Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 25-26 сәуір күндері сатирик, жазушы Шона Смаханұлының 100 жылдығына және Жамбыл облысының 85 жылдығына орай халық театрларының «Жүз шымшыма...» атты республикалық әзіл-сықақ байқау-фестивалі өтті…
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы «МІРДІҢ ОҒЫ» әзіл-сықақ театры «ЕҢ ҮЗДІК ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ БЕЙНЕ» арнайы номинациясымен және де 200 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды…