#REPOST @qumaraqsaqalov Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында қазақстандық X-Factor телевизиялық жобасының жеңімпазы Ұлпан Жұмабек және оның анасы Эльвира Алматованы қабылдадым
Кездесу барысында Ұлан Жұмабектің таланты, еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында жеткен лайықты жеңісімен құттықтадым. Ұлпанның анасы – Эльвира Сәдерханқызына жастарға үлгі боларлық талантты ұрпақ өсіргені үшін алғысымды білдірдім.
X-Factor-біздің еліміздегі ең жоғары бағаланған телевизиялық жобалардың бірі. Жобаның жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстанды халықаралық аренада өз өнерлерімен танытып жүр.
Біздің аймақ таланттарға бай. Біздің міндетіміз – Ұлпан Жұмабек сияқты дарынды тұлғаларды қолдап, одан әрі дамуына жағдай жасау.