Шеберлік сағаты жоғары денгейде өтті. Ерболат Шалдыбеков ағамыз жақсы түсіндіріп көрсетіп берді. Нағыз дәстүрлі әннің маманы, аз ғана уақытта біршама дүние түсіндіріп берді. Н.Наушабайұлы атамыздың 2019 жылдан бері республикалық деңгейде жыл сайын байқау өз орнын тауып әр өңірден келген өнерпаздардың атамыздың әнін зерттеп, киелі Тобыл-Торғайдың өңіріне келіп өз өнерлерін көрсету ұйымдастырушылар үшінде, біздер үшін бір мәртебе деп білемін!
Дәстүрлі ән, жыр, терменің нағыз майталмандары кешегі күні өнерлерімен Қостанай халқын сусындатты. Алмас Алматов ағайымызға да үлкен алғысымыз шексіз, жыл сайын Н.Наушабайұлының байқауына арнай өз үлесін қосып ат салысып тұрады. Осындай үлкен жұмысты үйымдастырған Обылыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығына шығармашылық табвс тілеймін!
#ГидПоКазахстану