Қостанайда дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан Нұржан Наушабайұлына арналған жыршылар фестиваліне биыл әкем Өтепбаев Монтай Мырзаұлыда қатысты.
Әкем көптен бері облыстағы жыршылардың ортасына кірмей жүр еді. Осы жылы арнайы шақыртылып, елмен қауыштырып жыршылық дәстүрді дәріптеп жатқан ұйымдастырушылар халық шығармашылығы орталығына алғысым зор.
Тобыл-Торғай өңірінде санаулы ғана жыршы бар десем артық айтқандығым емес. Қазіргі жаһандану заманында дәстүр-салт, ұлттық өнерімізге берік болсақ рухымыз өшпейді деп ойлаймын. Қазақтың барлық фольклоры, рухы жырда тұнып тұр. Оны тыңдап бойына сіңіріп өскен жас ұрпақтың рухани иммунитеті мықты болады. Облыс мәдениетінің жыршыларды қолдауы игілікті іс. Жалғасын таба берсін!
Фестиваль қатысушысы Монтай Өтепбаевтың ұлы Тоба Өтепбаев
@toba_utepbai
#ГидПоКазахстану
