ДК нұсқасы
Установить приложение
Облысымызда тұңғыш рет «Отбасы – берекенің қайнар бұлағы» атты отбасылық ақындар айтысы Алтынсарин ауданында бастау алды.
Бейімбет Майлин ауданынан Мамай Ізтілеу, бірнеше облыстық, республикалық айтыстардың жеңімпазы. Айтыс сахнасында 20 жылдан астам өнер көрсетіп келе жатқан ақынымыздың бұл күнде жеткен жетістіктері орасан. Ол туған інісі Амангелді ауданынан келген Балтазар Ізтілеуовпен шығады. Облысымызға танымал Балтазар ақынның бұл күнде жетістіктері өте көп. Республикалық «Жастар жырлайды» телевизиялық жобасының қатысушысы. Облыстық айтыстардың бірнеше дүркін жүлдегері.
Елорда Нұр-Сұлтан қаласынан келген ақындар да бар. Барлықтарыңызға жақсы таныс, Торғайдың Топжарған дүлдүлі —Тоба Өтепбаев. Өңірімізге кеңінен танымал айтыскер ақын. Бірнеше облыстық республикалық айтыстардың жеңімпазы. Тоба аяулы жары — Жібек Шаһмарданқызымен жұп. Жібек те осал емес. Бірнеше республикалық айтыстардың жүлдегері. Айтыс сахнасында оқушы кезінен шыққан. Қостанай елінде тұңғыш рет өнер көрсетпек. Қадамы сәтті болсын дейміз.
Облысымызда тұңғыш рет өткізіліп отырған ерекше айтысты Бейімбет Майлин ауданынан келген сақа ақын. Мамай Ізтілеу бастады. Ақындарға сәттілік тілейміз.