Ақтөбеде Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған республикалық ән байқауы өтті. Оған Федоров ауданынан әнші Тоқтар Қуандықов қатысып, біздің өңірдің намысын қорғады.
Ән байқауына еліміздің әр өңірінен барлығы 15 өнерпаз қатысқан. Тоқтар Қуандықов аталмыш байқауға алғаш рет барып, Тобыл—Торғай өңірінің лебізін жеткізді. Ол байқауға қатысып, өнер көркеткені үшін дипломмен марапатталып, сый құрметке ие болды.
Жеңісті күндер әлі де алда.
Бастысы қазақтан шыққан тұңғыш бард ақынның шығармашылығымен етене танысып, елдің ыстық ықыласын сезінді. Алған әсері де мол.
#ГидПоКазахстану