Қырғызстан елінде өтіп жатқан ІІІ халықаралық «KGтай - таланттар бастауы» фестиваль-байқауына біздің өңірден жас талант Нұржайна Таубалдының аттанғанын жазған болатынбыз.
Бүгінде фестивальдің ашылу салатанаты мен алғашқы туры өтті. Онда Нұржайна Әбілахат Еспаевтің «Отаным – бақыт ордасы» әнін сәтті орындап шықты. Жалпы біздің әнші қызымызға қазылар алқасы оң баға беріп, оның өнеріне тәнті болуда. Сахнаның сәнін келтіріп, көрерменнің жүрегіне жол тауып, кешті жандандырып жіберген Нұржайнаның болашағынан көпшілік үмітті. Байқаудың жүлдегері болуына тілектеспіз.