Біздің МіндетімізОрталық туралыХалықтық (Үлгілі) ұжымдарыҚостанай облысының МҰ сайттарыСұхбатФото мен бейне галереясы«Шабыт қанатында» журналыҚостанай обл.метсенаттар клубының лауреаттарыБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
BAQ.KZ: Арқалықта айтыс өтті дүркіреп
15.10.2022
1390
0
Арқалық қаласында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты аймақтық ақындар айтысы өтті деп хабарлайды Қостанайоблысындағы BAQ.KZ тілшісі.

 
Арқалықта өткен асқақ рухты сөз барымтасына еліміздің түкпір-түкпірінен облыстық, республикалық ақындар айтысына өз бақтары мен баптарын сынап жүрген талантты 18 ақын қатысты. Алыптардың мекені Арқалық қаласында өткен айтыстың алғы сөзі қала әкімі Әмірхан Асановтың құттықтау сөзімен басталды. 
 
Осы орайда, ат төбеліндей Арқалықта аламан ақындар айтысының өтуіне мұрындық болған шаһар басшысы Әмірхан Біркенұлы екенін айта кеткен жөн.
 
Айтыс халықтың төл өнері. Осынау ұлы өнерде ұрпаққа берілетін сарқылмас тәрбие мен тәлім жатыр. Оның үстіне киелі Арқалық өңірінде осындай өнерді дәріптемесек бізге сын. Биылғы ақындар айтысының тақырыбы да ауқымды. Ол ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналып отыр. Аламанға қатысқалы отырған ақындарға сәттілік тілеймін,- деді өз құттықтауында Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов.
 
Арақылыққа жиналған жыр саңлақтарының өнеріне Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, облыстық меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері, Айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қостанай облысы меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Боранбай Әбенов, белді ақын, облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жүнісұлы, айтыскер ақын Бағила Балмашева, қазақ тілі қоғамының мүшесі кәсіби журналист Дархан Ермағанбетов секілді ел ағалары қазылық жасап өнерін бағалады. 
 
Көмейлерінен көмкерілген көркем жырды домбыраның шанағына сыйғызып жүрген 18 ақын 9 жұпқа бөлініп, Арқалықты жырға бөледі. Алман айтысты тамашалауға келген көрермендердің де қатары қалың болды.
 
Әділ қазылар алқасына да әр жұп сайын баға беру оңайға түскен жоқ. Дегенмен ақындар өзгелердің сезбегін сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпегенін халықтың атынан жеткізеді. Бес сағаттан астам уақытқа созылған аламан айтыстың қорытындысы бойынша Бас жүлде 300 мың теңгелік ақшалай сыйлық Арқалық қаласынан шыққан Батырлан Сағынтаевқа бұйырды. Ал бірінші орынды Астана қаласынан келген Ақбота Манарбекова 200 мың теңгеге ие болды. Екінші орын 150 мың теңгені Астана қаласынан Тоба Өтепбаев пен Арқалық қаласының намысын қорғаған Айбар Рағатов еншіледі. Үшінші орын 100 мың теңгемен Амангелді ауданының дарынды ақыны Еламан Тұрсын пен Астана қаласынан сынға түскен Мұхтар Қонарбаев марапатталды. 
 
 
Сонымен қатар, осы айтыстың ең кішкентай ақыны Арқалық қаласының атынан шыққан Рағат Нурисламға «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлде» 50 мың теңге сыйақы бұйырды. Қалған барлық ақындарға 35 мың теңге сыйықы тапсырылды.
 
 
Ақындарымызға туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар деген тілекпен белгілі оюшы, қолөнер шебері, өлкетанушы Шөптібай Байдилдиннің «Тарихымызды түгендейік» атты кітабы барлық ақындарға табыс етілді.
Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт Арқалықта осындай ақындар айтысын өткізу дәстүрге айналған. Ал бұл жолғы айтыстың мәні мен маңызы тіптен зор. Айтыстың өркендеуіне қала әкімі Әмірхан Біркенұлының сіңіріп жатқан еңбегі ерен, - дейді Арқалық қалалық мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Миргүл Мұсабекова.
 
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
23.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @amanat_kostanay_oblysy Отбасы – ұлттық рухтың ошағы, тәрбиенің негізі, болашақтың іргетасы. Осындай құндылықтарды арқау еткен алғашқы отбасылық этно-марафон Қостанайда өтті
16.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
2025 жылғы 16 шілдеде KPI бағдарламасын іске асыру шеңберінде және бекітілген жоспарға сәйкес Таранов ауданы, Новоильиновка ауылында концерт өтті
15.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @qumaraqsaqalov Міржақып Дулатовтың 140 жылдығы — елдік деңгейдегі оқиға
11.07.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 11 шілде күні Жалтыркөл ауылында Денисов аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарлама өткізді
11.07.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 11 шілде күні Архангельск ауылында Денисов аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарлама өткізді
10.07.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 10 шілде күні Денисов ауданының аудандық мәдениет үйі шығармашылық ұжымы Алшан ауылдық мәдениет үйінің парақшасымен бірлесіп, Қостанай облысы әкімінің бекіткен KPI бағдарламасы аясында Қарабатыр ауылында, Қамысты ауданы «Туған елім – туған жерім» атты концерттік бағдарлама ұсынды.
10.07.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 10 шілде күні Денисов ауданының аудандық мәдениет үйі шығармашылық ұжымы Алшан ауылдық мәдениет үйінің парақшасымен бірлесіп, Қостанай облысы әкімінің бекіткен KPI бағдарламасы аясында Арқа ауылында, Қамысты ауданы «Туған елім – туған жерім» атты концерттік бағдарлама ұсынды.
10.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Сәуле Ирканқызы!  «Мирас» мәдениет сарайының ұжымы Сізді туған күніңізбен құттықтайды! 
10.07.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 10 шілде күні Алшан ауылдық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Денисов ауданының аудандық мәдениет үйімен бірлесіп, Қостанай облысы әкімінің бекіткен KPI бағдарламасы аясында Жітіқара ауданы, Забеловка ауылында «Туған елім – туған жерім» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
06.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @qostanai_tany Қостанай қаласында Ұлттық домбыра күніне арналып мерекелік концерт қойылды.🎶
06.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
Сағат 19: 00-де Қала орталығында Елорда күніне арналған "Астана - Қазақстанның інжу-маржаны" атты салтанатты концерт өтті
06.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін сағат 18: 00-де қала орталық сахнасында домбыра күніне арналған "Домбыра-ұлттың рухы"атты концерттік бағдарлама өтті
06.07.2025
Б. Майлин дом культуры
Астана күні мен Ұлттық домбыра күні
06.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанайлықтар! Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Әр шаңырақта оның қоңыр үні шалынып, бабалар аманатын еске салып, ұлт рухын асқақтата берсін!
05.07.2025
Б. Майлин дом культуры
Аудандық спартакиада
05.07.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 5 шілде күні Денисовка ауылының орталық алаңында екі маңызды себеп — Астана күні мен Ұлттық домбыра күнін біріктірген салтанатты іс-шара өтті. 🎶 Әли бұл күні мереке ғана емес, рухани бірліктің, мәдени сабақтастық пен туған жерге деген сүйіспеншіліктің символына айналған "Менің Астанам" концерті шырқалды. ✨Домбыраның үнімен, даланың жүрегінде өткен бейнелер мен болашақ туралы армандар өмірге келді — бұл музыка мен тарих әрқайсымызда өмір сүретінін еске салады.
05.07.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @din_qostanai_gov - 🔥 Адамның тағдырын қалай өзгертуге болады?
04.07.2025
Әулиекөл дом культуры
Астана күні мен Домбыра күніне арналған «Ұлы дала сазы» атты концерттік бағдарлама өтті
04.07.2025
Б. Майлин дом культуры
Астананың туған күніне орай.
03.07.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 3 шілде күні аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Перелески ауылында Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына, Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған және «Жерді құрметте, ол егін береді» атты концерттік бағдарлама өткізді
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Астана күні мен Ұлттық домбыра күні
Автор: Б. Майлин дом культуры
Аудандық спартакиада
Автор: Б. Майлин дом культуры
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру