15 мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы – берекенің қайнар бұлағы» атты облыстық отбасылық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Бүгінгі бәйгеде үздік жұп Тоба Өтепбаев пен Жібек Шахмарданқызы атанды.
Айтыскер жұбайлар Диплом мен екі жүз мың теңге ақшалай сылықпен марапатталады.
Өзге де қатысушылар мараппатталып, ақшалай сыйақыға ие болды.
Қазылар алқасының төрағасы айтыскер ақын Айбек Қалиев берері мол шараға жоғары бағасын беріп, кең көлемде насихатталуы керек екенін баса айтты.
Отбасылық құндылықты дәріптеген, ұмыт бола бастаған қазақы қалжыңнан құралған, бауырлар арасындағы сыйластықты, жұбайлар жарасымдығын ту ете білген тамаша шара болды.