Ертең Жітіқара ауданында ұлттық өнерімізді ұлықтаған Ақсұлу Орысбайқызының 150 жылдығына арналған «Айтыстың Ақсұлуы...» атты облыстық ақындар айтысы өтеді
Аталмыш жыр додасына қатысатын ақындардың бір тобы келіп жетті. Олардың қатарында Батырлан Сағынтаев, Ернұр Әуезхан, Айбар Рағатов, Әсет Ақылжанов бар. Сонымен қатар көрші Ресей елі, Магнитогорск қаласынан Ақсұлу Орысбайқызының тікелей туыстары да арнайы келді. Кеш қонақтарын ұйымдастырушылар қарсы алып, ауданның көрікті жерлерін аралатып, қонақжайлық танытуда.
Айтысты ұйымдастырушы Жітіқара ауданы әкімшілігі мен Қостанай облыстық мәдениет басқармасы.
Жыр додасына келіңздер, кеш қонағы болыңыздар.
21 маусым сағат 11:00-де Жітіқара аудандық мәдениет сарайында өтеді.