Байқауға үміттерін үкілеп Қазақстаннан өзге Болгария, Армения, Белорусь, Қырғызстан, Украина және Өзбекстан елдерінен үміткерлер қатысу мақсатында Қостанай жеріне келді.
Оларды облыстық халық шығармашылығы орталығы қазақы көңілмен, шашу шашып, ерекше қонақжайлықпен қарсы алып, тиісті жерге орналастырды. «Алтын микрофонның» алтын өрендері көтеріңкі көңілмен өнер бәйгесіне әзірленуде.
19 сәуірде конкурсқа қатысушылардың өнер көрсетулерінің бірінші туры, 20 сәуірде екінші туры өтеді. Ал 24 сәуірде сағат 15 00-де «Жастар сарайында» жеңімпаздарды марапаттау рәсімі және Гала-концерт өтеді.
Жас таланттарға сәттілік тілейміз!








