Бүгін "Мирас" мәдениет үйінде ХХХVI «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалінің соңғы қаралымы өтті.
Бұл жолы есептік концерт берген Қостанай қаласының шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары. Концертке дарынды, өнерлерімен танылып жүрген жандар қатысып, кештің сәнін келтірді.
Осымен облыс көлеміндегі барлық аудан, қалалар түгелімен есептік концерт беріп, қатысқан байқау-фестиваль өз мәресіне жетті. Енді үздіктер облыс орталығында өтетін гала-концертте өнер көрсетеді.