«Қазына» ардагерлер ансамблі 2005 жылы «Арқалық қалалық Мәдениет сарайы» МКҚК жанынан құрылды. Ансамблі құрамында 35 тұрақты мүшесі бар. Ансамблді 45 жыл еңбек өтілімі бар озат ұстаз - Әмина Сарманқызы басқарады.
Хор ұжымы жыл сайын өтетін аудан, қалалардың облыстық байқауында жақсы бағаға ие болып, нәтижесінде 2016 жылы «Қазына» ардагерлер хорына «Халықтық» атақты иеленді.