Жыр жанашыры болып жүрген жастар жетерлік, солардың бірегейі Қызылорда тумасы, белгілі жырау Алмасбек Алматовтың шәкірті, қазыргі күні Анкара елінде өнері мен білімін дамытып жүрген жас жыршы, өнерпаз - Малика Алдамжарова деп білеміз. Біздің өңіріміздегі дәстүрлі түрде өтіп жүрген байқаудың жүлдегері атанып үлгірген Малика биылғы жылы фестивалімізге өз идеясын қосып, қолдау білдірді. Шетелден білім алып жүрсе де Тобыл - Торғай өңіріне келіп болашақта ұлттық өнерімізді насихаттап қызмет жасауды жоспарлап отыр. Малика өнерпазымызға сәттілік тілейміз. Фестиваліміздің құрметті қонағы болып қолдау білдіргеніне алыс айтамыз.