Ақмола облысының 85 жылдығына орай «Көркіңнен айналайын Көкшетауым!» аймақтық өнер фестивалі өткен болатын. Фестивалге Қостанайдан Мұхан Ноғаев қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.
Аймақтық өнер фестиваліне Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан дарынды өнерпаздар қатысты. Қатысушылар дәстүрлі ән, эстрадалық вокал, ұлттық музыкалық аспапта орындаушылар, хореография бағыттары бойынша өнер көрсетті.
Көкше жерінің ұлы тұлғаларының туындыларын дәріптеп, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар арасында тәжірибе алмасып, мәдени байланысты нығайта түскен барша қатысушылар дипломмен мараппаталып, кәдесыйлар тарту етілді.