Биыл да өңірімізде Қазақстан Республикасы халықтарының халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына арналған XXXV - "Өнеріміз саған, Қазақстан!" атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау – фестивалі бастау алған болатын.
Аймақтағы барлық аудан, қала өнерпаздары өнерлерін ортаға салып, думандатты. Қазылар алқасы әр өңірдің дайындығын тамашалап, бағалады. Бүгін байқау-фестиваль Меңдіқара ауданында мәресіне жетті.
Осы өнер фествалінің жоғары деңгейде өтуіне себепші болған барша жандарға, ұйымдастырушысы облыстық мәдениет басқармасына алығысымыз шексіз.
Мәдениет пен өнер саласын дамытуға зор үлес қосқан сахна саңлақтары мен сала қызметкерлеріне, оларға қолдау білдірген аудан, қала әкімдеріне, өнерпаздардың өнерін саралаған қазылар алқасы мен мәдениет саласының қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіргіміз келеді.