Биылғы жылы қала күні ерекше аталып өтуде. Қандай мереке болмасын ән мен жырсыз, бисіз өтпейтіні белгілі. Осы күнге орай «Dala Fest» шығармашылық марафоны аясында өнерпаздарымыз қалалықтарға тамаша концерт беріп, бір емес бірнеше жерде халықты думанға бөлеуде.
Бұл жолы шығармашылық марафон қаланың үш жерінде үш өңірдің Рудный қаласы, Федоров және Қостанай аудандарының өнерпаздары өнер көрсетуді бастап та кетті. Сити орталықта, жағажайдағы концерт алаңында және Жастар сарайының алаңы да думанға бөленді. Қостанай, Федоров аудандарының және Рудный қаласының әзірлеген концерттеріне көрермендер жиналып, көңіл көтеруде. Концерт түнгі сағат 21:30-ге дейін жалғасатын болады.