры
РЕТРО ДИСКОТЕКА
29.05.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 29 мамыр күні сағат 11.00-де Денисов тарихи-өлкетану музейі ссаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «жарқын жылдар жаңғырығы» танымдық бағдарламасы өтті
27.05.2025
Денисов дом культуры
2025 жылғы 27 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстандағы Отбасы күніне орай "Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына" атты өңірлік семей фестивалі өтті
27.05.2025
Құрылым, бөлімдер дом культуры
Должностная инструкция № 01-0-1
27.05.2025
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті қостанайлықтар! Сіздерді 4 маусым күні сағат 18:00-де City орталығында өтетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік концертке шақырамыз. Біз сіздерді күтеміз!
26.05.2025
Қостанай ауданы дом культуры
«Балдырған» вокалдық тобы
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Еңбек үшін алғыс!
Автор: Б. Майлин дом культуры
✨АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕҢІС!✨
Автор: Қостанай қ. дом культуры
Домбыра бабадан қалған мұра
Автор: Б. Майлин дом культуры
Елімнің рәміздері.
Автор: Б. Майлин дом культуры
Еске алу күні.
Автор: Б. Майлин дом культуры
РЕТРО ДИСКОТЕКА
Автор: Қостанай қ. дом культуры
Должностная инструкция № 01-0-1
Автор: Құрылым, бөлімдер дом культуры
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру