– Қазақ елі құшағын жая қарсы алды. Қырғыз-қазақ бір туған екенін сезініп жатырмыз. Бәрі тамаша. Байқау жайында туыстарымыздан естіп білдік. Ақылдаса келе қатысып, келеміз, бағымызды сынаймыз деп шештік. Қостанай таза, әдемі қала екен. Бәрі ұнады. Үмітін үкілеп келген жастар аз емес. Танысып, достасып жатырмыз. Қырғыз елінен қазақ еліне шашуымызды әнмен ала келдік.