#REPOST @madeniet_basqarmasy Кеше Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов «X Factor» Қазақстан Республикалық телевизиялық жобасының Гран при иегері Ұлпан Жұмабекті қабылдады. Қабылдау барысында талантты жасты тәрбиелеп өсірген Эльвира Сәдирханқызына алғысын білдіріп, гүл шоқтарын табыстады. Ұлпан Қанатбекқызына қанаты талмай, көздеген шыңдарды бағындыра беруіне тілектеспіз.