Бүгін қаламызда әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің әндерін орындаушылардың «Көктем-қыздар» республикалық байқауының бірінші кезеңі өтеді

Байқаудың қазылар алқасы мүшелері ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ермұрат Үсенов пен ҚР Композиторлар одағының төрағасы Серікжан Әбдінұров, еліміздің әр түкпірінен келген қатысушылар қаладағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, ішкі ауладағы «Ату жазасы орындалған қабырға» тарихи ескерткішіне барып, боздақтардың рухына құран бағыштады.
Музей директорының орынбасары Эльмира Алшимова қонақтарды қарсы алып, музейдің экспозициялық залдарын аралатып, жәдігерлерімен таныстырды.
Қонақтар құнды ақпараттар алып, ризашылықтарын білдірді.

